«Қай жерде ойнауға болады,қай жерде ойнауға болмайды»
Мақсаттары
Балалардың қай жерде ойнауға және қай жерде ойнамау туралы білімдерін кеңейту. Ойын арқылы бағдаршам, негізгі жол, жиек жол, машина түрлері жайында нақтылай білім беру. Қарапайым көшеде жүру ережелерін естеріне сақтау. Өзара сыпайы болуға, ізеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Бүгін біз балалар сендермен көшенің қай жерінде жүруге болатынын және болмайтынын талқылаймыз.
Әрқайсымыз әртүрлі ойындарды жақсы көреміз. Көптеген адамдар және балалар компьютер ойындарын ұнатады. Кейбір балалар тек көшеде ойнағанды жақсы көреді.
Кейде ойын ойнаған кезде ойынға беріліп кетіп, айналадағы жағдайларды байқамаймыз. Компьютердің алдында отырып та өзімізге зиян келтіреміз. Қалай дейсіңдер ме? Тамақ, сабақ, туғандарға көмектесу, тіпті достар туралы да ұмытамыз. Бір орында отыра береміз. Бұның өзі сендердің денсаулықтарыңа зиян. Осы кезде балалар Абай атамыздың балаларға арнап жырлаған өлеңі еске түседі. Оны өздерің де біліп отырсыңдар.
- Абай атамыздың айтқан дана сөздерін көңілімізде мәңгі түйіп жүрейік!
- Ал сендер бос уақыттарыңда немен айнасасыңдар?
- Қандай пайдалы іспен шұғылданасыңдар?
- Аулада ойнау пайдалы ма? Таза ауада жиі серуендейсің бе?
Шаттық шеңбері: Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға Жиынымыз басталсын сәлемменен.
-Балалар, бүгін «Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды-?» яғни жолда жүру ережесімен танысамыз.
- Жол ережесін бұзуға бола ма - ?
- Қандай бала жол ережесін бұзбайды - ?
- Жолдың арғы бетіне қалай өту керек - ?
Тақтада не көріп тұрсыңдар-?
Үш түсті кім атап береді-?
Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жасыл көзі «жүр»дейді,
Қызыл көзі «тұр»дейді.
Сары көзі «дайын бол»дейді.
Бұл не-? (Бағдаршам).
Сұрақтар:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршамның неше түрі болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?