Қан споралылар отряды - Haemosporidia
Кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар.
Адамның,омыртқалы жануарлардың
қан клеткаларында
тіршілік етеді. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы
спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, қансорғыш
насекомдардың яғни Anopheles
туыстас масалардың
ішегінде өтеді жəне масалар осы паразиттерді
тасымалдаушылар болып табылады. Адамда
Plasmodium туысының төрт түрі
паразиттік тіршілік
етеді: PI.vivax, PI. malariae, PI. falciparum, PI. ovale.
Бұлардың дамуы бір-біріне өте ұқсас. PI.
vivax-тың даму
сатысын қарастырайық. Безгек масасы (Anopheles
туысынан) адамды шаққанда сілекеймен бірге адам
қанына спорозоиттар түседі. Спорозоиттар өте майда
5-8 мкм, құрт тəрізді немесе орақ тəрізді.
Олардың
құрылысы кокцидиялардың зоит құрылысына өте ұқсас,
тек коноиды болмайды.