Бекітемін қо ббд оәО директоры



Дата02.05.2018
өлшемі213,68 Kb.
#40403
БЕКІТЕМІН

ҚО ББД ОӘО директоры

Қожахметова Г.Ш.

__________________

«___» ________2017 ж.

2017-2018 оқу жылында білім беру ұйымдарында сынып сағаттарын

өткізу тақырыптары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.

Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады.

Тәрбие жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алу керек.

Мектептердің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының тағы бір ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады.

Сынып сағаттарын өткізу кезінде тәрбиенің жаңа технологиялары мен белсенді формаларын өнімді пайдалану ұсынылады. Ресурс ретінде отандық әдебиеттерді, кинематографты, публицистиканы, поэзияны, өзінің өмірлік жағдаяты туралы шығармаларды қолдану ұсынылады.

Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, тәрбиешілер мен ата-аналарға көмек ретінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне әдіснамалық қолдау көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Ұсынымдар академияның сайтында орналастырылды (www.nao.kz).


2017 жылы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Патриоттық тәрбие: дәстүрлер, жалғастық және тәжірибе» ақпараттық-әдістемелік жинағын шығарды. Жинақта Қарағанды облысы педагогтерінің патриоттық тәрбие беру бойынша жұмыс тәжірибелері, «Мәңгілік ел» ұлттық патриоттық Актісі құндылықтарын насихаттауға мүмкіндік беретін ақпараттар, мақалалар, ресми құжаттар енгізілді.


«BilimLand.kz» білім беру платформасындағы «Мәңгілік ел» Патриоттық идеясы негізінде жасалған тегін бейнефильмдер тізімі:

Мәңгілік Ел–ұлттық идея; Қазақстан халықтарының Ассамблеясы; Толеранттылық деген не?; Қазақстан біздің ортақ үйіміз!; Біз сіздің ортаңыздамыз; ЭКСПО деген не?; Мемлекеттік рәміздер; Мұқтар Әуезов; Біз біргеміз; Қазақ хандығы; Жасыл экономика; Бәйтерек Монументі; XX ғасыр философтары; Мен өзім; Демократия деген не?; Байқоңыр; Көшпенділер; Отбасы не үшін керек?; Жеті ата деген не?; Патриотизм деген не?; Ұшқырлықты дамыту; Әдемі сөйлеуді үйренеміз.


Тәрбие жұмысының жылдық жоспарын құрғанда жол қауіпсіздігі ережелеріне (1-8 сынып), суицидтің алдын алу жобасын жүзеге асыру

(8-10 сынып), алдын алу жұмыстарына назар аудару қажет.

І. Жол қозғалысы ережелері

1. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 Қаулысы.

26 пункт. «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 3-4-сыныптарда мынадай оқу курстарының шеңберінде іске асырылады: «Ана тілі», «Музыка», «Бейнелеу өнері», «Технология»; 6, 8-сыныптарда сабақтан тыс уақытта, сынып сағаттары мен факультативтер есебінен іске асырылады.

2. 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017.

«Жол қозғалысы ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен, 5-8-сыныптарда аталған оқу курсы сыныптан тыс уақыттарда сынып сағаты мен факультатив сабақтар есебінен әрбір сыныпта 10 сағат көлемінде іске асырылады.

1-8-сыныптарға арналған сабақтардың үлгілік тақырыптары қоса беріліп отыр. (380-384 беттеріндегі №4 қосымшаны қараңыз)

ІІ. Қарағанды облысында кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу жобасын 2017-2018 оқу жылында жүзеге асыру

Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бағдарламасы 8-10 сынып оқушылары, колледждердің 1 курс студенттеріне арналған және жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсартуға, өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алуға бағдарланған.

Білім беру ұйымдарында жобаны жүзеге асыру «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ-нің 2017 жылғы 14 тамыздағы №314 бұйрығы және «Суицид әрекеттерінің алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша білім беру саласындағы психологтарға арналған әдістемелік нұсқаулық» негізінде іске асырылады.
ІІІ. АҚТҚ-ЖҚТБ жұқпасының алдын алу.

«Қарағанды облыстық АҚТҚ-ның алдын алу және күресу орталығы» КМҚК, Қарағанды облысының Денсаулық басқармасы 2017-2018 оқу жылының 2 жарты жылдығында АҚТҚ-ның алдын алу бойынша 8-11 сынып оқушыларына 4 (төрт) сабақ өткізуді ұсынады.


1-4 сынып үшін сынып сағаттарының тақырыбы




Сынып сағаттарының тақырыбы

қыркүйек

1

«Мен- патриотпын» Білім сабағы

2

СӨС. Денсаулық күні

Мектептің ішкі тәртіп ережесімен танысу. Оқушылардың міндеттері мен құқықтары

3

Жол қозғалысы ережесі (ЖҚЕ)

4

«Мен және менің отбасым», «Менің отбасымның тарихы мен дәстүрлері».

22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының Тілдер күні

қазан

5

1 қазан-Қарттар күні. Отбасылық құндылықтар

6

Салауатты өмір салты түсінігі. Тазалық және дұрыс жүру, отыру ережелері

7

ЖҚЕ

8

«Рухани жаңғыру–Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңі». Отан неден басталады?

қараша

9

Мәдени этикет. Телефонмен сөйлесу, сәлемдесу, достық жылы қарым- қатынас тілі

10

«Мәңгілік Ел – Тәуелсіздік пен Астана» Патриоттық актісінің мызғымас құндылығы

11

СӨС. Күн тәртібі

12

Викторина «Біздің отанымыздың белгілі ұлдары»

желтоқсан

13

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. (видеофильмдер көру, зияткерлік ойындар, викториналар, кездесулер)

14

16 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

Жаңа қазақстандық патриотизм- көпұлтты қоғамның даму негізі

15

СӨС. Тұрмыстық және көше қауіпсіздігі.

ЖҚЕ

16

Бейнетур. «Мәңгі қазақ жері - Ұлы Дала елі!»

қаңтар

17

«Отбасылық альбом» (отбасы тарихы, отбасылық ағаш, «Жеті ата» дәстүрі) фотографиялар, бейнежазбалар,хаттар, отбасылық күнделік жазбалар, басылымдар, отбасы мүшелерінің шығармашылық жұмыстары, отбасылық құнды заттарды қолдану

18

СӨС. Жұқпалы аурулардың алдын алу

19

Әдептілік ережелері. «Кішіпейілділікке тәрбиелеу»

ақпан

20

Эссе «Мен Қазақстанның азаматымын және патриотымын», «Мен Қазақстандықпын»

21

Бейнетур. «Қазақстанның рухани киелі, қасиетті жерлері»

22

СӨС. Қауіпті ойындар. (медиақауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, интернет желісіндегі қауіпсіздік)

23

Құқықбұзушылықтың алдын алу. «Біз бәріміз теңбіз»

наурыз

24

8 наурызға арналған ұжымдық-шығармашылық жұмыстар. «Әлемді тербеткен Ана»

25

ЖҚЕ

26

ҰШЖ. Наурыз – Көктем мейрамы. Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері

сәуір

27

«Кітап – білім бұлағы»

Туған өлкенің экологиясы. «Жасыл экономика».

28

ЖҚЕ

29

СӨС. Зиянды әдеттер.

30

«Жібек жолы» зияткерлік ойыны

май

31

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

32

9 мамыр – Жеңіс күні. «Мәңгілік ұмытылмау үшін.....»

33

СӨС. «Қауіпсіз жаз»

34

ЖҚЕ


***ҰШЖ – ұжымдық-шығармашылық жұмыстар

5-7 сынып үшін сынып сағаттарының тақырыбы




Сынып сағаттарының тақырыбы

қыркүйек

1

«Мен- патриотпын» Білім сабағы

2

Жаңа оқу жылына сынып жұмысын жоспарлау. Сынып белсенділерін тағайындау. Тапсырмаларды бөлу. Мектептің ішкі тәртіп ережесімен танысу.

ЖҚЕ

3

СӨС. Жасөспірімнің денсаулығы. Оқушының салауатты өмір салты.

4

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

Мәңгілік Елдің жеті мызғымас қағидасы

22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні

қазан

5

«Туған елге тағзым».

Қарағанды облысының мәдени-тарихи ескерткіштері



6

Құқықтық оқыту. Жасөспірім неге құқық бұзады?

ЖҚЕ

7

СӨС. Дресс-код сақтау: құқықтық, мәдени және медициналық аспектілері

8

Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият

қараша

9

«Туған жер» тақырыбында жобалар, рефераттар, презентациялар қорғау, бейнефильмдер жасау

10

ЖҚЕ

11

СӨС. Темекі шегу, психоактивті заттарды қолдану,нашақорлықтың алдын алу

12

Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім.

желтоқсан

13

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. (мұражайларға бару,видеофильмдер көру, зияткерлік ойындар, викториналар, белгілі адамдармен кездесулер)

14

Құқықтық оқыту.Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары

15

16 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

Жаңа қазақстандық патриотизм - көпұлтты қоғамның даму негізі

16

 ЖҚЕ

қаңтар

17

Эссе «Біз – Үлкен елміз – Үлкен отбасымыз»

18

ЖҚЕ

Құқықтық оқыту. Адалдық және сыпайылық–шынайы адам келбеті

19

СӨС. Суық тию, жұқпалы аурулардың алдын алу

ақпан

20

Әңгіме «Мұражай экспонаттары нені баяндайды?»

21

Туған өлке экологиясы. «Жасыл экономика»

22

СӨС. Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі

23

ЖҚЕ

наурыз

24

8 наурызға арналған ұжымдық-шығармашылық жұмыстар.

25

ЖҚЕ

СӨС. Жағымды көңіл-күй, жақсылықпен қабылдау

26

«Туған жерге, оның мәдениеті мен дәстүрлеріне ерекше құрметпен қарау-ұлттың мәдени-генетикалық негізі».

Әз Наурыз мейрамы!

сәуір

27

Мемлекеттік рәміздер тарихы. «Көк байрағым» байқауы

28

ЖҚЕ

29

Құқықтық оқыту. Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен міндеттері

30

«Туған елге тағзым». Туған өлке тарихы.

мамыр

31

ҰШЖ. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

32

ҰШЖ. 9 мамыр – Жеңіс күні

33

«Екі апта ауылда», «Ата-ананың жұмыс орнындағы 10 күн» әлеуметтік тәжірибелері. Жазғы каникул уақытындағы ата-аналар мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеттері тақырыптары.

34

ЖҚЕ

СӨС. Қауіпсіз жаз


8 сынып үшін сынып сағаттарының тақырыбы

(ЖҚЕ, суицидтің алдын алу, АҚТҚ/ЖҚТБ - жұқпасының алдын алу тақырыптары қосылған)




Сынып сағаттарының тақырыбы

қыркүйек

1

«Мен- патриотпын» Білім сабағы

2

Жаңа оқу жылына сынып жұмысын жоспарлау. Сынып белсенділерін тағайындау. Тапсырмаларды бөлу. Мектептің ішкі тәртіп ережесімен танысу. «Екі апта ауылда», «Ата-ананың жұмыс орнындағы 10 күн» әлеуметтік тәжірибелері қорытындыларын тыңдау.

ЖҚЕ

3

СӨС. Жасөспірімнің денсаулығы. Оқушының салауатты өмір салты.

4

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

Қарағанды облысында кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу жобасын 2017-2018 оқу жылында жүзеге асыру

қазан – желтоқсан

жобаны жүзеге асыру кезінде педагог-психологтар 3 сынып сағатын жүргізеді (мектептің жоспары бойынша)

қазан

5

«Туған елге тағзым». «Қазақстанның сакральді географиясы»

6

ЖҚЕ

Құқықтық оқыту. Жасөспірім неге құқық бұзады?

7

СӨС.Физикалық денсаулықты бағалау.Адамның физикалық мүмкіндіктері

8

Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Жетістікке жеткен адамдармен кездесулер.

қараша

9

«BilimLand.kz» білім беру платформасы. Бейнетур. «Патриотизм деген не?»

10

«Жасыл экономика»

ЖҚЕ

11

СӨС. Темекі шегу-денсаулыққа зиян!

12

Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім

желтоқсан

13

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Мәңгілік Елдің жеті мызғымас қағидасы



14

СӨС. Дресс-код сақтау: құқықтық, мәдени және медициналық аспектілері

15

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. (мұражайларға бару,видеофильмдер көру, зияткерлік ойындар, викториналар, белгілі адамдармен кездесулер)

16

 ЖҚЕ

қаңтар

17

Эссе «Мен және менің отбасым»

18

ЖҚЕ

Құқықтық оқыту. Адалдық және сыпайылық – шынайы адам келбеті Интеллектуалдық жеке меншік және оны қорғау.

19

СӨС. АҚТҚ/ЖҚТБ – жұқпасы туралы негізгі мәліметтер

ақпан

20

Әңгіме «Мұражай экспонаттары нені баяндайды?»

21

Діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу.

«Дін және шындық»



22

СӨС. АҚТҚ/ЖҚТБ – жұқпасы таратылатын жолдар.

23

ЖҚЕ

наурыз

24

8 наурызға арналған ұжымдық-шығармашылық жұмыстар.

25

ЖҚЕ

26

Наурыз мейрамы! «Туған жерге,оның мәдениеті мен дәстүрлеріне ерекше құрметпен қарау-ұлттың мәдени-генетикалық негізі».

сәуір

27

Мемлекеттік рәміздер тарихы. «Көк байрағым» байқауы

28

«Болашақ экологиясы». Оқушылардың портфолио, презентациялар, зерттеулік жұмыстарын қорғау

ЖҚЕ

29

СӨС. АҚТҚ/ЖҚТБ – жұқпасынан қорғану жауапкершілігі.

ЖҚТБ-ның адамға тигізетін әсері.



30

ЖҚЕ

мамыр

31

ҰШЖ. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

32

7-9 мамырға арналған ұжымдық-шығармашылық жұмыстар

33

«Екі апта ауылда», «Ата-ананың жұмыс орнындағы 10 күн» әлеуметтік тәжірибелері

34

ЖҚЕ

СӨС. Қауіпсіз жаз


9-11 сынып үшін сынып сағаттарының тақырыбы

(Суицидтің алдын алу, АҚТҚ/ЖҚТБ - жұқпасының алдын алу тақырыптары қосылған)





Сынып сағатының тақырыбы

қыркүйек

1

«Мен- патриотпын» Білім сабағы

2

Жаңа оқу жылына сынып жұмысын жоспарлау. Сынып белсенділерін тағайындау. Тапсырмаларды бөлу.Мектепішілік өзін-өзі басқару

3

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

4

СӨС. Фаст-фуд: пайдалы немесе зиян? Энергетикалық сусындардың зияны

Қарағанды облысында кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу жобасын 2017-2018 оқу жылында жүзеге асыру

қазан – желтоқсан

жобаны жүзеге асыру кезінде педагог-психологтар 3 сынып сағатын жүргізеді (мектептің жоспары бойынша)

5

Қазақстан және Евроазия идеясы

6

Дін және заманауи қоғам

7

СӨС. Қазіргі жастардың зиянды әдет-құлықтары

8

Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

қараша

9

Сөйлеу мәдениеті. Жастар сленгі: «иә» және «қарсымын»

10

«Саналы азамат». Дұрыс мамандық таңдау.

11

СӨС. «Қиын жағдайдан қалай шығу қажет. «Жоқ» деп қалай айтуға болады?»

12

«BilimLand.kz» білім беру платформасы. Бейнетур. «Патриотизм деген не?»

желтоқсан

13

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы

14

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Мәңгілік Елдің жеті мызғымас қағидасы

15

СӨС. Қазақстандағы денсаулықты қорғау Концепциясы,адамның репродуктивті денсаулығы

16

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы

қаңтар

17

Эссе «Менің туған жерім»

18

Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы

19

СӨС. АҚТҚ/ЖҚТБ – жұқпасы туралы негізгі мәліметтер

Ақпан

20

« XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны

21

«Қоғамға қызмет етемін» жобасы. «Мейірімділік жеңеді» қайырымдылық акциясын өткізу

22

СӨС. АҚТҚ/ЖҚТБ – жұқпасы таратылатын жолдар.

23

Дебат. «Толеранттылық – достық пен бірлікке апарар басты жол». Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары

наурыз

24

8 наурызға арналған ұжымдық-шығармашылық жұмыстар. Мектепішілік өзін –өзі басқару ұйымы.

25

ЖҚЕ

26

ҰШЖ «Қош келдің әз Наурыз

сәуір

27

«Саналы азамат». Кәсіби мамандық таңдау

28

«Мен тұратын үй» шығармашылық жұмыстар, бейнефильмдер, презентациялар,рефераттар байқауы

29

СӨС. АҚТҚ/ЖҚТБ – жұқпасынан қорғану жауапкершілігі.

ЖҚТБ-ның адамға тигізетін әсері.



30

«Бабалар өмірі - ұрпаққа сабақ». Этномәдени бірлестіктерге, мұражайларға, ескерткіштерге бару

мамыр

31

«BilimLand.kz» білім беру платформасы. Бейнетур.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні



32

7-9 мамырға арналған ҰШЖ. «Қоғамға қызмет етемін» жобасы бойынша жұмыс. Мектепішілік өзін-өзі басқару

33

Жыл рефлексиясы. Жазға тапсырма. Екі апта ауылда», «Ата-ананың жұмыс орнындағы 10 күн» әлеуметтік тәжірибелері

34

СӨС. Қауіпсіз жаз.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет