Орындаған: Туремуратова Фатима Мамандығы: бопжӘ-104 Тексерген



Дата25.11.2022
өлшемі125,47 Kb.
#159801
Байланысты:
этно 9


Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті


ОБӨЖ/БӨЖ жұмысы 9 - апта
МӘНЖАЗБА


Тақырыбы: «Халық әндерінің ерекшеліктері»
Орындаған: Туремуратова Фатима
Мамандығы: БОПжӘ-104
Тексерген: Әбіл А.С
2022ж

Кез келген халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті болады. Оның бір саласы тарих болса, келесі бір арнасы — әдебиет пен өнер. Өз кезегінде өнер де сала-салаға жіктелелі. Оларды қол өнері, сүрет онері, сәулет өнері және саз өнері дейміз. Халкымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Зерттеушілердің анықтауынша, бұл екеуінің ерте туғаны — ән.


Ән — халық мұрасы. Халық әндері — сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, коңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар. Ең алдымен, ән — өнер. Ән — адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән — табиғат сүреттемесі. Ән – халыктың өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік ән арқауына айналып отырған.
Ерте дәүірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі қазақ халқының бақсылық дәстүрінен XIX ғасырға дейін көрініс тауып келді. Ондағы бақсы әрі әнші, әрі ақын, әрі биші. Ол өзі тартып отырған кобыз сарынына қосылып ән салады, би бнлейді және аруақтарға бағыштап олең айтады. Сөйтіп бір өзі өнердің үш түрін қатар атқарады. Мұны өнердің біртұтастығы немесе синкреттік белгісі дейміз.
Уақыт өткен сайын өнер де дамып, жетіліп, жіктеліп отырған. Енді ән, би, өлең жеке-жеке өнер түрінде қалыптасады. Оның бір ғана саласымен шұғылданатын орындаушы мамандар туады. Сөйтіп онердің әр саласы кәсіби сипатқа ие бола бастайды. Солардың бірі — ән өнері.
Әрбір дәуірдің, әрбір тарихи кезеңнің өз үні, өз әуені, өз мақамы болған. Сол сипатына қарап кез келген әннің туған кезеңін дөп басып анықтауға болады. Ән — өмір айнасы дегеніміздің мәнісі осында. Мұны әннің тарихи сипаты дейміз,
Әннің келесі бір қасиеті — әуезділігі, әсерлілігі, көркемділігі. Бұл уақыт сынынан мүдірместен өтіп, біздің заманымызға келіп жеткен халық әндерінің барлығына дерлік тән белгі. Жазба мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына терең әсер ететін әуезді саз ғана ел аузына ілігіп, ұзақ мерзім өмір сүре алған.
Халық әндеріне тән тағы бір белгі — әннің мазмұндылығы, елдің өмірі, тұрмыс-тіршілігімен сабақтастығы. Кез келген ән белгілі бір оқиғаға құрьлады. Соған орай оның айтайын деген ой-мазмұны да болады. Сол ой терен сезім арқылы тербеліп, көркем кесте — өлең түрінде сыртқа шығып отырған. Мүны әннің поэзиялык арқауы немесе әдеби сипаты дейміз. Осы үш белгі жоқ жерде оны ән жанрына жатқызу қиын. Уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүретін ән болмайды.
Әннің осы аталған үш сипатына орай тарихшы, ақын және сазгер қызметіне де тоқтала кеткеніміз орынды. Әнді тудырудағы бұлардың қызметі қандай? Өзара ерекшелігі неде?
Тарихшы — шежіреші. Әдетте ол нақты бір оқиғаны қара сөзбсн баяндайды. Өлең кестесін, поэзия тәсілдерін қолданбайды. Сондықтан оның тілінде өлеңге тән ырғак, өлшем, ұйқас бола бермепді. Егер әлгі шежіреші баяндаған тарихи оқиғаны өлең кестесіне түсірер болсақ, оның мазмұны өзгерер ме еді? Осы мәселеге токталған жерде тарихшы мен ақынның айырмасы олардың бірі болған оқиғаны, екіншісі болуы мүмкін оқиғаны баяндауында, деп көрсетеді Аристотель. Сөйтіп поэзияның тарихи шежіреден гөрі маңызды әрі күрделі жанр екенін айтады.
Тарих жеке бір оқиғаны баяндаса, поэзия сол оқиғаны жалпылай жырға қосады. Оған ән әуенінің де қатысы зор. Демек поэзия сияқты әннің де әлеуметтік маңызы елеулі. Ән — халықтың көркем ой-санасы деген сөзіміздің мәнісі осында.
Қазақ халқының ән өнері сан-салалы. Көне дәүірлерден келіп жеткен бұл мәдениет саласын бірнеше арнаға бөлуге болады. Олар: бақсы сарыны, жыраулық дәстүр, ертегілік, тарихи және лирикалық әндер.
Ән — вокалдық жанр. Халық әндеріне тән мынадай белгілерді көрсетуге болады:
1) әннің мазмұны, яғни әдеби мәтіні.
2) әннің әуені, яғни музыкасы.
3) әннің жанрлық ерекшелігі.
Әннің алғашқы сипатына орай В.Е.Гусев: .»Песня поется, и ее содержание выражает не только слово, но и мелодия, и ритмический ее строи, песенный образ не тождествен образу стихотворному» (Эстетика фольклора.-Л.,1967, 88-б-),- деп жазған болатын. Халық әндерін біз тақпақ сазды речитативтік, тарихи және лирикалық деп білеміз. Бұл ерекшеліктер бірде әндердің музыкалық интонациялық жүиесіне қатысты болса, енді бірдс жанрлық сипатьн білдіреді.
В.Я.Пропп музыкалық шығарманың жанры оның тарихи шындықты бсйнелеу немесе көрсету дәрежесіне байланысты деген пікір айтқан. Осы тұрғыдан келгенде халық әндерін тарихи, лирикалық деп бөлуге әбден болады. Тарихн әннің ел аузында сақталған улгілері аз емес. Бізге жеткен көркем бір нұсқасы — «Елім-ай» XVIII ғасырдың бас кезіндегі жоңгар шапқыншығына байланысты туған шығарма.
Халық арасына кең таралған лирикалық әндерге келер болсақ олардың жүздеген үлгілерін атауға болады. «Қамажай», «Бипыл», «Сәулем-ай» секілді толып жатқан әндердің барлығы да лирикалық жанрға жатады. Лирикалық әндерге катысты бір ерекшелік — онда сюжеттің болмауы, оның есесіне эмоцияға негізделген сезім лирикасы, поэзиялык. параллелизмдердің басым кездесуі. Оның мәнісі, әннің бір шұмағын құрайтан алғашқы екі жол басқа, соңғы екі жол өзге ойды білдіруінде. Әннің тұтастығы осы ойлардың сабақтастығынан туады.
Халық әндерінің стильдік ерекшеліктеріне бойлай түсетін болсақ, олардың музыкалық әуені мен әдеби мәтінінің бірде сәйкес, бірде сәйкес еместігін аңғарамыз. Бұл ерекшелікті ғылым тідімен синхрондық және асихрондық деп екіге жіктейміз. Асинхрондық жүйеге негізделген әндердің музыкасы мен әдеби мәтіні әр түрлі кезеңдерде тугандықтан, олардың құрылымдық жағынан бір-біріне сәйкес келмейтіні байқалады.
Речитативтік әндер халық шығармашылығына да авторлық шығармашылыққа да тән құбылыс.
Олардың басты ерекшелігі — өлең жолының әр буынына жеке музыкалық үн-дыбыстың келіп отыруы (слогонота). Мұндағыы жеке буындар бірнеше дыбысқа созылмайды, музыкалық интонациясы бір деңгейде дамиды. Оның диапазоны-шектеулі, ннтонациялык секірістер өте сирек кездеседі.
Қазақ фольклоры аясьнда жегкен әндерге тән ладтық құрылым -диатоника. Хроматикалық жүйе речитативтік, созылмалы лирикалық әндерде мүлде кездеспейді. Музыка теориясында бірінші «гептатоника» немесе «классикалық диатоника» аталып жүрген халық ладтарының көптеген үлгілері кездесіп отырады. Тағы бір ескертеріміз, халыкқ әндеріне келгенде тональдік терминін қолдануға болмайды. Олардың ладтық негізі ғана анықталуға тиіс.
Тональдік — классикалык музыкаға тән ұғым. Ондағы дыбыс қатары міндетті түрде 8 басқыш болып келеді; кез келген октаваның тоникалық дыбысы сол шығарманың тұрақты басқышы болып табылады. Қазақ фольклорындағы мақам (лад) — әдетте 7 кейде одан да аз басқыштан тұратын дыбыс қатарына байланысты қолданылатын атау. Одардың ладтық тұрағы -тоникасы міндетті түрде дыбыс қатарының төменгі дыбысы болып табылады.
Халық әндерінің интонациялық-диапазондық құрылымын талдағанда оларға классикалық музыкаға тән терминдерді қолдануға болмайды. Музыкалық фольклортану ғылымында халық әндерінің дыбыс қатарына байланысты мынадай терминдер қалыптасқан:
1. Трихорд (до- ми- фа; ре — ми ~ соль) ~ үш дыбыстан тұратын құрылым.
2. Тетрахорд – төрт дыбыстан тұратын құрылым.
3. Пентахорд — бес дыбыстан тұратым құрылым.
4. Гексахорд — алты дыбыстан тұратын құрьлым.
5.Гентахорд — жеті дыбыстан тұратын құрылым.
Фольклорлық шығармалар тұсында оларға қатысты ғылыми үғым-түсініктер мен арнайы терминдерді ескеру қажет.
Қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұра, рухани жәдігерліктері­нің ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп, бүгінге жеткен көл-көсір ән қазы­на­сы ерекше орын ала­ды. Қазақ әні – қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айна­сы, халық рухының ықылымнан тіл қатқан тірі куәгері. Күнделікті тұр­мыс-тіршілік, салт-дәстүрге орай­ла­са туған ғұрыптық ән, қара өлең­дерден тартып, адам баласы­ның аңсар-мұратын, қайғы-мұң, сағы­ныш-шерін, өзек өртер өкініші мен жар­қын үміт, қуаныш-шаттығын – сан-алуан сезім-күй, жан әлемін өрнектеп, форма­лық, мазмұндық тұрғыдан кемеліне келе түр­леніп, биік кәсіби өреге жеткен дәс­түрлі ән өнері ұлттық музыка мәде­ниеті­міздің алтын өзегі, ықылым­нан бү­гін­ге арқауын үзбей жетіп, қазіргі рухани болмысымызға нәр беріп тұрған сарқыл­мас қайнар іспетті. Тал бесіктен жер бе­сікке дейін әнмен, жырмен көмкерілер адам ғұмыры және бұл тағдырдың қазақ баласына қатысы туралы данышпан Абай: “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең”, – деп толғайды. Әнді осынша сүйген, әнге осынша мән берген халық, шын мәнінде, “санын сөз етсеңіз де, сапасын сөз етсеңіз де мақтануға тұрарлық қымбат дүние” (А.Жұбанов) – ұрпақтың ұрпағына кетер, тозбас, өшпес ән қазынасын жасады. Қазақ елінің әлемдік мәдениетке қосар үлесі де күйімен, жырымен бірге осынау дәстүрлі ән мұрасы екенінде күмән жоқ. Қазақтың дәстүрлі ән үлгілерін әзірге тұтастай дерлік мол қамтыған “Қазақтың дәстүрлі 1000 әні” аталатын осы антология жоғарыда айтылған сөзімізге толық негіз бола алады деп ойлаймыз. Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жөнінен алуан түрлі. Фольклор­тану­шылар мен музыка зерттеушілері қазақтың дәстүрлі ән өнерін тұрмыс-салтқа байланысты ғұрып­тық әндер, халық әндері және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр. Ғұрыптық ән­дердің өзі – бесік жыры, тойбастар, беташар, жоқтау, көрісу, сыңсу, жар-жар, жарапазан болып тармақталса, әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби ән өнері – халық әндері (ано­нимды-авторлық) және кәсіби халық ком­позиторларының әндері болып салаланады. Осы жинаққа ғұрыптық әндердің түр-түрі, мүмкіндігінше, толық енгізіл­ді: бала жұбатқанда айты­ла­тын – бесік жыры, қыз ұзатылғанда айты­ла­тын – сыңсу, аужарлар, той кезінде айтылатын – той­бас­тарлар, ораза кезінде айты­латын – жарапазандар, бұ­рынғы за­ман­да малдың ауруы­на бай­ла­нысты айтылған – күләп­сан, науқастың дертін алас­тау үшін айтылған – бә­дік, бақсы сарындары, бір-бі­ріне сәлем жолдағанда айты­латын – хат-өлең, кісі қайтыс бол­ғанда айтылатын – дауыс, жоқтаулар бар. Көшпелі өмір­­ден отырықшылық тұрмысқа бейімделе бастағаннан кейін ел ішінде ғұрыптық әндер сирек айтылатын болды. Қазіргі кезде мүлдем айтылмайтындары – бәдік, күләпсан, хат-өлең т.б. Жинаққа, негізінен, Қазақстанның Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, және Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан жерінде тұратын қазақтар айтатын ғұрыптық әндердің үлгілері кірді. Әдетте, екінің бірі, яғни әншілік дайын­дығы жоқ кез келген адам орындай беретін, қарапайым әндерді қара өлең дейді. Қара өлеңдер көпшілік жиналған жерде, думан, тойларда, дастарқан басында, көбіне, аспап сүйемелінсіз айтыла береді. Қара өлеңнің тақырыптық аясы өте кең, оған ел жайы, жер сағынышы, ғашықтық сезім жалпы адам өмірі мен болмысына тән барша құбылыстар арқау бола береді. Қара өлеңмен айтысатын айтыс түрлері де болған. Осы жанрды зерттеп жүр­ген ғалымдарымыздың пайымдауынша, “қара” деген сөздің өзі “ескі” деген ұғымды да білдіретін көрінеді. А.Затаевичтің “Қазақ­тың 1000 әні” атты еңбегінде “ескі ән” деген атаумен де кездесетін әндер бар. Ертеректе қара өлеңді “қара әуез” деп те атаған. Қазіргі күн­де де Моңғолия қазақтары қара өлеңді “қара әуез” деп айтады. Осы жинақтағы №49,50 күйтабақтар қазақ әндерінің осы жанрына арналған. Неғұрлым көне болғандықтан жоғарыда айтылған ғұрыптық, фольклорлық қара өлең үлгілері музыка мәдениетіміздің дамуындағы алғашқы баспалдақ ретінде қарастырылып жүр және олардың халық әндерімен етене жақындығын ешкім жоққа шығара алмайды. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, уақыт өте келе, авторлары ұмытылып, бүгінгі күнге ха­лық әндері санатында жеткен рухани жәді­герліктер дәстүрлі музыкамыздың ең бір мол қа­зынасын құрайды. Халық әндерінің құры­лымы, әуендік тілі қарапайым, диапазоны шағын, әуезді келеді. Дегенмен, халық әнде­рінің ішінде құрылымы күрделі, диапазоны кең дәстүрлі кәсіби әндермен пара-пар келетін үлгілер де кездеседі. Мысалы: “Ал­қоңыр”, “Ақбақай”, “Сұржекей”, “Гауhар­тас”, т.б. – осы сипатты әндерге жатады. Бір есептен осындай үлгідегі әндерді әлдебір себептермен авторлары беймәлімге айналған кәсіби әндер деуге де болар еді. Сонымен бірге, әр өңірде қалыптасқан орындаушылық мәнер, интонациялық, ладтық ерекшеліктерге байланысты халық әндерінің әуен-сазы, пішін, құрылымы алуан түрлі болып келеді. Жинаққа Қазақстанның барлық өңірлерінде айтылатын 500-ге жуық халық әндері енді. Осы арада дәстүрлі қазақ әндерінің аспап­тық сүйемелі жөнінде айта кеткен орынды. Қазақ әндерінің басым көпшілігі домбыра­ның сүйемелімен орындалады. Қобыз, сыр­най, жетіген, үш ішекті домбырамен де айтылатын әндер бар. Үш ішекті домбырамен ән айту дәстүрі, негізінен, еліміздің шығыс өңі­ріне тән. Осы жинаққа үш ішекті домбы­раның сүйемелдеуімен – “Жорғатай”, “Керім-ау, айдай”, “Ақ ерке”, “Іркужан” сияқты бірнеше халық әндері енді. Ш.Уәлиханов (XІX ғ.) бала күнінде қобызбен ән айтқан Жанақ ақынды көргенін жазады. Бұдан басқа да зерттеулерде қазақ даласында қобызбен ән-жыр айтушылардың көп болғандығы айтылады. Осы жинақтағы Сматай Үмбетбаев (“Ай, сәулем”), Қазбек Әдік­ей (“Ағажай, Алтай”, “Бозторғай”) орын­даған әндер сияқты, қазіргі бірде-екілі үлгі, тәжірибелер болмаса, қазақ ән өнерінде үзіліңкіреп қалған үрдістің бірі – осы. Тайжан, Шашубай, Нартай, Майралардың қалыптастырған сырнаймен ән айту дәстүрін бұл күнде Мұхаметжан Рүстемов, Құрманбек Бекпейісов, Клара Төленбаева, Назгүл Қилыбаевалар жалғастырып отыр. Жиырмасыншы ғасырдың оты­зын­шы жылдарында қазақ музыка мә­дениетіне күйсандықтың (фор­те­пиано) сүйемелімен ән айту үрдісі ене бастады. Бұл үрдіс орындаушылық өнерге қазақтың төл дәстүріндей сіңіп кетті. Күйсандықтың сүйемелімен ән айтқан Күләш Байсейітова, Шабал Бейсекова, Жамал Ома­рова, Рахия Қойшыбаева, Елубай Өмірзақов, Рәбиға Есімжанова, тағы басқа біраз әншілердің таспаға жазылып, сақталған дауыстары осы жинаққа енгізілді. Дәстүрлі кәсіби әндер кемел құрылымы­мен, кең диапазон, күрделі ырғақ-иірімдері­мен ерекшеленеді, сондықтан кәсіби әндерді, не­гізінен, арнайы ұстаз алдын көрген әнші­лер ғана орындайды. Әуендік, орындаушы­лық, құрылымдық өзгешеліктеріне, орнығып, өрістеген өлкелеріне қарай дәстүрлі ән өне­рінде, шартты түрде, бірнеше кәсіби әншілік дәстүрлер мен мектептер қалып­тасты. Олар – Арқа, Жетісу және Батыс әншілік мектептері деп ата­лады. Кәсіби әндердің көбісі – жо­ғарғы регистрде айтылатын қаратпа әуен-сөздерден басталады. Музы­катану ғылымында ол “ақындық мелодиялық формула” деп аталды. “Көбінесе ән басы келеді ащы, - Кел, тыңда деп өзгеге болар бас­шы”, – деп Абай осыны айтса керек. Қазақтың кәсіби ән өнері, әсіресе XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өз дамуының шырқау биігіне жетті. Қазақ өне­рінде сал-серілердің пайда болуы кә­сіби ән өнерінің шарықтап да­муы­мен тығыз байланысты құбы­лыс. Сал-серілер деп, әдетте бір басына бірнеше өнер қонған, сегіз қырлы, бір сырлы өзгеше дарын иелерін айтқан. Айрықша киініп, сұлу ат мініп, маңына өнерлі жас­тарды жинап, ел аралап, қызық-ду­манға бөлеу – сал-серілер ұстанған тұтастай бір өмір салты еді. Қазақ даласының әр қиырынан Біржан, Ақан, Мұхит, Кенен сияқты сал-сері тұлғалардың шығуы жоғарыда аталған ән мектептерінің қалып­тасуына зор ықпал етті. Арқа әншілік дәстүрі. Еліміздің Шығыс, Орталық, Солтүстік аймақтарын қамтитын Арқа әншілік дәстүрі кең тыныстылығымен, әуен байлығымен, терең мазмұн, күрделі құрылымымен ерекшеленеді. Көмейіне бұлбұл ұялаған небір күміс көмей, жезтаңдай әншілер осы өлкеде дүниеге келіп, сал-серілер дәстүрін орнықтырып, қазақ әнінің өрісін кеңейтіп, өресін биіктетті. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Абай, Әсет, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жарыл­ғап­берді, Иманжүсіп, Ғазиз, Естай, Мәди сияқты әнші-композиторлар қазақ әнін бұрын болмаған биік өреге көтерді. Кейінгі ұрпаққа Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Игібай Әлібаев, Байғабыл Жылқыбаев, Қо­сым­жан Бабақов, Жабай Тоғандықовтар ар­қылы жеткен осынау мол қазына, асыл аманат­ты Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жаңыл Қартабаева, Ләззат Сүйіндікова, Мәдениет Ешекеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов сынды майталман әншілер дәстүрлі әннің қазіргі буын орындаушыларына арқауын үзбей, сынын бұзбай тапсырды.
Арқа әншілік дәстүрінің кәсіби түрде дамуы Біржан сал Қожағұлұлы шығармашы­лы­ғынан бастау алады. Қазақ әнін әуендік, ырғақтық, интонациялық тұрғыдан мейлінше байытқан Біржан туындылары – қазақ әншілік дәстүріндегі жаңа құбылыс, жаңа кезең. Көпшілігі кең тыныс, зор дауыспен шырқалатын үлкен диапазондағы Біржан әндерін мазмұндық-тақырыптық жағынан екі топқа бөліп қарауға болады. Біріншісі – ғашықтық, махаббат сырын шертетін, сұлу­лықты жырлайтын “Ғашығым”, “Ақтентек”, “Ләйлім шырақ”, “Мақпал” сияқты сыршыл әндері, екіншісі – өзі өмір сүрген қоғамдағы өнерпаз тағдырын толғайтын “Жанбота”, “Адасқақ”, “Теміртас” тәрізді туындылары. Әнші-композитордың бұрын айтылмаған “Біржан салдың соңғы әні”, “Қуандыққа”, “Мәті-Дәулен” сияқты әндері осы жинақта тұңғыш рет жарық көріп отыр. Осы аталған және мазмұндық-тақырыптық жағынан әр алуан болып келетін басқа да тамаша әндері­мен Біржан сал қазақ музыка мәдениеті та­рихындағы аса ірі тұлғалардың қатарынан орын алады. Арқадағы әншілік дәстүрдің ендігі бір алтын діңгегі – Ақан сері Қорамсаұлы қазақ ән өнерінің арнасына тың ағыс қосқан тұл­ғалардың қатарына жатады. Әнші-компози­тор­дың нәзік лиризмге, толқынды ырғақ, сұлу әуенге бай, шалқыған кең тынысты шығар­малары қазақ әнінің өрісін кеңейтіп, тұғырын биіктете түсті. Ақан әндерінің тақырыбы да сан алуан. Әсіресе, оның көрікті әйел бейнесін, ғашықтық сезімін жырлаған “Ақтоқты”, “Балқадиша”, “Алтыбасар”, “Жа­мал қыз”, “Сырымбет”, “Мақпал”, т.б. ән­дері, сондай-ақ, жүйрік мініп, құс баптаған саят­шы, серінің аты аңызға айналған тұлпа­рына (“Құлагер”, “Маңмаңгер”), қыран құсына (“Қараторғай”) арнаған шығармалары – дәстүрлі ән өнерінің інжу-маржандары. Әнші-композитор мұрасының кеңінен насихатталуына, әсіресе, Ж.Елебеков көп еңбек сіңірді. Антологияға Ақан серінің көпшілікке белгісіз “Ақан сері”, “Қара тө­бет”, “Қызыл гүл”, “Ақ саусақ”, “Ақтоқты­ның жеңгесінің әні”, “Көкшетаудың биігі”, “Құяң бел”, “Пар жектім” деген әндері де еніп отыр. Арқа өңірінде өмір сүрген тағы бір айтулы әнші-композитор – Жаяу Мұса Байжан­ұлы­ның қазақтың әншілік өнерін дамытуға, оны жаңа саз, өрнектермен байытуға қосқан үлесі мол. Жаяу Мұса әндері көркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз және әрқайсысы бір-біріне ұқсамайтын, жаңашыл сипатта болып келеді. “Ақ сиса”, “Көкаршын”, “Шолпан”, “Құл­бай бай”, “Гауhар қыз” сияқты әндері қазақ ән өнеріндегі шоқтығы биік, қайталанбас үлгілер. Жаяу Мұса ерте сауат ашып, орысша хат таныған адам. Еуропаның музыкалық мәдениетінен біршама хабардар болғандық­тан, біраз әндерінде қала әсерінен пайда болған марш, би ырғақтары да кездеседі. Осы антологияға оның жұртшылыққа бұрыннан белгілі туындыларымен бірге, қазір өте сирек орындалатын “Келдім сізге”, “Қос қанат”, “Сылқым соқ” деген әндері енгізілді. Сон­дай-ақ, осыған дейін Жаяу Мұсаның әні деп айтылып келген “Сұрша қыз” әні нақтылы авторы Балуан Шолаққа қайтарылып, Қосымжан Бабақовтың орындауында Б.Ерзаковичтің және М.Төлебаевтың жазып алған ноталары бойынша Жаяу Мұсаның өз “Сұрша қызы” қалпына келтірілді. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың антоло­гияға 12 әні енді. Оның айтулы әншілер орындаған әйгілі әндермен қатар, көпшілікке беймәлім “Өзгеге көңілім тоярсың” (А.За­таевич­тің “Қазақтың 500 ән-күйі” жина­ғынан), “Сегіз аяқ” (2-ші түрі, Хабиба Елебе­кованың жеткізген нұсқасы бойынша), “Сұрғылт тұман дым бүркіп” (Ниязбек Алда­жаровтың жеткізген нұсқасы бойынша) деген шығармалары қазіргі әншілердің орындауын­да алғаш рет ұсынылып отыр. Ұлттық музыка тілін өзіндік стильмен байытқан “Сегіз аяқ”, “Айттым сәлем, Қаламқас”, “Желсіз түнде жарық ай”, “Қараңғы түнде тау қалғып”, “Көзімнің қарасы”, “Татьянаның әні” сынды әндері арқылы қазақ әніне соны әуен, өзгеше өлшем мен түр ала келген Абайдың жаңашылдық дәстүрін ғұлама ойшыл, ақын, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлы жалғастырды. Шәкәрімнің “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек”, “Анадан алғаш туғанда”, “Жиырма үш жасымда”, “Ән туралы” сияқты әндерінің Абай шығармашылығымен өзектестігі айқын танылады. Ақылбай, Уәйіс, Берікбол (Ағаш­аяқ), Мұхамеджан, Шәкір Әбенов сияқты әнші-композиторлар да Абай, Шәкәрім салған үрдісті дамыта түсті. Олардың әндерін на­сихаттаушылар қатарында Кел­ден­бай Өлмесеков, Серікболсын Бек­босынов, Амангелді Жікенов, Санақ Әбеуов, Тельман Құжиманов, Ер­кін Шүкіманов, Ерлан Рысқали сияқты әншілер бар. Біржан сал, Ақан серілердің шығарма­шы­лық дәстүрімен сабақтасып жатқан Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы әндерінің тақырыбы алуан түрлі. Оның әндерінің көпшілігі ойнақылығымен, өзгеше екпін-ырғағымен ерекшеленеді. (“Қарақат көз”, “Толқын”, “Қызыл асық”). Бүгінгі күнге, негізінен, бір-біріне ұқсамайтын 4 түрлі нұсқада жеткен “Гәкку” әні Үкілі Ыбырай шығармашылығы­ның шыңы болып саналады. Оның әндерінің бірден-бір жеткізушісі – өз ұрпағы Мұса Асайынов болса, халыққа кең таралуына әнші Қ.Бай­бо­сынов айрықша үлес қосты. Арқа өңірінде қалыптас­қан әншілік, сал-серілік дәстүрдің тағы бір өкілі Ба­луан Шолақ – өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері ән­дерінің тамаша орындау­шы­сы әрі насихаттаушысы болды. Оның “Ғалия” (2 түрі), “Карон палуан”, “Дү­ние”, “Сентябрь”, “Жастық” сияқты әндері – қазақ музыкасындағы бай әуендік, құрылымдық өрнегімен көз тартатын айшықты туындылар. Бір айта кететін нәрсе, бұрындары Жаяу Мұсаныкі делініп келген “Сұрша қыз” әні осы антологияда Балуан Шолақтың әні деп берілді. Әннің авторлығы, негізінен, Кенен Әзірбаевтың Б.Ерзаковичке өз аузынан жаздырған Балуан Шолақ әндерінің ноталық жазбасына, Сәбит Мұқановтың еңбектеріне және басқа да біраз деректерге сүйене оты­рып, қалпына келтірілді. Жинақтағы Балуан әндерінің қатары К. Әзірбаевтан жазылып алынған ноталық жазбалар бойынша орын­далған тағы да бірнеше әнмен толыға түсті. Қазақ ән әлеміндегі ең жарқын тұлғалардың бірі – Әсет Найманбайұлы. Арқадағы Ақан сері, Біржан салдың, Құлтуманың сұлу сазды әндерін бойына сіңіріп өскен Әсет Найманбайұлы Аягөз – Тарбағатай мен Жетісу өңірлерінің де ән дәстүріне ынта-ықылас қойып, өнер тағылымын алған. Әсет әндерінің поэтикалық сөз өрнегі ән әуенімен шебер ұштасып жатады. Оның құрылымы кемел, өрнегі бөлек “Қаракөз”, “Кіші Ардақ”, “Үлкен Ардақ”, “Қоңырқаз”, “Қысмет”, “Мақпал”, “Інжу-мар­жан” сынды әндері адамның жан-дүние­сін тербейтін терең сезімге құрылған. Музы­калық мәдениетіміздің алтын қорына қосыл­ған Әсет әндерінің көпшілігі жұртшылыққа жезтаңдай әнші Дәнеш Рақышев арқылы жетті. Жинаққа енген “Ахау, жалған”, “Жай толқын”, “Өтті-ау, дүние-ай”, “Хаулилау Қал­қаш-ау” – Әсеттің осы күнде сирек орындалатын әндері. Арқа әншілік, сал-серілік дәстүрінің соңғы өкілдерінің бірі Естай Беркімбайұлы­ның есімі махаббат гимні іспетті әйгілі “Қор­лан” әні арқылы аңызға айналды. Бұдан бас­қа, “Жайқоңыр”, “Бір мысқал”, “Назқоңыр”, “Юран-ай” сияқты әндері Б.Жылқыбаев, Ж.Елебековтердің орындауында өзіндік нақыш-өрнек, қайталанбас сыр-сипатын бұзбай жетіп, халқымыздың ән қазынасын байыта түсті. “Қарқаралы”, “Қаракесек” сияқты барша қазаққа әйгілі сом алтындай кесек туын­ды­ларымен ұлттық музыка тарихында өшпес із қалдырған Мәди Бәпиұлы мен сырнаймен ән айту үрдісін қалыптастырушылардың бірі, “Майра”, “Толқыма”, “Бақша” сияқты терең сезім, мол сырлы тамаша әндер шығара отырып, қазақ ән өнерінде тұңғыш рет әйел-әнші бейнесін жасаған Майра Уәлиқызы да Арқа әншілік дәстүрін мейлінше көркейткен айтулы өнерпаздар еді. Осы күнге дейін Жарылғапбердінің әні деп танылып келген “Шама” әні жинақта Шама Нұрұлы деген әнші-композитордың әні болып берілді. Бұл дерек А.Затаевичтің “Қазақтың 1000 әні” жинағынан алынды. Сол сияқты Арқа өңірінде өмір сүрген Мұс­тафа, Сейітжан сал, Қанапия, Жарыл­ғап­бер­ді, Ғазиз, Иманжүсіп, Шашубай, Тәуке сынды біртуар өнерпаздардың бүгінге жеткен бірде-екілі әндері де осы жинаққа енгізіліп отыр. Сондай-ақ антологиядан, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Дулатов, Қ.Аманжоловтар­дың туындыларымен қатар, Р.Елебаев, М.Ержанов, Б.Жылқыбаев, Қ.Бабақов сияқты кейінгі буын дәстүрлі әнші-композитор­лардың шығармалары да орын алды. Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі. Батыс өлкенің кәсіби ән мектебі эпикалық дәстүр негізінде дамыған. А.Жұбановтың: “Қазақтың халықтық музыка мәдениетінде, оның ішінде, әннің дамуында жыршылар да үлкен рөл ойнады” деген пікірі ән мен жыр егіз ұғым саналатын осы өлкеге де қатысты. Батыс өңірдегі жыраулық-жыршылық өнердің жергілікті әншілік мектептің қалыптасуы мен өркендеуіне зор әсері болғаны анық. Ғұрыптық фольклор, қара өлеңдерден бастау алып дамыған мәтөк әндер, күлдіргі әндер, сағыныш әндер, қоңыр әндер деп аталатын лирикалық туындылар батыс өлке дәстүріндегі ән жанрының кең тақырыптық ауқымын көрсетеді.
Батыс кәсіби ән мектебінің негізгі тұлғасы – әнші-композитор Мұхит Мералыұлы. Мұхит әндері – диапазон кеңдігімен, ішкі мазмұнының тереңдігімен қазақ ән өнерін биікке көтерген аса бағалы мұра. Композитор шығарма­шылығында сол өлкедегі ерекше дамыған жыраулық-жыршылық өнер мен Батыс Қазақстанның сол кезеңдегі шырқау шыңына жеткен күйшілік дәстүрінің ерекше әсері болғаны сөзсіз. Себебі, әннің ішкі табиғатын, болмыс-бітімін, характерін ашуда домбыра сүйемеліндегі айшықты қа­ғыс­тар үлкен рөл атқарады. Батыс Қазақстан ән-жыр дәс­түріндегі домбыра сүйе­мелі аспапты кәсіби деңгейде шебер меңгеруді талап етеді. Өйткені, күйдегі дәстүрлі қағыстар, оң қол және сол қолдағы әртүрлі әдіс-амалдар ән сүйемелінің негізі болып табылады. Мұхит әндерінің бір алуаны орта диапазонды, қоңыр әндер болып келсе (“Алуаш”, “Дүние”, “Қол­жет­пес”, т.б.), “Айнамкөз”, “Зәуреш”, “Үлкен айдай” тәрізді туындылары – орындаушылық үлкен шеберлікпен биік шырқап айтылатын, кең тынысты, күрделі әндер. Жинаққа Мұхиттың 21 шығармасы енді, олардың ішінде сирек айтылатын “Қоқыш”, “Көк жар”, “Шандоз” деген әндері бар. Батыс Қазақстан аймағының ән дәстүрі күні бүгінге дейін жете зерттелмей келген­діктен, осы өңірдегі небір тамаша әнші-композиторлар шығармашылығы елеусіз қалып келді. Бала Ораз, Қиса, Аманғали, Аухат, Сары, Қызыл, Молдабай, Өтеғали, Дәуке, Білек, Ажар, т.б. көптеген әнші-композиторлардың шығармалары дер кезінде жиналмауы себепті, көптеген әндер жоғалып, ұмыт болған. Олардың бүгінге жеткен бірде-екілі туындылары жинақталып антологияға енгізілді. Батыс Қазақстан әндерінің бүгінгі заманға бұзылмай жетуіне зор еңбек сіңірген әйгілі әнші Ғарифолла Құрманғалиев болды. Мұхиттың әндерін оның немерелері Шайқы мен Шынтастан үйреніп, орындаушылық үлгілерін алған Ғ.Құрманғалиев өзінің ауқымды орындаушылық шеберлігі арқасында Қазақстанның Батыс аймағының ежелгі қара өлең үлгісіндегі халық әндерін кәсіби деңгейге жеткізді. Мәселен, ол “Әдемі қыз”, “Дариға” секілді халық әндеріне қайырма қосып, қосымша дыбыстар қолдану нәтижесінде бұл әндерге мол тыныс дарытып, кәсіби деңгейін көтерді. Ғ.Құрманғалиев – Мұхит дәстүріндегі әндердің шебер орындау­шысы ғана емес, өзі де көптеген әндер шы­ғарған тамаша сазгер. Оның мектебінен дәріс алған шәкірттері Қ.Бекбосынов, Ә.Еңкебаев, Қ.Құлышева, Қ.Рахимова, Ж.Сәрсенғалиев, Қ.Орашева, С.Таудаева, С.Рахметжанов, Г.Сүндетова, С.Абдрахманов, С.Жанпейісова, т.б. әншілер батыс ән дәстүрін жалғастырушы ізбасарлары болды. Ел ішінен шыққан асқақ әншілер Қ.Жұмалиев, М.Төрешов, Қ.Берді­ғалиев, А.Ғұбайдуллин, Е.Мағазов, т.б. әншілер – батыс өлкеде қалыптасқан әншілік дәстүрдің айтулы өкілдері. Маңғыстау әндері жалпы Батыс әндерінен домбыра қағысының, әуен екпінінің жайлы­ғымен ерекшеленеді. Маңғыстау жерінде XІX ғасырда “Жеті қайқы” деген атпен жеті өнерпаз өмір сүрген. Ол өлкеде “қайқы” де­ген сөз “сал-сері” деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде Маңғыстау әндері деп айты­латын әндердің басым көпшілігі – әнші-күйшілігімен, ақындық, сазгерлік өнерімен елге белгілі Досат, Өскінбай, Тұрсын, Әділ, Жылгелді, Тастемір, Шолтаман сияқты әнші-композиторлардың шығармалары. Маңғыстау жерінде бұдан басқа Хамит, Бораш, Ақбала, Қазихан, Смағұл, Қарабай, қосыла алмаған ғашығы Ақбөбекке арнаған әндерімен қазақ даласына белгілі болған Қайып Қорабайұлы деген өнерпаздар өткен. Маңғыстау әндерін осы күнге жеткізген Ізбасар Шыртанов, Күріш Тасболатов, Зәуреш Есбергенова, Жеткізген Сейітов, Бердіғали Срановтар болса, қазіргі кезде бұл дәстүрді Айгүл Қосанова, Елдос Еміл, Ақмарал Ерімбетова, Болат Шәулиев, Асанәлі Көшеров, Қыдырбай Жұмановтар жалғастырып жүр. Жетісу әншілік дәстүрі. Жетісу жеріндегі ән өнерінің қалыптасуына да осы өңірде ерекше дамыған ежелгі ақындық-жыршылық дәстүрдің зор ықпал еткені анық. Осы өңірдегі мейлінше көп айтылатын қара өлеңдер мен халық әндері кәсіби әншілік мектептің қалыптасуына негіз болды. Зерттеуші-ғалымдар Жетісуда Арқадағы Ақан, Біржандармен замандас Дәурен сал, Тәкен сал деген сал-сері, әнші-сазгерлер өткенін, бірақ шығармалары сақталмағанын жазады. Осы әншілік мектептің қалыптасуына ұйытқы болған дара тұлға Кенен Әзірбаев шығармаларының көбі негізінен өз орындауында жетті. Ұзақ жасап, артына мол мұра қалдырған Кенен әндерінің тақырып ауқымы мол, құрылым-пішіні жағынан да әр алуан, тынысы кең, әуені өрнекті, сан құбылған ырғақты келеді. “Боз­торғай”, “Көкшолақ”, “Бұлбұлға”, “Базар-Назар”, “Алатау алабында”, “Тік шырқау” сияқты әсем сазды, сұлу нақышты әндерімен Кенен Жетісу өлкесінде қалыптасқан әншілік дәстүрді кәсіби биік өреге көтерген қазақтың бірегей әнші-композиторы. Жамбыл, Сарбас, Балуан Шолақ сынды белгілі әнші-ақындардан үлгі-өнеге алған Кенен Әзірбаев өз өмірінде жүзден астам әндер шығарған. Оның осы антологияға енген әндері, өзінен басқа, қызы Төрткен Кененова мен кейінгі жас әншілердің орындауында берілді. Жетісуға аты әйгілі болған әнші-композитор Қапез Байғабылұлы Ыстамбұлда білім алып, туған жеріне оралған соң, мектептер ашып, бала оқытқан. Кейіннен саяси қуғынға ұшырап, репрессия құрбаны болады (1937 ж.). Қапездің бізге жеткен “Айхой”, “Дүние-ау”, “Қоштасу”, “Үш Меркі” деген әндері өзгеше әуендік сипатымен ерекшеленеді. Кезінде айтуға тыйым салынғандықтан, ұмытылуға айналған Қапез шығармаларын зерттеуші-ғалым Сағатбек Медеубекұлы, әншілер Ғалымжан Досанұлы, Рамазан Стамғазиевтар жеткізген болатын. Осы өлкенің тағы бір белгілі әнші-композиторы Пішән Жәлмендеұлы, заманында әншілігімен, күйшілігімен, ел басқару ісімен белгілі болған. Пішәннің соңында жан-жары Ғайшаға арнап, абақтыға айдалып бара жатқанда шығарған екі әні және “Дүние, шіркін” деген әндері қалды. Пішәннің әндерін осы күнге жеткізген әнші-ақын Әсімхан Қосбасаров еді. Жетісу жеріндегі әншілік өнердің тағы бір өкілі Сәдіқожа Мошанұлы болатын. Тағдыры шырғалаңға толы әнші-композитор 27 жасында туған елден жырақ Қытай жерінде дүниеден қайтты. Оның “Ахау, айым”, “Сары бидай”, “Сағынсаң, қалқа, өзің кел” сияқты өзіндік өрнек-нақышымен ерекшеленетін сұлу сазды әндерін осы күнге жеткізген – Дәнеш Рақышев. Жетісудың оңтүстік жағындағы Шу өңі­рінде жасаған Сауытбек Ұсаұлы, әнші-компо­зитор ретінде, қосыла алмаған арманды ға­шы­ғы Ақбөпеге арнаған әнімен белгілі. Автор­дың соңында қалған жалғыз ән болған­мен, “Ақбөпе” – сезім тереңдігімен, көркем де күрделі бітімімен дәстүрлі кәсіби ән өне­ріндегі шоқтығы биік туындылар қатарынан орын алады. Осы күнге “Ақбөпе” әнінің екі нұсқасы жетті. Жинаққа оның бірі Жамал Ома­рованың, екіншісі Аяз Бетбаевтың орындауында кірді. Жетісу өлкесінен шыққан және бір күміс көмей әнші, тамаша композитор Дәнеш Рақышев көптеген халық әндері мен халық композиторларының туындыларын тынбай насихаттап өтті. Әнші-композитордың “Саясында алманың”, “Жер сұлуы Жетісу”, “Аяулым менің, арайлым”, “Балжан-ай” сияқты әсем әуезді өз әндері де жинақтан мол орын алып отыр. Бұл композиторлардан басқа Жетісу әндері жинақта Бармақ, Үмбетәлі, Шалтабай, Қарға, Көдек, Әсімхан, Қырбай, Көбейбай, Бұлша, Қымбат сияқты әнші-композитор­лардың шығармашылықтарымен толық­ты­рылды. Жетісу әндері осы күнге Кенен Әзірбаев, Қуат Ниязбаев, Қанабек Райысов, Мұхтар Өтебаев, Серғали Әбжанов, Сәбит Оразбаев, Алтынбек Оразбаев, Төрткен Кененовалар арқылы жетсе, бұл дәстүрді кейінгі кезде Райымқұл Темірбаев, Ержан Қосбармақов, Рамазан Стамғазиев, Дүйсенбек Өміралиев, Ақан Әбдуәлиев, Тілеулес Құрманғалиев, Ардақ Балажанова, Жазгүл Даңылбаева, Ерболат Шалдыбеков, Нұргүл Әлқожаевалар насихаттап жүр. Сыр өңірінің әншілік өнері бұл антоло­гияда халық әндері “Көкшетау”, “Долана”, Андағұл Балқы Дайрабай, Нартай, Ешнияз сал, Күмісай, Тоғжан, Рүстембек жырау, Әбілда Жүргенбаевтардың туындыларымен көрініс тапты. Бұл әндерді Мұхамеджан Рүстемов, Құрманбек Бекпейісов, ел ішіне жыршы ретінде танымал Алмас Алматов, Елмұра Жаңабергенова, Ғазиза Шаймаха­нова, Сәбит Дабыловтар орындайды. ҚХР-дың Шыңжаң өлкесіндегі Алтай, Тарбағатай, Іле қазақтарының жинаққа енген кәсіби әндері – атажұртқа бейтаныс халық әндерінен, сондай-ақ, Таңжарық, Аппақ, Сұлубай, Бүркітбай, Төлеухан, Жұмахан, Құмарбек Көпенұлы, Рәфиық Домбаев, Шәушекей Керімқызы деген әнші-компо­зиторлардың шығармаларынан тұрады. Бұл әндерді Әмина Нұғманова, Керім Елемес, Алтынкүл Бапарқызы, Сағадат Мырзахмет­ұлы, Гүлзира Бөкейханқызы, Шәбә Әден­құлқызы, Айнұр Қалайқызы, Майра Қайратқызы, Думан Оралбай, Арай Асқап сияқты әншілер орындаған. Антологияны құрастыру барысында, бұрын-соңды естілмеген, немесе, қазірде ұмытылып бара жатқан көптеген ескі әндер табылды. Мәселен, “Арыстанның әні”, “Нүр­кейдің әні”, “Соқыр Қақпанның әні”, “Қайран Алтай-Марқакөл” деген әндер қазіргі әншілердің репертуарларында мүлде кездеспейді. Сондай-ақ, бұрын көп айтылмаған “Иташтың әні”, “Көдектің әні”, “Кәштеннің әні”, бұрын белгілі болса да, жұрт құлағына әлі жете қоймаған “Бармақ­тың әні”, “Шыныбайдың әні”, “Қиясбайдың әні” “Қабыштың әні” сияқты біраз әндер алғаш рет осы жинақта жарияланып отыр. Жинаққа ертеректе шыққан қазақ әндері­нің ноталық жазбаларынан бұрын орын­далмаған біршама әндер енгізілді. Мәселен, А.Затаевичтің “Қазақ халқының 1000 әні” жинағындағы Ахмет Байтұрсыновтан жазылып алынған халық әні “Кәмшат бөрік”, осы автордың “Қазақ халқының 500 ән мен күйі” кітабындағы Қаныш Сәтпаевтан жа­зы­лып алынған халық әндері “Ажардың сары­ны”, “Бибігүл”, Б.Ерзаковичтың “Қазақтың ғашықтық әндер антологиясынан” халық әні “Ақ ерке”, “Ақжорғажан”, А.Бафинаның “Синьцзянь қазақтарының әндері” жина­ғынан халық әні “Ақ алма”, “Еу, айдай”, Т.Бекхожинаның “Қазақ халқының 200 әні­нен” “Қанжан-ай”, “Қос күрең”, Р.Темір­баев­тың “Қазығұрт әуендерінен” халық ән­дері “Абай көк”, “Гүл-гүл-ай”, “Еркем-ай”, т.б., сондай-ақ, жас зерттеушілер Б.Мүп­текеевтің “Жетісу әуендері”, Б.Бәбіжанның “Қазақтың жүз қара өлеңі” жинақтарынан көп­теген әндер кәсіби деңгейде орындалып, осы жинаққа енгізілді. * * * Сөз соңында “Қазақтың дәстүрлі 1000 әні” антологиясы бойынша атқарылған жұмыс барысына аз-кем тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз. Әндерді жинақтау, саралауда құрастырушылар негізінен “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” антологиясындағы жүйені ұстанғанымен, кей ретте одан бас тартуға тура келетін жағдайлар да кезікті. Мәселен, халық күйлері болсын, халық компози­торларының шығармалары болсын – қазақтың барша дәстүрлі күйі әр аймақта қалыптасқан күй­шілік дәс­түр, орындаушылық мектеп жөнімен жүйеленіп, топтас­тырылып берілсе, жинақтай келгенде, халық әндерінің басым көпшілігін қазіргі күнде дәл олай нақты мектеп, айқын дәстүрге бөліп-жіктеу мүмкін еместігі көрінді. Антологияда тек аты-жөндері белгілі, айқын әншілік дәстүр қалыптас­тырушы тұлғалардың шығар­малары ғана, шартты түрде, өздері өмір сүрген өңір атымен аталатын кәсіби дәстүрлі ән мектебі аясында топтастырылды. Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар мұрағатында, Қазақ радиосының “Алтын қорында” сақталған көне үнтаспалар­дағы әндер, техникалық сапасы жарамды болған жағдайда, жинаққа, ең бірінші кезекте, алғашқы орындаушылар жеткізген нұс­қада енгізілді. Әндерді жинақтау бары­сында айтарлықтай қиыншылықтар да кездесті. Мәселен, сол мұрағат, қорлардан бір әннің бірнеше атаумен, я болмаса әр әншінің орындауында түрлі нұсқада (вариантта) табылуы, ән сөздерінің қате айтылуы, немесе басқа әннің мәтінімен ауысып кетуі сияқты жағдайлар жиі ұшырасты. Бір негізден өрбіген ұқсас әндер мұқият тыңдалып, са­лыстырыла келіп, жинаққа әннің негізгі түпнұсқа деп танылған үлгісі ғана жіберілді. Құрылымында, әуенінде түпнұсқадан едәуір айырмашылықтары болған жағдайда ғана кейбір әндер сол түпнұсқаның варианттары (нұсқалары) есебінде таңдалып алынды (айталық, “Сегіз аяқтың”, “Қорлан”, “Топ­ай­көк” сияқты әндердің екінші нұсқалары). Әр әншінің орындауында әр түрлі атаумен жүрген ән аттары бір ізге түсіріліп, мүм­кіндігінше, ән мәтіндері толық, әрі дұрыс айтылған үлгілер ұсынылды. Сонымен бірге, аттары ұқсас болғанымен, құрылымы, әуен, ырғағы бір-бірінен мүлде бөлек әндер де көп екені белгілі. Мәселен, “Сәулем-ай” аталатын әндер шоғыры. Бұл үлгілер әндер тізімінде бір-бірінен түр ретінде айрықшалап көрсетілді: “Сәулем-ай” (1-түрі), “Сәулем-ай” (2-түрі), т.с.с. Ал бір негізден өрбіген, айырмашылықтарымен қатар, ұқсастықтары да айқын тұрған кейбір әндер бір-бірінен нұсқа (вариант) ретінде ажыратылды: “Екі жирен” (1-нұсқа), “Екі жирен” (2-нұсқа) т.б. Және бір ескерте кететін нәрсе, автор­лығы күмәнды немесе кімнің шығармасы екендігі туралы музыка білгірлері анық бір пікірге тоқтаса қоймаған біраз әндер бұ­рынғысынша антологияда халық әндері қатарында берілді. Мемлекеттік және жеке мұрағат, қорлар­дан жұрт құлағына әлі тие қоймаған немесе ер­теректе жазылып алынып, кейіннен орын­даушысы болмағандықтан, ұмытыла бастаған біраз әндер табылды. Бұл қатарға осы анто­логия арқылы атажұртқа оралған шетел қа­зақ­тарының ән мұрасын да жатқызуға болады. “Қазақтың дәстүрлі 1000 әні” аталатын антологияда дәстүрлі ән үлгілері бұрын-соңды болып көрмеген көлемде, барынша мол қамтылып отыр. Дегенмен, халқымыздың ғасырлар бойы тірнектеп жиған ән қазынасы осы мың әнмен шектеле қоймасы хақ. Әлі де болса, жоғалғанды іздеу, кемді толықтау – келешек күндердің үлесінде. Ал “қазақтың дәстүрлі әні” аталатын, көздің қарашығындай сақтар рухани асыл мұра, қымбат жәдігер­лігіміздің қазіргі барын түгендеп, шашпай-төкпей, кейінгі ұрпаққа табыстау – бүгінгі біздің парызымыз. Қолыңыздағы дәстүрлі ән антологиясы – сол міндет-парыз үддесінен табылар ізгі қадам, түбегейлі еңбектің көрінісі. Саида ЕЛАМАНОВА, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор, Сәуле ЖАНПЕЙІСОВА, әнші, өнер зерттеуші, доцент, Бағлан БӘБІЖАН, әнші, өнер зерттеуші, Мұрат ӘБУҒАЗЫ, күйші, өнер зерттеуші.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет