Мұғалім туралы мәлімет: Мұғалімнің толық аты-жөні



Дата21.04.2017
өлшемі96,74 Kb.
#14422

Мұғалім туралы мәлімет:

Мұғалімнің толық аты-жөні

Алимбаева Алмаш Иренгалиевна

Мекен-жайы

Ш.Қ.О. Ұлан ауданы Бозанбай ауылы Қ.Қайсенов 26 үй

Сымтетігі

(елді-мекенінің кодын көрсету керек )

Ұялы: +7 778 7925283

Үй: 8723 3821013

Жұмыс: 87233821712


Мұғалімнің сайтқа орналастырылған жұмысы туралы мәлімет:

Пәні

(мұғалімнің материалы сайттың қай бөлімінде жарияланғандығы)

1.Ана тілі

2.Сыныптан тыс



Тақырыбы

(Сабақтың, тәрбие сағатының және т.б. тақырыбы)

1. «Арыстан мен тышқан» (4-сынып)

2.Жан анам

3.Қазақстан – менің Отаным


Мұғалімнің жұмыс істейтін мектебі туралы мәлімет:

Облысы

Шығыс Қазақстан Облысы

Қала, аудан

Ұлан ауданы

Мектептің аты

«Бозанбай орта мектебі» КММ

Мұғалімнің қызметі

Бастауыш сынып мұғалімі санаты: ІІ

Ш.Қ.О. Ұлан ауданы Бозанбай ауылы

«Бозанбай орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Алимбаева А.И.

4-сынып Ана тілі

Тақырыбы: С.Торайғыров «Арыстан мен Тышқан»

Масаты: 1.Мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып,негізгі ойды,идеяны ұғындыру.

2. Танымдық тапсырмалар арқылы өз ойларын тұжырымдап,жеке топта айта білуге,еркін ойлауға дағдыландыру.Тілдеріндамыту.Оқу шапшандығын арттыру.

3.Адамгершілікке,азаматтыққа тәрбиелеу.

Түрі: Дамытушылық

Типі: Жаңа білімді меңгерту

Стратегиялар: Ой қозғау,жуан,жіңішке сұрақтар,ассоцияция,Т кестесі

Көрнекілігі: С.Торайғыров портреті,мақал-мәтелдер,слайд,интерактивті тақта

Сабақтың барысы



І.Қызығушылығын ояту:

І.І.Психологиялық дайындық:

Біздер бүгін баламыз, Өсіп алға барамыз.

2030 жылдары, Бізде азамат боламыз.



І.ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау:

О.Әубәкіров Ара мен Шыбын



ІІ.Мағынаны ашу :

ІІ.І.Жаңа сабақ : С.Торайғыров «Арыстан мен Тышқан»

1.Мәтінді мәнерлеп тұтас оқу

2.Мәтінді рөлге бөліп оқу

ІІ.ІІ.Оқығанды талқылау:

1.Мысалдағы оқиғалар нелер арасында болған?

2.Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?

3.Тышқан қалайша өлімнен құтылды?

4.Ол өз уәдесін қалай орындады?

ІІІ.Ойтолғаныс:

3.1.Полиглот

Арыстан-Лев-Lion

Тышқан-Мышь-Mouse

3.2.Ассоцияция құру:

І.қатардағы топтар: Арыстан

ІІ.қатардағы топтар: Тышқан

ІІІ.қатардағы топтар: Жұмбақ немесе өтірік өлең құрастыру

3.2.Мысалдың мазмұнына қарай қай мақал-мәтел сәйкес келеді?

Басыңа күн түссе,

Жақсы көмекке келеді,

Жаман күліп кетеді.

Жаман дос көлеңке,

Басыңды бұлт шалса,

Қашып құтыла ламайсың.

3.3.Қорытындылау:

-Міне,балалар біз басымызға іс түссе,көмек ете білуіміз керек.

3.4.Үйге тапсырма: С.Торайғыров «Арыстан мен Тышқан» Мысалды бөліктерге бөліп оқу.Мысалды өз ойыңша әрі қарай жалғастыр.Мысал мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтел іздестіру



3.5.Бағалау

Ш.Қ.О. Ұлан ауданы Бозанбай ауылы

«Бозанбай орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Алимбаева А.И.

(тәрбие сағаты)

Жан анам

Мақсаты: Тәрбие сағатының тақырыбын ашу,талдау жұмыстарын

жүргізу,мазмұнын мегерту.

Оқушылардың с.т.о. дамыту,шығармашылықпен жұмым істеуге

өз ойларын еркін айтып, дәлелді сөйлей білуге үйрету.

Ананы жақсы көріп сыйлауға,құрметпен қарауңа тәрбиелеу,

топтарлың аты



Әдіс-тәсілдер : Ой қозғау,топтастыру,сұрақтар тізбегі,сөзжұмбақ, мақалдар.

Көрнекілігі : Тақырыпқа байланысты суреттер, сөзжұмбақ, мақалдар,

аналарға сыйлықтар ,қыздарға сыйлықтар.

Сабақтың барысы

Қызығушылығын ояту:

1.1 Психологиялық дайындық

Қайырлы таң болсын,

Күлші,кәне достым.

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн міне!

Күлші,кәне достым!

Сәттілікке толсын!

ІІМағынаны ашу:

2.1 Топтастыру:

Ананың тілі

Жылы сөзі еркелкете сөйлеуі мейірге толы сөзі

Ойшылдар, Тапқырлар

Ананың махаббаты

Баласын ерекше балаға

жақсы көруі нәзік сезімі жүрек жылуы

Алғырлар, Білгірлер

қамқоршы


ұстаз ақылшы

Ана

дос мейірімді жан

пана жарық өмір сыйлаушы

аяулы жан

Ойшылдар, тапқырлар

2.2 Жалғасын тап :

1.Ананың тілі -

----- -------- ( аяулы үні )

2.Ақ жаулығы ананың -

----- ----- ------ ( Ақ көрпесі баланың )

3.Мейірімі мол ананың -

----- -----, ----- ----( Жүрегі жылы, қолы кең )

Кеі пейілді атаның –

---- ----, ---- ---- (жүзі жылы, жолы кең)

4.Ағайын алтау,

---- ---- ( Ана біреу )

5.Ана алдында - ,---- ( құрмет)

Ата алдында - ---- ( қызмет.)

6.Анаға баланың ---- ---- (алалығы жоқ)

7.Ананың алды - ---- ---- (ақ жайлау.)

8.Ақ шашты ана Жастығым балам дейді

Ақылды бала - ----, ---- дейді ( Ай, күнім анам. )

9.Анадан артық ---- ---- ма ( дос бар . )

10.Ана сүтін ----, ( ақтамағанды )

Ешкім ---- (мақтамайды).

11.Ананың -----, (жақсылығын )

Ауырсаң ---- ( білесің. )

12.Анасыз ақын да болмайды,

------- -------- болмайды. ( Батыр да )



ІІІ Ойтолғаныс:

3.1 Жорға:

10.Сөзжұмбақ шешу 12бет ана тілі

20 Авторы кім? Қай өлеңнен алынған үзінді?

«Күнде бестік алсаң сен,

Онда басқа жоқ арман.

Ал оқымай барсаң сен,

Бір тал шашы ағарған.»

30. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез – құлық жағынан Қожа

өзге емес өзіме ұқсайды деп жазған кім?

40. Д.Әбілевтің

«Туғантілім – бабам тілі - өз тілім,

Туғантілім –анам тілі - өз тілім.»

деп келетін өлең шумағы қалай аяқталатынын тап.

50 Ғ.Орманов « Ана» өлеңін жатқа айт

60. Ұйқасын тап:

Асаба !


Жаңсақтық секірме

Арман ---- секіме. жасама

Жұлдыз ---- күндіз. сөйлемейді

Шекер ---- бекер. көрінбейді

70. Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не? Мысал келтір,сөйлем құра.

80. Екінің кубы, үштің квадраты, төрттің кубы

90. 91 7, 51 3

3.2.Таңтамаша: ( Музыкалық үзіліс әр топ өз өнерін көрсетеді

3.3.Бата

3.4.Қорытындылайды:

3.5.Бағалау : Марапаттау:

Сөзжұмбақтың сұрақтары мен жауаптары

1.Дала жұлдызы мәтінінің авторы кім? Сырбай Мәуленов

2. Ыбырайдан сабақ алған жазушы. С.Көбеев

3.Мәтінің аты Дала ----------- жұлдызы

4. Дала жұлдызы атанған кім? Ыбырай

5. Ыбырай оқытқан баланың есімі Есжан

6. Ыбырай мектеп ашқан қаланың аты Торғай

Ш.Қ.О. Ұлан ауданы Бозанбай ауылы

«Бозанбай орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Алимбаева А.И.

(тәрбие сағаты)



Қазақстан –менің Отаным

Мақсаты:Туып өскен жеріміз Қ.Р. құметтеу

Еліміздің рәміздерін қастерлеу

Ынтымақтыққа,достыққа,өз Отанын сүюге,қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар

Сабақтың барысы:

I. Кіріспе сөз

II. Әдеби монтаж

II. «Шашыраңқы әріптер»

ІҮ. «Жалғасын тап»

IV. Қорытындылау

1.Бүгін еліміздің түпкір- түпкірінде үлкен мереке,үлкен той.Барлық мектептерде білім

күні тойланады.Жаңа мектептер мен бала-бақшалар ашылып,қаншама бүлдіршіндер

қуанышқа бөленеді.Қ.Р-сы 1991 ж.16-желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап.дербес мемлекет болды.Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан,бүкіл әлем таныған елге айналды.

Ендеше: «Қазақстан –менің Отаным» атты тәрбие сағатымызды бастайық

Біздің Отанымыз-Қазақстан. Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан – байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000 км , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км созылып жатыр. Осындай кең байтақ өлкеміздің жері көлемі- 2 млн.700 мың шаршы километр.
Отан деген не? Ал, балалар өз ойларымызды айтайық. Мүмкін ән,тақпақ айтатын бала бар ма?

Аслия

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!



Ақерке

Кең байтақ қой Қазақстан картасы

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар түрлі әлем,

Мұның бәрі Елбасының арқасы.

Адилбек Каусар

Отан -сенің ата-анаң,

Отан-досың,бауырың.

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан ауылың.

Биханым

Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің,ер халқың,

Отан-өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке елдаңқын.

Парасат

Отан-осы, достарым,

Көңілге оны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл

Мемлекет болған соң оның тәуелсіздігін паш ететін,әлемге танытатын оныңңң рәміздері:

Қ.Р-ның Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ белгісінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды.Шаңырақ пен уықтар біздің тыныштықта, жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.Қанатты тұлпардың мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған.Бидай сабақтары молшылықтың нышаны. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш-бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі.Төменгі жағындағы Қазақстан дегенжазу республиканыңатын көрсетеді.

Егер туға зер салсақ,ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран–тыныштық пен баянды өмір белгісі,ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенігн аңғартады.

Әнүұран мемлекеттің салтанатты әні.Ол халықты әйгілі етеді.Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Алғашқы рет Қ.Р-ның Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным»әні 10 қаңтарда 2006 жылы,Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.

Тақпақтар:

Ералы

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Арай

Алтын күн көтерген ел құсы,

Халқымнығ батырлық белгісі!

Киелі көк байрақ астында,

Бірлікке шақырар,достыққа.

Көк байрақ құт беріп әр істе,

Ерлерді жеткізген жеңіске,

Желбіреп тұр байтақ аймақта,

Елжіреп қараймыз байра

Малика

Әнұраным-жан ұрным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Туған жерім,сағынарым,

Бақыт бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні,

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам ән ұраны

Әңгімелеу: - Балалар, біздің тәуелсіз мемлекетіміздің жерінде 100- ден аса ұлт өкілдері бірлік, татулықта өмір сүріп жатыр. Қазақстанда қазақ, орыс, татар, ұйғыр,  корей т.б.көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Олар бір – бірімен достықтың арқасында бір шаңырақ астында, тату- тәтті өмір сүруде. 

Тақпақ, ән айтатын бала бар ма?



Саятқызы Каусар

Сары,ақпыз,қарамыз,

Бәрімізде баламыз,

Бір ауылда тұрамыз,

Бір мектепке барамыз.

Азамат

Ақ қара деп бөлмейміз,

Бір жыл туған төлдейміз,

Туысқанбыз бәріміз,

Биіктерге өрлейміз.

Алихан

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан

Мықты болса іргеміз,

Бәрімізде біргеміз,

Сонда құт пен береке.

Келесі кезекті «Шашыраңқы әріптер» кезеңіне берейік Осы әріптерден бүгінгі сабағымызға байланысты сөздерді табайық.

Бейбітшілік, достық, бірлік, ынтымақ, татулық … т.б.

Келесі кезекте «Жалғасын тап» ойыны. Мұнда мақал – мәтелдердің жалғасын табу керек.

1.Қырғыз – қазақ – бір туған

2.Күш – бірлікте

3.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

4.Туған жердің қадірін,

Шетте жүрсең білерсің.

5.Бірлік жоқ жерде, тірлік жоқ.

6.Отан үшін отқа түс – күймейсің.

- Ал, балалар күніміз ашық болсын деп елімізге тыныштық тілеп, ортадағы күннің көзіне тілек шоғымызды қойып, күннің шуағын жинайық.


1-бала: Достық болсын.
2-бала: Бірлік болсын.
3-бала: Аспанымыз ашық болсын.
4-бала: Әрқашан күн сөнбесін.
5-бала: Бейбітшілік болсын.
6-бала: Ынтымақ болсын.
Бірге:: Біз әр түсті баламыз
Қол ұстасып барамыз
Күн сөнбесін ешқашан
Деп, шырқап ән саламыз

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет