Жоба: Қойлыбай бақсы



бет1/5
Дата31.08.2022
өлшемі34,84 Kb.
#148411
  1   2   3   4   5
Байланысты:
жоба Қойлыбай бақсы


Жоба:
Қойлыбай бақсы
 
Авторы:
Мадуарова , 5 «А» сыныбы
 
Жетекшісі:
Жусупалиева Гулзада Маханбетжановна,
Тарих пәні мұғалімі


МАЗМҰНЫ
 
Абстаракт……………………………………………………………………….2
Кіріспе …………………………………………………………………………..3

  1. Негізгі бөлім ……………………………………………………………….4

    • Бақсылық дегеніміз не?………………………………………......................4

    • Қойлыбай туралы зерттеулер………………………………………….6

    • Ел аузындағы аңыздар …………………………………………….11

  1. Қорытынды …………………………………………………………………15

  2. Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………….16

АБСТРАКТ
 
Зерттеудің мақсаты:
Бақсылардың пірі, қорғаушысы - Қойлыбайдың өміріне жасалған зерттеулерді зерделей отырып, Қыпшақ Қойлыбай Әбурахпанұлы – атақты бақсы, таңғажайып тәуіп, керемет көріпкел, теңдесі жоқ қобызшы болған адам екендігін дәлелдеу жолдарын қарастыру.
Өзектілігі - Соңғы кездері ел ішінде бақсы-балгерлер мен құмалақшылар көбейіп кетті. Олар туралы әр-түрлі пікірлер де қалыптасқан. Халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен шежіресін парақтар болсақ, қазақтың атақты бақсы-балгерлері де болғанын көруге болады. Бүгінгі таңда бақсы-балгерлік, тәуіптік қызмет дінімізге жат нәрсе десек те, олардың белгілі бір уақытта қоғам үшін қызмет еткенін тарихымыздан сызып тастай алмаймыз. Ежелде қазақтар бұндай ерек жандарды ерекше құрметтеп артынан ғажайып аңыз әңгімелерді өрбітіп отырған. Осылай бақсы-балгерлердің сол қоғамдағы рөлін көрсетіп, ұрпаққа жеткізген. Қазіргі таңда оларға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру парызымыз деп санаймын.


Болжам:
Қойлыбай бақсы жайлы оқи отырып, оқушыларда бақсылар туралы дұрыс түсініктері қалыптасып, құрмет сезімі артып, өз туған жерінің тарихи тұлғаларын танып білуге деген ынтасы артады.
Зерттеудің кезеңдері:
1. Тақырып талдау
2.Материалдар жинау
3.Ізденіс жұмыстарын жүргізу.
4.Ғылыми жетекшімен байланыстыру
5.Тиісті материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау
Кіріспе
Ежелгі түркі әлемінен бастау алған бақсы-балгерліктің белгілері біздің заманға да келіп жетті. Бақсылық — әлемнің барлық елдерінің тарихына терең бойлаған құбылыс. Қай халықтың өміріне көз жүгіртсеңіз де, шаманизм сенімінен бастау алған бақсылықтың белгілерін айқын аңғарасыз. Өз заманында озық дала өркениетімен ерекшеленген түркілерде де бақсылық басты қасиет саналып, абыздар мен қағандар ел басқару барысында олардың көмегіне жүгініп отырды. Және адамдар табиғаттың алдында өз дәрменсіздігін сезініп, ауру-сырқаудан, бәле-жаладан құтылудың басқа жолын білмеді. Бұл бақсылардың ел арасындағы «билігін» нығайта түсіп, Түркі заманынан көшпенділер өркениетіне өтті. Қазақ даласына ислам дінінің келуімен бәсеңсіп барып, патша үкіметі мен кеңес заманында тасаға тығылды. Ислам бақсылар шақыратын жын, пері, шайтан, рухты жоққа шығармады. Алайда олармен байланысуды ауыр күнәлардың қатарына қосты. Кеңес үкіметінің саясаты да бақсы-балгерлікке тосқауыл қойды. Кейін, тәуелсіздік тұсында бақсылық белгілері бой көтеріп, әлсін-әлсін белгілері біліне бастады.
Бақсылар тұрмысын зерттеген Шоқанның айтуынша:
«Қазақтың бұрынғы бақсылары өзінің білімімен керемет ой иесі атанған, ол жай адамнан анағұрлым биік тұрған. Олар әрі ақын, әрі музыкант, әрі сәуегей, оның үстіне емші. Біздің көбіміз ақын бола алмаған тәрізді қазақтың бәрі бірдей бақсы бола алмаған». Ғалымның бұл ойларын қазақ музыкасын зерттеушілерінің көбісі жақтаған. Музыкашы Р.А.Пфеннигтің байқаунша, қобыз – сол заманның музыка аспабы болса, бақсы – сол заманның асқан ақыны, музыканты. Қазақ бақсыларын көзімен көрген белгілі ғалымдар Г.Н. Потанин мен П.П.Семенов Тянь Шанский де бақсыларды: « әрі ақын, әрі домбырашы, әрі қобызшы» – деп атаған.
Тарихтағы Қорқыт ата тәрізді қазақ бақсылары да халықтың ақылшы батагөй, музыканты, көмескіні болжайтын сәуегейі, керемет ой иесі болған. Сондықтан олар өз заманның әулиесі саналған. Бақсылардың бұл сыйпаты «Қорқыт сарыны», «Қорқыт күйі», «Қойлыбайдың қобызы» сияқты аныз-жырларда суреттелген.
Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның айтуынша мұндай атақты жырау-бақсылардың халық жырынан белгілі орын алған даңқтылары – Қойлыбай, Балақай, Қарамырза, Жамансарт, Шүмен бақсы. Олардың әрбірі асқан ақын, төгілтіп күй шертетін асқан күйші болған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет