«Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!»
ауатты денсаулық фестивалі
Өтетін орны: Мектеп спорт алаңы
Өтетін уақыты: 6 қыркүйек 2021 жыл, сағат 12.00-де
І – жүргізуші
Денсаулықтың кепілі.
Жаттығу мен шынығу.
Әрбір жастың үлесі,
Жастайынан шынығу.
І – жүргізуші
Армысыздар спорт сүйер қауым! Бүгінгі «Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!» атты денсаулық фестиваліне қош келдіңіздер!
ІІ-Жүргізуші
Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда, халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап көтеріле түскенін аңғара аламыз.
І-Жүргізуші
Ия, бұл ретте тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел спортына ерекше ықыласпен қарайтынын айтпасқа болмайды. Еліміздің барша мектептерінде
1-6 қыркүйек аралығында «Белсенді өмір - жүз жастық ғұмыр!» ұранымен Денсаулық фестивалі өткізілуде. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат – денсаулықты сақтау мен нығайту, қазақстандықтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
ІІ-Жүргізуші
Денсаулық-басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі. – деп денсаулық фестиваліне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!
ГИМН орындалады
І-Жүргізуші
Спорт деген денсаулықтың кемесі,
Спорт деген асар шыңның белесі.
Спорт деген біле білсең достарым,
Жан мен тәннің, сұлулықтың төресі
І-Жүргізуші
Сөз дене тәрбиесі бірлестігінің жетекшісі ................................................................................................. беріледі!
ІІ-Жүргізуші
Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.
І-Жүргізуші
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау – деп құрметті жарысқа қатысушы достар сендерді сайыс алаңына шақырамыз!
ІІ-Жүргізуші
Кезек мектебіміздің дене тәрбиесі бірлестігіне!
Достарыңызбен бөлісу: |