Сабақтың мақсаты: Пәнаралық байланыс

Дата24.11.2016
өлшемі109,75 Kb.
#2434

Сабақтың мақсаты:
Пәнаралық байланыс: тарих, саз өнері, қазақ тілі, ауыз әдебиеті.

Көрнекіліктер: слайд, Қорқыт атаның суреттері, «Аңыз адам» журналы, «Қорқыт ата» кітабы, FILA кестесі, геометриялық фигуралар.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар геометриялық фигураларды таңдауына байланысты 3 топқа бөлініп отырғызылады.

- белгісін таңдаған жан-жақты, ізденгіш оқушылар -

«Зерттеушілер» тобы деп аталады.

- белгісін таңдаған лидер, жағдайға тез бейімделгіш

оқушылар «Әдебиеттанушылар» тобы деп аталады.

  • шығармашылық бейіні бар, зигзаг фигурасын таңдаған оқушылар «Өнертанушылар» тобы деп аталады.

Топқа бөлудің мақсаты– әр топтың бейінін пайдалана отырып, әдебиет пәніне қажетті білік-дағдыларын дамыту.

Келесі кезеңде проблемалық мәтін беріліп, оқушыларға проблема тудырылады және FILA кестесін пайдаланып жұмыс жасау тапсырылады.

Мәтін мазмұны:Қорқыт атаның аңыз кейіпкері делінуінің өзіндік себептері бар. Мәселен, біздің көп тарихымыз хатқа түспей қалған. Ауызекі түрде тараған. Соның нәтижесінде сөзге шешендік, ақындық пайда болған...

Жалпы Қорқытты біз ғана емес, түркі тілдес халықтардың көбі біледі. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші - бақсылар, ақын - жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір тұтқан.

Сондықтан тарихта нақ Қорқыт атты біреу болмаса да, әйтеуір, сол далада, сол көшпенділер мәдениетінде Қорқыт сияқты данышпанның болғаны айдан анық...(Тұрсынбек Кәкішев, әдебиеттанушы ғалым)

Оқушылар FILA кестесіне деректерді тереді.

Үш топтың да терген деректері бірдей болады.

Фактілер

Идеялар

Сұрақтар

Жоспарлы-әрекет

  1. Қорқыт ата – аңыз кейіпкері.

  2. Тарихымыз хатқа түспей, ауызекі тараған.

  3. Қорқытты түркі тілдес халықтардың көбі біледі.

  4. Қазақтың атақты күйші–бақсылары, ақын–жыраулары Қорқытты пір тұтқан.

Әр топ терген деректері бойынша топ мақсатына сәйкес, туындаған идеялары мен сұрақтарын оқиды. Бұл сұрақтар мен идеялар туындаған проблеманы шешудің кілті ретінде қолданылады.

«Зерттеушілер» тобы

Фактілер

Идеялар

Сұрақтар

Жоспарлы-әрекет

  1. Қорқыт ата – аңыз кейіпкері.

  2. Тарихымыз хатқа түспей, ауызекі тараған.

  3. Қорқытты түркі тілдес халықтардың көбі біледі.

  4. Қазақтың атақты күйші–бақсылары, ақын–жыраулары Қорқытты пір тұтқан.

  1. Қорқыт өмірде болған–болмағанын анықтау үшін деректер іздеу.

  2. Түркі тілдес халықтардың көбі білсе, түркі халықтарының қай тайпасының өкіліне жататынын анықтау.

  1. Қорқыт ата өмірде болған ба?

  2. Болса қай жерде, қай ғасырда өмір сүрген?

  3. Ол туралы қандай деректер бар?

  4. Түркі халықтарының көбі білетіндігі не себепті?

«Әдебиеттанушылар» тобы

1. Қорқытты ақын–жыраулар пір тұтса, ол ақын немесе жырау болуы мүмкін. Осыған байланысты деректер іздеу.

  1. Қорқыт ата кім болған?

  2. Ақын болса, қандай әдеби мұралары бар?

  3. Қандай еңбектер шығарған?

  4. Әдеби мұралары бар болса, біздің заманымызға қалай жеткен?

  5. Аңыз дегеніміз не?

«Өнертанушылар» тобы

Фактілер

Идеялар

Сұрақтар

Жоспарлы-әрекет

  1. Қорқыт ата – аңыз кейіпкері.

  2. Тарихымыз хатқа түспей, ауызекі тараған.

  3. Қорқытты түркі тілдес халықтардың көбі біледі.

  4. Қазақтың атақты күйші–бақсылары, ақын–жыраулары Қорқытты пір тұтқан.

1. Қорқытты күйші–бақсылар пір тұтса, ол күйші немесе бақсы болуы мүмкін. Осыған байланысты деректер іздеу.

  1. Күйшілер Қорқыт атаны неліктен пір тұтқан?

  2. Ол қандай аспапта ойнаған?

  3. Ол күйші ме? Күйші болса, қандай күйлері бар?

  4. Ол күйлер біздің заманымызға қалай жеткен?

Жоспарлы іс-әрекет бағанасын толтыру үшін оқушылар компьютерді қолданып, ақпарат көздеріне шығады.Проблеманы шешу жоспарын құрып, қойған сұрақтарына жауаптар іздейді.

FILA сызбанұсқасын қолдану ақпаратты жүйелеуге мүмкіндік береді, ойлау қабілеттерін дамыта отырып,проблеманы шешуге қол жеткізеді.

Оқушылар проблеманы қандай жолдармен шешкенін көрсетеді,тапқан жауаптарын талдайды және жинақтайды.

Әдебиет пәнінен осыған дейін алған білімдерін қолдана отырып, әр топ өз ойлары мен пікірлерін бір ортаға біріктіреді, яғни зерттеу жоспары жүзеге асырылады.

«Зерттеушілер» тобы

Фактілер

Идеялар

Сұрақтар

Жоспарлы-әрекет

  1. Қорқыт ата – аңыз кейіпкері.

  2. Тарихымыз хатқа түспей, ауызекі тараған.

  3. Қорқытты түркі тілдес халықтардың көбі біледі.

  4. Қазақтың атақты күйші–бақсылары, ақын–жыраулары Қорқытты пір тұтқан.

  1. Қорқыт өмірде болған–болмағанын анықтау үшін деректер іздеу.

2. Түркі тілдес халықтардың көбі білсе, түркі халықтарының қай тайпасының өкіліне жататынын анықтау.

  1. Қорқыт ата өмірде болған ба?

  2. Болса қай жерде, қай ғасырда өмір сүрген?

  3. Ол туралы қандай деректер бар?

  4. Түркі халықтарының көбі білетіндігі не себепті?

  1. Қорқыт ата– Сыр өңірінде оғыз– қыпшақ дәуірінде VІІІ–ІХғ. өмір сүрген тарихи тұлға. Ол Арал теңізінің жағасындағы Жанкент қаласында туған. Әкесі оғыз, анасы қыпшақ руынан шыққан.

  2. Қорқыт атаның бейітінің суреті біздің заманымызға жеткен. Оны К.Итаяқовтың өтініші бойынша И.Арзамасов суретке түсірген. (Ә.Диваев мәліметтері бойынша)

  3. «Қорқыт ата» кітабындағы кездесетін жер–су аттары (Алатау, Қаратау, Қазығұрт, Көкше теңіз және т.б.) да Қорқытқа байланысты аңыздардың шындыққа жанасатындығын дәлелдейді.)

  4. Қорқыт атаның бейітін ХХғ.60 жылдарында Сырдың суы шайып кетіп, 1980 жылы ескерткіш–кешен орнатылды. Ескерткіштің құрылымы бастары өзара түйіскен төрт қобыздың ансамблінен тұрады. Жел соққанда темір түтіктерден қобыздың даусына ұқсас үн шығады.

«Әдебиеттанушылар» тобы

Фактілер

Идеялар

Сұрақтар

Жоспарлы-әрекет

  1. Қорқыт ата – аңыз кейіпкері.

  2. Тарихымыз хатқа түспей, ауызекі тараған.

  3. Қорқытты түркі тілдес халықтардың көбі біледі.

  4. Қазақтың атақты күйші–бақсылары, ақын–жыраулары Қорқытты пір тұтқан.

1. Қорқытты ақын–жыраулар пір тұтса, ол ақын немесе жырау болуы мүмкін. Осыған байланысты деректер іздеу.

1. Қорқыт ата кім болған?

2. Ақын болса, қандай әдеби мұралары бар?

3. Қандай еңбектер шығарған?

4.Әдеби мұралары бар болса, біздің заманымызға қалай жеткен?

  1. Әдеби мұралардың бүгінгі қазақ әдебиетімен үндестігі бар ма?

  2. Аңыз дегеніміз не?

  1. Қорқыт ата ақын әрі жыршы болған. Оны біз «Қорқыт ата» кітабының қос қолжазба нұсқасындағы (Германиядағы Дрезден және Италиядағы Ватикан кітапханаларынан табылған) жырлар мен ол қалдырған нақыл сөздер арқылы танып білеміз. Бұл кітапта Қорқыт ата жырлаған 12 жыр жинақталған.

  2. Бұл жырлар қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен өте ұқсас. Мысалы, «Бамсы–Бейрек» жыры.

  3. Қорқыт атаның нақыл сөздерінің мағынасын қайталайтын мақал–мәтелдер бүгінгі қазақ әдебиетінде көптеп кездеседі.

  4. Қорқыт ата VІІІ–ІХғ. түркі тайпаларында өмір сүргендіктен, ежелгі дәуір әдебиетінің өкіліне жатады.

  5. Аңыз дегеніміз тарихта болған адам туралы шығарылып, кейіннен көркем шығармаға айналып кеткен әңгімелер.

«Өнертанушылар» тобы

Фактілер

Идеялар

Сұрақтар

Жоспарлы-әрекет

  1. Қорқыт ата – аңыз кейіпкері.

  2. Тарихымыз хатқа түспей, ауызекі тараған.

  3. Қорқытты түркі тілдес халықтардың көбі біледі.

  4. Қазақтың атақты күйші–бақсылары, ақын–жыраулары Қорқытты пір тұтқан.

1. Қорқытты күйші–бақсылар пір тұтса, ол күйші немесе бақсы болуы мүмкін. Осыған байланысты деректер іздеу.

  1. Күйшілер Қорқыт атаны неліктен пір тұтқан?

  2. Ол қандай аспапта ойнаған?

  3. Ол күйші ме? Күйші болса, қандай күйлері бар?

  4. Ол күйлер біздің заманымызға қалай жеткен?

  1. Қорқыт ата күйші болған. Себебі Қорқыттың күйлері біздің заманымызға дейін жеткен («Қорқыт», «Қазан», «Елім–ай», «Айрауықтың ащы күйі», «Аққу», «Әупбай», «Желмая» және т.б.). Оның күйлері түркі тектес халықтардан тек бізде, қазақ халқында ғана сақталған.

  2. Ол қобыз аспабын жасап шығарып, қобызда күйлер тудырған.

  3. Бірталай күйлерді біздің заманымызға жеткізген Нышан абыз (Ысмайыл қобызшы). 1975 жылы фольклоршы М.Байділдаев Ә.Диваевтың жөн сілтеуімен Нышан абыздан Қорқыттың күйлерін жазып алған.

Осыдан соңүш топтың да оқушыларының қатысуымен Қорқытқа байланысты аңыздар айтылады.

  1. аңыз. Қорқыттың өмірге келуі.

  2. аңыз. Қорқыттың желмаясы туралы.

  3. аңыз. «Қайда барсаң, Қорқыттың көрі» тұрақты тіркесінің шығу тарихы.

  4. Қорқыттың өліміне байланысты.

Сабақтыбекіту кезеңінде үш топқа да эссе жазу тапсырылады.

Компьютерден Қорқыттың «Аққу»күйі қосылып, оқушылар күй сазымен «Қорқыт туралы аңыздардың бүгінгі ұрпаққа берері не?» деген тақырыпқа ойтолғау жазады.

Сабақты қорыту. Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, Қорқыт ата өзі іздеген өлмес өмірді тапты ма?

  • Қорқыт туралы аңыздардың идеясы не?

Сабақ аяқталып, оқушылардың білімі бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет