Бекітілді
Педагогикалық кеңес № 1
«29» тамыз 2022 ж.
Мектеп директоры
____________ Г.Жаксымбетова
«Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» МКМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүргізілетін жылдық жұмыс
ЖОСПАРЫ
2022 – 2023 оқу жылы
Орындаған: Е.Нұрпейісов
Ж.Сатаева
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап оқу. 2022-2023 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы жалғасады.
Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруды көздейді.
Мақсаты:
1. Мемлекеттік саясатты кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету арқылы іске асыру, оқырмандарға мемлекетпен кепілденген кітапханалық-ақпараттық ресурстармен еркін және тегін қолдану құқығымен қамтамасыз ету.
2. Бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігін құру, барлық деңгейдегі оқырмандарға кітапханалық-ақпараттық кешенді ұйымдастыру, қауіпсіз және кедергісіз ақпаратқа, білімге, идеяға, мәдени мұраға қол жеткізуді қамтамасыз ету.
3. Азаматтық өзін-өзі тәрбиелеу, оқушыларға әлеуметтік қызмет көрсету, олардың шығармашылық қабілетін дамыту.
4. Оқушылардың жүйелі түрде оқуын ұйымдастыру.
5. Кітапхананың жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру негізінде мәдени және тілдер түрлілігі аспектісінде қызмет көрсетуді жетілдіру, кітапханалық-ақпараттық үрдісті компьютерлеу, кітапханада ахуалдық жағдай орнату, мұғалімдер мен оқушыларды ақпараттық мәдениетке баулу.
Міндеттері:
Оқушылар мен мұғалімдерге кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету, өз білімдерін жетілдіру жолымен оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз ету.
Білім беру жобаларында оқушылар мен мұғалімдер қызметіне көмек көрсету.
Оқырмандарда тәуелсіз кітапханалық қолданушы дағдыларын қалыптастыру: кітап және басқа ақпараттарды қолдануды үйрету, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, ізденуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |