Сабақтың ортасы
|
«Үйренейік, білейік».
Әр оқушыға түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 3 - дана болу керек.
Мысалы:
а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.
ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер, өтуге болатын жер.
б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі, жол жұмыстары
Оқушылар өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады.
Жұмбақтар шешу.
Оқушыларға жұмбақтар жасырылады.
І. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
ІІ. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері)
ІІІ. Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
ІҮ. Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді.
(Бағдаршам)
|
Оқушылар жұмыстанады, және өздері салған суреттермен таныстырады
Оқушылар ға қай жерде ойнауға болады суреттер көрсетіледі.
|
|
Қайшылар.
түрлі түсті қағаздар
|
Сабақтың соңы
|
жағдаяттарды талдау
- Аулада қай жерде ойнауға болады?
- Қай жерде ойнауға болмайды?
- Жолдың бойына ойнау не үшін қауіпті?
- Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну қажет. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман- есен жүруге болады. Көшеде жол тәртібін сақтау сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе ғана қауіп төндіріп қоймай, басқа адамға да зияныңды тигізесің. Сондықтан жолда сақ бол!
Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады.
Рефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып «Аралдар» бұрышына ілу
|
Оқушылар жағдаяттарды талдап шешеді
|
|
презентация
|