Сабақтың тақырыбы: Қан топтары және қан құю. Резус -фактор Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата08.02.2020
өлшемі64,63 Kb.
#57404
түріСабақ
Байланысты:
Рахымжанова А.Д.


Мектеп

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі»КММ

Күні

29.11.2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Рахымжанова Акмарал Даулетхановна

Сынып 8

Барлығы - 23

Қатысқандар –

Қатыспағандар -

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Заттардың тасымалдануы.

Сабақтың тақырыбы:

Қан топтары және қан құю.Резус -фактор

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.3.7.Агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Қан топтарын біледі, қан құю механизмін түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:Антиген мен антиденеге байланысты қан топтарын салыстырады, қан құю кестесін қолданып, қан құюды болжайды.

Кейбір оқушылар: Қанды дұрыс құймағанда болатын қауіпті дәлелдеп бере алады. Резус-фактордың «оң» және «теріс» түрлерін генетикадағы рөлін сипаттап береді.

Бағалау критерлері:

- антиген мен антиденеге байланысты қан топтарын ажырата алады.

- қан құю кестесін ұғады, қан топтарына байланысты донор және рецепиент болатынын талдайды.

- резус-факторға сипаттама береді, одан болатын («-» және «+») қауіптерді айқындайды.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар ... істей алады

-Оқушылар мәтінді түсініп оқып, талдай алады;

-Қан топтарын топтары мен белгілерін анықтайды;

-Резус фактор, әмбебап донор мен рецепиент туралы талдайды,

-Қан құю кестесін толтырады.

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері:

Қан топтары, қан құю, резус-фактор, рецепиент, донор, агглютинация.



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Қан топтары бір факторға тәуелді, өйткені ... .

Кез келген адамның қанын бір-біріне құюға болмайды, себебі:


Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Неліктен әр адам өз қан тобын білуі міндетті екендігін айта аласыңдар ма?



Жазылым бойынша ұсыныстар:

Қан топтарының шартты белгілерін қолдана отырып сәйкестігін көрсете алады



Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият

Пәнаралық байланыс

Генетика, салауаттану, анатомия

Алдыңғы білім

Дүниетану

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7-минут

Сыныпты шағын топтарға топтастыру(оқушылардың қан топтары бойынша бөлу)

І,ІІ,ІІІ,ІҮ

(Әр топ келесі топқа тілек тілеп,сиқырлы таяқшаны беріп,жағымды ахуал қалыптастырады)



Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма 1.

Тест сұрақтарына жауап беріңіз.



Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Шағын тест»

Ұйымдастыру формасы:жеке.

ҚБ: өзін-өзі бағалау смайлик арқылы

Сиқырлы таяқша
Тест тапсырмасы

Сабақтың ортасы

20-25 минут

Балалар не себепті сендерді қан топтарыңа сай топқа топтастырдым деп ойлайсыңдар?Бүгінгі сабаққа қатысы барма?

Оқушылардың қан топтары жайлы жауабы тыңдалып сабақтың тақырыбы ашылады.Сабақтың мақсаттарын таныстыру.

Видео көрсету (Қан Топтары.Қан Құю Ережесі.Резус-Фактор)

Мұғалім видео бойынша қорытындылайды.

Балалар мен сендерге алдын ала тапсырма бердім.Қан тобы,қан құю жайлы мағлұмат жинақтаңдар дегем.Кім осы мәліметті оқиды?

Ертеде адамдар қанның тіршілік үшін маңызды екенін білді,сондықтан оны «емдік сусын» деп атады.Ауру адамдарға жануарлардың немесе адамдардың қанын ішуге берді.Әрине мұндай «емнен» ешқандай нәтиже шықпады. ХVII ғасырда Гарвей қан айналу заңдылықтарын ашқаннан кейін, қан тамырларына қан құю идеясы пайда болды.1667ж. Францияда дәрігерлер Дени мен Эммерез алғаш рет көп мөлшерде қан жоғалтқан ауыр халдегі баланың қан тамырына қозының қанын құйды. 1919ж Англияда алғашқы рет адамның қанын адамға құйып көрді. Бірақ қан құю бірде өмірді сақтап қалса, көп жағдайда өлімге әкелді.

Осы сұраққа 1901 жылы ғалым Эрлих пен оның шәкірті Карл Ландштейнер жауап берді,олар қанның 1,2,3 тобын ашса, ал чех ғалымы Я.Янский 4-ші топты ашты. Сонымен жер бетіндегі адамдарда 4 түрлі қан тобы болады.

Осы мағлұмат бойынша оқушыларға сыни ойлауға сұрақ қою. Не себепті қан құйғанда бірде адама тірі қалды,бірде өлімге душар етті?Қалай ойлайсыңдар? (оқушылар жауабы)



Тапсырма 2.

(зерттеу жұмысы)

Оқушыларға қан топтарының сәйкестігін анықтау тәжірибесін жасау тапсырмасы ұсынылады.

1.Әр топ 4 сынауыққа жартылай су құяды.

2.«А» деп жазып, 4 сынауыққа аздаған қызыл бояу салады.

3.«B» деп жазып 4 сынауыққа аздаған көк бояу салады.

4.«AB» деп жазып 4 сынауыққа аздаған көк және қызыл бояу салады.

5.«О» деп жазып қалған 4 сынауыққа ештеңе қоспайды.

6. 4 топқа 4 түрлі сынауық беріледі.

7.Олар осы 4 сынауыққа өз қан тобының сынауығындағы ерітіндіні кезекпен құяды. Егер де түс өзгермесе қан тобы сай келеді, өзгерсе сай емес. Сай келсе кестеге +, сай емес болса белгісін қояды. Кестедегі нәтижеге қарап қан құю сызбасын сызып, қорытынды жасайды. Кестедегі нәтижеге қарап қан құю сызбасын сызып, қорытынды жасайды.Мұғалім оқушылардың жұмыстарына кері байланыс ұсынып,қан құю ережесін білуде осы жеткілікті бола ма,қан құюда тағы нені ескеру дұрыс деп талқылау жүргізеді. (Оқушылар резус-фактор туралы айтады) Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Бірге ойлаймыз»әдісі Ұйымдастыру формасы:топтық ҚБ: Қол шапалақтау арқылы мадақтау

Тапсырма 3.

Келесі тапсырма мәтінді фила кестесі бойынша талқылау.

Қосымша мәтінді мұқият оқып шығып, кестені толтырыңыз.

1-топ:Facts - бағанына проблемалық сценарийдің (мәтіннің) фактлерін жазады

2-топ:Ideas - бағанына аталған ситуацияның тууына себеп болады-ау деген идеялар жазылады

3-топ:Learning issues - бағанына Ideas бағанындағы идеяларды жүзеге асыруға көмектесетін сұрақтар жазылады

4-топ:Action plan - бағанына проблеманы шешетін нақты жоспар жазылады.(әрекет Ideas и Learning issues-ке сәйкес болу керек).

Дескриптор


  • Мәтінді түсініп оқиды;

  • Мәтіндегі факторларды анықтайды;

  • Идеяны ұсынады;

  • Болашақтағы іс-әрекетті жоспарлайды.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: FILA кестесі

Ұйымдастыру формасы: топтық.

ҚБ: Қан тамырлары арқылы бағалау

«Биологиялық диктант»әдісі:

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды. 1.Адамға тобы басқа қанды құйған кезде ......... бір-біріне жабысып қалады.( эритроциттер)

2.Бұл құбылысты .......деп атаймыз.(агглютинация) 3.Эритроциттердегі нәруыздар........,(агглютиноген)

4.Плазмадағы нәруыздар........деп аталады.(аглютининдер) 5.Қан тобынан басқа эритроцит нәруызы ......(резус) фактор.



Бағалау критерийі:

-оқушы берілген көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды.

- оқушы термин сөздерді қатесіз белгілейді.

-оқушы термин сөздің биологиялық маңызын біледі.



Дескриптор:

-Білім алушы көп нүктенің орнына қажетті сөзді жазады.

-Биологиялық маңызын зерделей алады.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Биологиялық диктант»

Ұйымдастыру формасы: жеке

ҚБ:Қол көтеру арқылы бағалау


Мәтін,

түрлі-түсті қарындаш-тар,

ватман,

стикерлер,



сынауық,

бояу


Қан тамырлары жазылған парақша

«FILA кестесі»

Жүрекшелер

Диктант жазылған парақша




Сабақтың соңы

5-8 минут

Кері байланыс: Қан тамыры

Артерия қан тамыры

Толық түсіндім

Вена қан тамыры

Жартылай түсіндім

Капиллярлар

Маған түсініксіз

Оқушылардың қан топтарына байланысты мінез-құлықтарын анықтау

Үй тапсырмасы: «Қан топтары: бұрын және бүгін»деген тақырыпта эссе жазу

«Қан тамыры» кестесі

Қосымша ақпарат

Мәтін ,тест тапсырмасы, кесте №1, FILA кестесі




Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

- Сабақтың мақсаты бойынша саралау;

- оқушыларды құрымдалған топқа топтастыруда /оқу ортасы бойынша саралау/;

- жаңа тақырыпты меңгеруде мәтіннен негізгі ойды табуда /мазмұны бойынша саралау/

Сабақтың бекіту кезеңінде /нәтиже бойынша саралау/



Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

-


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1.

2.



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқытуды да оқуға қатысты)

1.

2.



Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сабақ 12.40-13.20

1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Жағымды ахуал туғызу

4.Тест шештіру

5.Смайлик арқылы бағалату

6. Не себепті қан топтары бойынша отырғызғанын сұрай отырып ,тақырып пен оқу мақсатын айту

7.Видео

8.Бекарыстың мәліметі

10.Сұрағым: Не себепті қан құйғанда бірде адама тірі қалды,бірде өлімге душар етті?Қалай ойлайсыңдар?

11.Тәжірибе

12.Мадақтау қол шапалақтау

13.ФИЛА кестесі

14.Бағалату

15.Биологиялық диктант

16.Бағалату Қол көтеру арқылы

17 .Кері байланыс

18.Үй тапсырмасы

Дескриптор

  • Мәтінді түсініп оқиды;

  • Мәтіндегі факторларды анықтайды;

  • Идеяны ұсынады;

  • Болашақтағы іс-әрекетті жоспарлайды.


ҚОСЫМША 1. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Иммунитет теориясының фагоцитоз ілімінің негізін салды?

А.Э.Дженнер

В.Л.Пастер

Г.И.Сечнов

Д .И.Мечников

2.Бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін нәруыз

А.Эритроцит

В.Антидене

Г.Лейкоцит

Д.Тромбоцит

3.Егуді қолданған ағылшын дәрігері

А.Ч.Дарвин

В.Л.Пастер

Г.Л.Гук

Д.Э.Дженнер

4.Табиғи иммунитет бөлінуі

А.Туа пайда болған және жүре пайда болған

В.Белсенді иммунитет және әлсіз иммунитет

5.Егу арқылы қалыптасқан иммунитет

А.Табиғи

В.Туа біткен

Г.жЖсанды

Д. Жүре пайда болған

6.Саңырауқұлақтар тудыратын өсімдік ауруы

А.Тырысқақ

В.Фитофтороз

Г.Герпес


Д.Амеба дизентериясы

7.Лейшманиоз ауруының қоздырушысы

А.Тырысқақ вибрионы

В.Таяқша тәрізді бактерия

Г.Лейшмания

Д.Герпес вирусы

8.Бөтен нәруыздарды және тіршілігін жойған ұлпа нәруыздарын залалсыздандыруға қатысатын лейкоциттің типі

А.Эозинофилдер

В.Лимфоциттер

Г.Моноциттер

Д.Базофилдер

9.Лимфоциттердің кейбір түрлерін бөгде заттардың енуіне жауап ретінде бөліп шығаратын ерекше нәруыз

А.Антидене

В.Антиген

Г.Нейтрофиль

Д.Лейкоцит

10.Қоздырушысы тоқішекті зақымдайтын жұқпалы ауру түрі

А.Тырысқақ

В.Күл


Г.Амеба дизентериясы

Д.Герпес


ҚОСЫМША 2.

1кесте. Адам қанының түрлі топтарындағы антигендер мен антиденелердің болуы



Плазма тобы

(агглютинин-дер)



Эритроциттер тобы(агглютиногендер)

І(0)

ІІ(А)

ІІІ(В)

ІV(АВ)

І (α және β)













ІІ (β)













ІІІ (α)













ІV (0)













ҚОСЫМША 3.

FILA кестесін толтыру жайлы нұсқауық

Facts - бағанына проблемалық сценарийдің (мәтіннің) фактлері жазылады.

Ideas - бағанына аталған ситуацияның тууына себеп болады-ау деген идеялар жазылады.

Learning issues - бағанына Ideas бағанындағы идеяларды жүзеге асыруға көмектесетін сұрақтар жазылады.

Action plan - бағанына проблеманы шешетін нақты жоспар жазылады.(әрекет Ideas и Learning issues-ке сәйкес болу керек).
Автокатастрофадан зардап шеккен әйел ауруханаға түседі.Оған жедел түрде қан құю керек. Дәрігерлер оның отбасынан көмек сұрайды. Әр отбасы мүшесінің қан тобын анықтаған сараптама қорытындысы бойынша балаларының қаны ІІ және ІІІ топ, ал күйеуінің қаны (балалардың туған әкесі) ІV топ екені анықталды. Дәрігерлер қан құю орталығына сұраныс жасауға мәжбүр болды, өйткені отбасы мүшелері донор бола алмайды. Балалары туған аналарына ешбірі донор бола алмай, көмектесе алмағанына таңданып, оның себебін анықтағылары келді.

«Қан тобы.Қан құю» тақырыбына FILA кестесі

Facts(фактілер)

Ideas(идеялар)

Learning issues(сұрақтар)

Action plan(әрекет жоспары)

Қайғылы оқиға.

Ауруханадағы әйел. Балаларының қаны ІІ және ІІІ , кү -йеуінің қа-ны-ІV. Ана-лиздер нақ-ты

Барлығы бір біріне туған Қан құю орталығы Отбасы мүшелері донор бола алмады .



Көп мөлшерде қан жоғалтуы. Әйелдің қан тобы басқа

Резус-фак-тор сәйкес келмейді Балалар 18 жасқа тол-мады

Отбасы мүшелері донор бола алмайтын аурулармен ауруы мүмкін


Қан кету себебі Әйелдің қан кету себебі Әйелдің қан тобы қан-дай? Отба-сы мүшеле-нің резус-факторы қандай? Ба-лалардың жас мөлше-рі қандай? Кім донор бола алады? Донор де-гендер кім?

Қан тобын қалай анықтайды?



Отбасы мүшелері мен дәрігерлер-ден қан кету себептері, әйелдің қан тобы туралы сұрау

Донорлық, қан құю, қан тобын анықтаутуралы ақпаратты кітапхана-дан, Интернет-ресурстардан іздеу.





Facts(факті-лер)

Ideas(идеялар)

Learning issues(сұрақтар)

Action plan(әрекет жоспары)














Қолданылған әдебиеттер:
Өзін-өзі талдау кестесі


Мен сабақта жұмыс істедім

белсенді\белсенді емес

Мен өзімнің жұмысыма

ризамын\риза емеспін

Сабақ мен үшін.......




Мен сабақта

шаршаған жоқпын\шаршадым

Мен басқаларды

мұқият\зейінсіз тыңдадым

Сабақтың мазмұны мен үшін

түсінікті\түсініксіз болды


Оқушыға арналған жаднама


  1. 16 сынауыққа жартылай су құяды.

  2. «А» деп жазып, 4 сынауыққа аздаған қызыл бояу салады.

  3. «B» деп жазып 4 сынауыққа аздаған көк бояу салады.

  4. «AB» деп жазып 4 сынауыққа аздаған көк және қызыл бояу салады.

  5. «О» деп жазып қалған 4 сынауыққа ештеңе қоспайды.

  6. 4 оқушыны шақырып, әрқайсысына А, В, АВ және О деп жазылған бейджиктер беріледі.

  7.  Әр оқушыға 4 түрлі сынауық беріледі.

  8. Олар осы 4 сынауыққа өз қан тобының сынауығындағы ерітіндіні кезекпен құяды. Егер де түс өзгермесе қан тобы сай келеді, өзгерсе сай емес. Сай келсе кестеге + сай емес болса – белгісін қояды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет