Бестоғай негізгі мектебі Өткізген: Қамалиден Айгерім Сағындыққызы



Дата13.11.2023
өлшемі27,94 Kb.
#191349
Байланысты:
ұлыстың ұлы күні Қамалиден А
Дәріс 13. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзи-melimde.com, СЕМИНАР (2)-7, Дәріс 10. Еркіндік философиясы

Бестоғай негізгі мектебі
Өткізген: Қамалиден Айгерім Сағындыққызы

Тақырыбы: «Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтаймыз!»


Мақсаты: Құрметті көрермендер, бүгінгі біздің кешіміздің мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрдің жанашыры болатынына сенеміз.


«Наурыз думан» әнінің ырғағымен «Ұлыстың Ұлы күнің ұлықтаймыз!» атты мерекелік кешіміз басталады.

Жүргізуші:


Наурыздың (парсыша «Нау» жаңа, «Руз» күн, яғни жаңа күн) 22 жұлдызы күн мен түннің ұзақтық мерзімі теңесетін, Жаңа жылдың бірінші жұлдызы – Ұластың ұлы күні.
Көктемнің шуағы мол да, мерзімі қысқа. Бірде күн төбе қыздырса, кейде табан сыздатады. Наурыздың орта немесе соңғы шені өкпек жел соғып, қар күрт еріп, жер лайсаң тартатын шақ «Аласапыран» аталады. Жаңа жылдың алдында не алғашқы күндері жауған, жылтылдап көз шағылыстырар жұмсақ ұлпа қар «Наурыздың ақша қары» тез ериді. Бұл қар «Құс қанаты» яғни құс келер алды қар деп те аталады.

Наурыздың 17 жұлдызынан 21 жұлдызына дейінгі аралық «Бесқонақ». Наурыздың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар 5 – 10 күндік жауын – шашынды амал – Бес тоғыстың бет жуары. Бұл ай ит шуағы, кемпір шуақ, ескек желді ай. Наурызда Үркер туа таң атады.


Жер әлемге тағы да Көктем келді. Көктем – балалық, жастық шақ. Қызыл – жасылды түсімен қырғауылдай құлпырған көктемге, яғни өмірге деген құштарлығың арта түседі.
Көктемде Жер – Ана оянып, табиғат жаңарып, жасарып, күн ұясынан шығып, барша халыққа өз нұрын шашып, күлімдеп тұрады. Жер әлем жасыл – желек атып, жыл құстары туған жеріне оралады. Көктемде алғаш ұшып келетін құстар да бар. Олар – Махаббат белгісіне айналған, жұбынан өмір бойы ажыраспайтын аққулар. Көктемде алғаш ұшып келетін құстардың алғашқы келуі, қазақ халқының сүйікті де дәстүрлі мерекесі – Наурыз ұштасады. легіне шақшақай да жатады. Өлкемізге жыл құстарының
«Тырау – тырау тырналар» деген сөзді ойға алғанда аспанда топтасып сына тәрізді бейнеде ұшқан тырналарды көреміз.
Оқушылар сахнаға шығар кезде «Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады.

Жүргізуші: Көрініс: Қызыр ата келген күн


Бірде Қызыр ата дүниенің төрт бұрышын аралап жүріп Қазақ еліне тап болыпты. Әне ел деп осы айт. Жері қандай кең – байтақ болса, халқы да сондай дарқан. Шетінен мейірімді. Доспын дегенге құшағы айқара ашық. Ата дән риза болады. Әрине, Қызыр атаның жүрген жері қашан да молшылық. «Тойларың тойға ұлассын. Мейрамдарың көп болсын» деп бата береді.
Қызыр ата келген күн жыл сайын мейрамға айналыпты. Оны өздеріңше «Наурыз» деп атап алса керек.

1 - оқушы: Осы барлығымыз айтып жатырмыз «Ұлыстың ұлы күні» деп, ал ол қайдан шыққанын білесіңдер ме?


Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды.

2 - оқушы: «Қазақтың тыйым сөзі - тәрбие көзі» дейді қазақ.


Бас киіммен ойнама.
Ақты төкпе.
Малды теппе.
Бүйіріңді таянба.
Кешқұрым ұйықтама,
Айға қолыңды шошайтпа
Нанды баспа
Табаныңды тартпа
Жайдан жай уһілеме.

Қызыр баба (Нұрлан): О - ой, бәрекелді! Көп жасаңдар, айналайындар! Жастарың, айтса айтқандай, өнерлі екен. Жөн - жоралғыдан да қаражаяу емес көрінеді. Енді, рұқсат болса, бұрынғының жолымен мен енді балалардың зерделері мен ой - өрістерін біраз пайымдап көрсем.


Күн: Жөн, ата, жөн! Жастарымыз зердесіз емес сияқты. Намысты қолдан бере қоймас.
Қызыр баба (Нұрлан): Ендеше алғашқы сұрақ:

1 - сұрақ: Наурыз шешек деген өсімдік туралы не білеміз?


Оқушы: Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.

2 - сұрақ: Наурызкөк құсы туралы не білетіндеріңді айта қойыңдаршы?


Оқушы: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.

3 - сұрақ: Наурыз көже туралы не білеміз?


Оқушы: Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т. с. с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.

4 - сұрақ: Наурызнама ойын сауығы туралы не білеміз?


Оқушы: «Наурызнама» - шат шадыман ойын – сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.

5 - сұрақ: Халық Наурызша деп айтып жатады. Оны қалай түсіндіңдер?


Оқушы: Наурызша - Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.

6 - сұрақ: Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі - осы Наурыз бата. Ол бата туралы не білеміз?


Оқушы: Бұл наурыз бата наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі.

Қызыр баба (Нұрлан): Бәрекелді, балалар, жарадыңдар! Ризамын.


Ән: «Қазақтай ел қайда?» 5 сынып оқушылары


Жүргізуші: Наурыз келді көңілді,


Жер шуаққа бөленді.
Күндер туды шуақты,
Қар еріді, су ақты.

Күн мен түн теңелді,


Құстар келді жыр алып.
Дала нұрға кенелді,
Біз де жүрміз қуанып.

Көктемде біз тойлаймыз,


Наурыз тойын ұлыстың.
Тойдан құр қалмаймыз,
Салты ғой бұл ұлы істің.

Жүргізуші: Сахналық көрініс. Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе. Орындайтын: Арлан және Нұржігіт.


Шығайбай: - Алла - ау, сақтай гөр! Неменеге қаптап кеткен мына жұрт? Шығайбайға ас беріп жатыр дей ме екен? Шығайбайдың малын шашпақ қой, ойлары. Тағы да демеуші бол, көмектес деуден тайынбас. Кетейін, көрінбей көздеріне.
Алдар көсе: Оу, Шәке қайда бара жатырсыз, қайдан келе жатырсыз?(- деп төс қағыстырмақ болады.). Бүгін той, көктем мерекесі, ел мерекесі. Құнанбай балалы болыпты. Сізден халқымыздың салтымен сүйінші сұрай келдім. Бүгін сол ат қою рәсімі болмақшы. Жұрт соған жиналған болар.
Шығайбай Бір пәлеге кіріп кетпей тұрғанда жөніме кетейін.(деп ақырын жылыстап шығып кетеді)
Алдар көсе: Оу, Шәке елмен бірге болыңыз Шәке! Қой бұдан түк шықпас. Оданда мына отырған жұрттан сүйінші сұрайын.
Айналайын ағайын сүйінші Құнанбайдың үйінде бүгін той. Ат қою тойы болғалы жатыр. Тойға келіңіздер!
Жаңа жыл құтты болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барса жол болсын. Ұлыс бақты болсын!
Төрт - түлік ақты болсын! Бәле - жала жерге енсін!
Ұлыс береке берсін! Жұрт аман - есен болсын!
Музыкалық нөмір: «Ата дәстүрі» Орындайтын: 6 сынып оқушылары

Жүргізуші:


Сіздердің назарларыңызға халқымыздың ұлттық дәстүрінің бірі «бесікке бөлеу рәсімі» ұсынылады.
Көрініс: Бесікке бөлеу рәсімі көрсетіледі (6 сынып оқушылары)
Оқушы: Бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы. Бесікті отпен аластап, «Тыштырма» жасап алады да, баланы бесікке салады.
Балаға деген ана махаббаты бесік жыры арқылы айтылады. Баланы бесікке салып тербете отырып:
Әлди - әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жәләк шағып берейін
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін

Қыздар әжелер болып киініп ортаға шашу шашады.


Оқушы (Ер бала): Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Әумин
Оқушы: Наурызым - бабамның сөзі,
Наурызым - анамның сөзі
Ғасырдан ғасырға жеткен
Даламның сөзі
Оқушы: Берген баталарыңыз періштелердің құлағына шалынып қабыл болсын!
Музыкалық нөмір: «Қазақ осы» Орындайтын: Серік Махаббат.

Жүргізуші: Наурыз көженің шығу тарихы


Баяғы заманда Қазақ деген қарттың Алаш, Наурыз деген екі ұлы болады. Алаштың балаларын шақырып алып өсиет айтады.


«Менің артымда бала қалмады. Сондықтан мені ұмытпай айтып жүру үшін жылына жыл басында бір қазан ас құдайы беріңдер. Оны «Наурыз келді», «Наурыз көже» деп атасаңдар, менің атым жойылмас» депті.
Алаштың балалары Наурызды еске сақтау үшін әрбір жыл басында, жер жаңарғанда, тоғызыншы – жиырма екінші наурыз аралығында садақа көжесін беретін болыпты. Міне, осы күнге дейін Мұсылмандар көктемде «Наурыз келді» деп, Наурыз көже ішетін болыпты. Әлі де Наурызды ұрпақтары ұмытпай келеді.
Осы кезде әжелеріміз «Наурыз көже» таратады.

Көрініс. «Жас сәбидің дүниеге келгендегі ата - әже қуанышы» (7 – 8 сынып оқушылары)


Сахнада асық ойнаған балалар, келіні самаурын қайнатып жүреді, бір жақ шеттен сахнаға атасы шығады:


Сағымбай:
Оу, кемпір, оны - мұның дайын ба? Жақсы хабар жетісімен опынып қалып жүрмеңдер.
Орынбасар әжей:
Ой, байғұс - ай, тек құлынымның жаны қалсыншы десейші, өзгесін сонан кейін көре жатармыз.
(Залдан екі бала жүгіріп шығады)
- Сүйінші, Сүйінші!
- Дүниеге жас нәресте келді!
Көктем ұлды болды! Ата, әже, сүйінші»
Өмірге немерелеріңіз келді!
Орынбасар:
Не дейді? Шың айтып тұрсыңдар ма? Құлыным - ай! рахмет, қарақтарым!
Сағымбай:
Қарақтарым, міне сүйіншілерің, алыңдар, қарақтарым, ала қойындар!
Орынбасар:
Алыңдар құлындарым, қуаныш бәрімізге ортақ.
(«немерелерім» әні орындалып тұрады)
Бану - келіншек: Ата, әже, немерелеріңізді әкеле жатыр.
Дауыстар: Немерелеріңіздің бауы берік болсын!
- Қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндірсін!
- Жақсылық жақсылыққа ұлассын!
(Екі келіншек сәбиді әкеледі. Қонақтармен бірге жүргізушілер де келеді. Әжелер шашу шашады. Келіншек сәбиді алдымен әжесіне береді.)
Орынбасар:
Ой, құлыным - ай, өмір жолын ұзақ болғай. Тіл мен көзден аман болғай. Тіфә - тіфә! Құлыным, аумаған атасы ғой. Ал атасы, немереңді қолыңа ал
- Қонақ әжей: Жоқ, жоқ, алдымен бізге бер, біз атасынан көрімдік аламыз.
Орынбасар:
Алыңдар, алыңдар. Міне, атасы екеуміздің көрімдігіміз. (Көрімдік берді)
- Төрлетіңіздер, отырыңыздар, құрметті қонақтар. Дәмнен ауыз тиіңіздер. Бүгін бізде той. Немереміз дүниеге келді.
Сағымбай:
(немересің қолына алады) Бақытты, өмірлі бол, қарағым!
2 - жүргізуші:
Немерелеріңізге ақ жол тілеп батаңызды беріңіз!
Сағымбай:
Құлыным, үлкен жігіт бол,
Халыққа сенім, үміт бол.
Ата - анана баршаға
Ұлы бақыт, қызық бол,
Анық ойлы шешен бол,
Ел бастаушы көсем бол.
Қорғансызға қамқор бол.
Елеусізге кешен бол,
Бар қазақтың ұлы бол,
Көп қауымның дүрі бол.
Өзің берік бұтағым,
Қада жүрсең тірі бол.
Әумин!
Орынбасар:
Құрбыларым, ата - бабамыздан қалған дәстүр бойынша бала туған күні сол жанұяда той болып, қалжаға мал сойылады. Қалжа дәмінен ала отырыңдар. Қымтырылмай кең отырыңдар!
Қонақтар:
Рахмет, Орынбасар ризамын саған. Немерелеріңнің бауы берік болсын.
- Халқына қалаулы, еліне елеулі азамат болсын!
- Халқымыз берекелі, үйіміз мерекелі болсын!
Орынбасар:
Тілектеріңді тәңірім қабыл етсін.
Халипа - Қонақтар: Ия, біраз отырдық. Енді мына дәмге, өмірге келген жас сәбиге батамызды берейік. Әже бата өзіңізден.
Орынбасар:
Тума бауы берік болсын,
Сұлу күндей көрік болсын,
әкесі мен анасына
Тек жақсылық беріп болсын.
Арманға биік шыға берсін,
Көп сөздерге сынап ерсін,
Өз елінің ұлы болып.
Ата салтын ұға берсін.
Дені сау болсын, ауырмасын,
Жарқын жүрып қауым барсын.
«Қазақ ұлы» деген аттан
Өмір бойы айырмасын.
Әумин!!!
Орынбасар:
Немеремнің қызығына ортақ болғандарыңа рахмет айтамын. Енді жас сәбиге азан шақырып ат қою – парызымыз. Рахат молданы сол рәсімге қатысуға шақырамыз. Ал мынау – той жартысы. Алыңыздар тойымыз тойға ұлассын.
Аңқау ашық мінезі бар аңқылдар.
Жүргізуші:
Енді «Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалаңыздар.
Медет: Сүйінші, сүйінші! Ауылдан әжем келді.
Ғаділбану: Сүйінші сұрайшын қуанғандықтың белгісі, қатты қуанып тұр екенсің, сыйлығыңды ал.
Ғаділбану: Медет, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?
Медет: Байғазы берсең, көрсетем.
Ғаділбану: Байғазы – балалардың жаңа киімі үшін берілетін сый. Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Саған моншағымды берейін, көрсетші.
Медет:(Басына бас киімін киіп) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал атам маған қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе көрімдігін даярлаңдар.
Ғаділбану: Байғазы жансыз дүние, ал көрімдік жандыға беріледі.
Медет: Бану, білесің бе? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті.
Ғаділбану: Онда сенің апаң тоқымқағар жасайды екен ғой.
Медет: Ол не?
Ғалідбану: Жас жігіт алыс жолға шыққанда бас қосу. Мал сойылып, ойын - сауық, өлең айтылады.
Медет: Егер ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін, өйткені сен менің нағыз досымсын ғой.
Ғаділбану: Алыс сапарға шыққан адамдар туысқандарына, балаларға ірлі - ұсақта сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық»деп айтады. Бұл жақсы көрудің жақсылықтың белгісі.
Медет: Бану, бағанадан үндемей тұрған мына досың кім?
Ғаділбану: Бұл - Ақнұр. Жаңадан көшіп келген көршіміз.
Медет: Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар «Ерулік» береді. Мұны әжем айтқан. Ақнұрды бәріміз қонаққа шақырады екенбіз ғой.
Жүріңдер біздің үйімізге.
Әже:
Аяулы, абзал аналар,
Айналайын балалар!
Жеңдер сендер тамсанып,
«Ас атасы - нан»деген.
Сендерге арнап біз бүгін
Бауырсақтар пісірдік.

Жүргізуші: Халқымыздың тағы бір дәстүрі «Табақ тарту»


Қазақ үшін малдың әр мүшесінің өз орны бар. Әр сүйек – үй иесінің қонағына деген сый құрметінің ықылас - ниетінің, ілтипат дәрежесінің анықтауышы әспетті.


Қазақ ғұрпында табақ дегеніміз – бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ деп негізінде төртке бөлінеді. Оның бер жағында күйеу табақ, құдағи табағы, қыздардың, соғымшының табағы деген табақтар және бар. Олар өздерінің атына, маңызына қарай еттің әр түрлі мүшесінен жасалады. Қойдың қадірлі мүшесі: бас, жамбас, тоқпан жілік, асық жілік. Жылқының ең қадірлі мүшесі жал, жая, қазы, қарта деп саналады. Бес табаққа бас, жамбас салынуы шарт. Орта табаққа асық жілік, кейде жамбас та түседі. Сый табаққа да бас, жамбас салынуы шарт. Аяқ табақ ауыл үшін (қонақ емес) еттің басқа мүшелерінен жасалады. (Әжелеріміз әрбір столға өздерінің дайындаған табақтарын тартады). Осы кезде «Наурыз - думан» әні орындалып тұрады.
Жүргізуші:
Ауыл көрінісі. Екі жеке тігілген үй. Бірі – күйеу жігіттің үйі, екіншісі – қалыңдықтың үйі. Келісіліп қойылған құдалар қызды ұзатып өз үйіне алып кетуге келеді. Ұзатылатын қызды үйден алып шығады. Екі жеңгесі қыздың жолы ақ болсын деп ақ матаны қыздың жүретін жолына төсейді. Қыздың жүретін жолында туыстары, онымен қоштасады. Осы кезде сахна артынан әкесінің «Қызыма» атты өлеңі айтылып тұрады. Қыз жылап, «Сыңсу» өлеңін айтады.
Базардан келген құйысқан
Тарамай шашым ұйысқан.
Келіп кетіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан.
Туған ел - жұртым аман бол!
Ағайын, жекжат сау бол!
Ақсақал кісі қызға жолың болсын, бақытты бол деп бата береді.
• Құдайым сені қолдасын, еш жамандық болмасын.
• Тілдінің тілінен сақтасын, көздінің көзінен сақтасын.
• Жолың ақ болсын. Барған жерде бақытты бол, шырағым!
• Судай сіңіп, тастай батып кет!
Қыздың жеңгесі сөзі:
Қарағым, бізден кетіп барасың,
Жат жұртқа келін боласың,
Барған жеріңде, бақытты бол, еркем!
Қыздың жеңгесі, осыларды айтып, күйеу жігітке тапсырады. Күйеу жігіттің жеңгелері, қызды қабылдап алып, сөйлейді:
Бізге келген қадамың, құтты болсын, шырағым,
Өсіп – өніп, ата - енеңе сыйлы бол.
Келін емес, қыздай болып, Сіңіп кет, ортамызға!
Күйеу жігітке тапсырып бірге, екеуі ауылына қарай төселген ақ жолмен ақырын жүреді.(Осы кезде Бауырлар тобының «Күміс құмған - ау» әні орындалады.) Әннің сүйемелдеуімен жігіт жағы құдаларын билеп тосып алады.

Келіннің келе жатқанын ауылға хабарлап «Сүйінші, сүйінші» деп бір бала жүгіріп келеді. Үлкен киіз үйде отырған әжелер мен апалар келіннің алдынан шығып, шашу шашып күтіп алады. Отқа май құйып, келінді ішке кіргізеді.


Осы кезде қуанышқа ән айтылады. «Отырардағы той» әні – Ділбар Қалпақпаева.
Әжей: Қане, шырағым, келіндер, келінді беташарға алып шығыңдар.
Екі жеңгесі келінді алып шығып, ортаға тұрады. Қалың көпшілік киіз үйден шығып, келінді ортаға алып тұрады.
Беташарды айтатын ер кісі(Калихан):
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Анау - мынау демеңіз,
Түсін айтып қойыңыз,-
Құлағың сал көпшілік,
Домбыраны қолға алып.
Тереңінен жүректің,
Тебірене толғанып.
Беташарға қам жасап,
Әсем жырды толғалық,
Қадам басты екі жас
Ақ тілекті жолға анық.
Атасы мен анасы,
Айналады толғанып.
Той тамаша басталды:
Куә соған бол, халық!
Шын көңілден қуанып,
Шаттанғанға не жетсін,
Ақ көңілден лебізді,
Ақтарғанға не жетсін.
Сыйластығын көңілдің.

Келіннің бетін ашып, жұрттың алдында біраз тұрады. Ауыл балалары шуылдап қуанып, сол жерде ұлттық би «Қара жорғаны» билейді. Адамдарды биге шақырады.


Келінді үйге кіргізерден алдын, ақсақал жас келінге бата береді:
Әуелі құдай оңдасын,
Періштелер болсын жолдасың
Ақ батамыз пәк болсын!
Ақ ордаңа бақ қонсын!
Жас отауың басқа толсын!
Аллаһ мың бір атты пәледен сақтасын!
Тілдінің тілінен сақтасын
Көздінің көзінен сақтасын
Кезенгеннің кезінен сақтасын
Өсек, аяң күндеуден
Пәле – жаланың бәрінен
Бір Аллаһ сізді сақтасын.
Әумин, Аллаһу әкбар!
Әже сөзі: Баламыздың үйлену тойы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен бірге келіп тұр. Қане, келіндер, келген қонаққа наурыз көже таратайық.
Осы кезде күй орындалады.
Киіз үйдің ішінде күйеу жігіттің досының сөзі:
Бүгін осы тойға алыстан қонақтар келіп отыр. Олар ат шабылтып, сонау Ресейден, Өзбекстаннан келіп отыр. Сол достарымыздың тойға тарту үшін алып келген, әні мен билерін тамашалайық.
Өзбек биі. 7 сынып оқушылары «Қыздар тобы».
Ақсақал шығып: бүгін ауылымызда қос той, қос мереке, бүгін жырламасақ, бүгін ағымыздан жарылып ән айтып, би билемесек қашан билейміз. Қане, жастарымыздың өнерін тамашалайық, тойға жиналған қауым!
Жас қыз шығып:
Ежелгі шығыс елінің,
Аңсаған арман, ойы бар.
Думандатып тойланар.
Дәстүрлі Наурыз тойы бар,
Осы тойда айтатын.
Өлеңіміз бен биіміз тағы бар
Ал, қане, ақсақалымыз бүгінгі қос тойға жастардың үйлену тойы мен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне жиналған тойға арнап, батсын берсін. О, ағайын, құлақ салайық.

Бата
«Ұлыс оң болсын,


Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін.
Әумин!»
Қыз: Әлемге атақ – даңқы ілінгесін,
Күн болып Қазақстан күлімдесін,
Қасиетті ана тіл –
Бүтін тілім,
Бауырлар, ешқашанда
Бүлінбесін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз тойы халқым, құтты болсын!
Қазақ биі: Орындайтын: 6 сынып қыздары.
Жүргізуші:
Береке күннен күнге таса берсін,
Ырыс – құт басымыздан аса берсін.
Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,
Қайрақтымыз ілгері аяқ баса берсін.
Мешін жылы, ұрпаққа шуағыңды бер,
Үмітті, шаттығы мол шығады үндер.
Мерейлі үстем болып мектебімнің,
Мереке құтты болсын, көрермендер!
Ата – аналарға, мұғалімдерге құттықтау сөз беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет