Жоба: Қойлыбай бақсы


Қойлыбай туралы зерттеулер



бет3/5
Дата31.08.2022
өлшемі34,84 Kb.
#148411
1   2   3   4   5
Байланысты:
жоба Қойлыбай бақсы
9 сабақ Фотосинтез үдерісі, httprmebrk.kzbilimЭкономикалык20теория.pdf 2
Қойлыбай туралы зерттеулер
Қыпшақ Қойлыбай Әбурахпанұлы – атақты бақсы, таңғажайып тәуіп, керемет көріпкел, теңдесі жоқ қобызшы болған адам. Қолыбай әулие Жезді ауданындағы «Дулығалы» өзенінің басын Кішітаудың онтүстік сыртынан алатын «Ашылы» деп аталатын саласының бойында жатыр. Алладан медет сұрап түнейтіндер алдымен Қойлыбай әулиенің басына зиярат жасамай, оған соқпай өтпейді. Қойлыбайдың әулиелігін бұл өнірдің халқы мойындаған. Басы ауырып, балтыры сыздағандар, елірме ауруға шалдыққандар, неше жыл бала көтермей дәрігелдердің алдын тоздырған әйелдер әулиенің басына келіп түнейді. Олардың арасында әулиенің шапағаты тиіп, жазылып кеткендері де баршылық. Бұл тұралы Қарсақбай, Байқоныр өңірінің халқы жырғып айтып, айналайын әруағыннан деп сырттай Қойлыбайға ризашылықтарын білдіріп отырады. Жергілікті халық жаз айларында жайлауға көшкенде бейіттің басына барып мал сойып, бата қылады. 1993 ж. Шілде айында бақсы зиратының басына кесене орнатты. Аңыздарда да, тарихи шығармаларда да Қорқыттан кейін Қойлыбайдың есімі еске алынады. Әубәкір Диваевтың хатқа түсірген «Бақсы» жырындағы аңыз бойынша, қыпшақ Қойлыбай бақсының төрт батыр ұлы, бес мың жыны болған көрінеді...
Бақсылар қобызын сарнатса, бозторғай шырылдаған тып-тыныш дала төсінде дауыл тұрғызып, найзағай ойнатып, жаңбыр жауғызады. Торғайлық ақын Хамитбек Мұсабай өзінің «Қойлыбайдың қоштасу күйі» деген дастанында бабамыздың тәңір берген киелі қасиеттері туралы былайша жыр толғайды:
... Қарт Қойлыбай – қобызшының абызы, 
Шежіредей сайрап жатыр әр ізі. 
Қатар жүрер қос анардай қашанда, 
Замананың ақиқаты, аңызы. 
Ол қобызбен – қара тасты сөйлеткен, 
Ол қобызбен – тал бесікті тербеткен. 
Ол қобызбен – селді буып сұрапыл, 
Ол қобызбен – шу асауды үйреткен. 
Ол қобызбен – қара бұлтты қақ тілген, 
Ол қобызбен – ақбоз үйді тіктірген. 
Ол қобызбен – тілін кесіп жыланның, 
Ол қобызбен – ханға тізе бүктірген. 
Ол қобызбен – жанған өртті өшірген
Жөнге салған ессіздерді есірген. 
Киіз үйді жиһазымен жиюлы, 
Арғы беттен – бергі бетке көшірген. 
Ол қобызбен – қара нөсер жаудырған, 
Ол қобызбен – жан ләззатын қандырған. 
Ол қобызбен – тоқсан тоғыз күй шалып, 
Ол қобызбен – мәңгіге атын қалдырған.
Ұлтымыздың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Қойлыбайды «бақсылардың бақсысы әрі пірі» деп бағаласа, Әлкей Марғұлан: «Қорқыттың қобызын, оның сарынын ең алғаш рет мирас еткен кісі – Қойлыбай бақсы. Ол Қорқыттың шәкірті болып саналады» деп жазады. Кезінде Мағжан Жұмабаев Шоқанның зерттеулерін негізге ала отырып «Қойлыбайдың қобызы» атты дастан да жазып қалдырған. Бақсылар, олардың өнері туралы деректер П.С.Паллас пен П.Рычковтың экспедиция жазбаларында (18 ғ.), бурят ғалымы Доржи Банзаровтың (1823-55), қазақ ғалымы Ш.Уәлихановтың (1835-65), ағылшын философы Томас Карлейльдің (1795-1881) еңбектерінде бар. Осындай тарихи зерттеулерге арқа сүйесек, қазақтың ең атақты бақсысы – Қойлыбай, одан соң қалың елге белгілі бақсылар – Балақай, Жанақ, Шөмен аталарымыз.
Құдіретті күш, жұмбаққа толы бақсылық өнері ертеде қыпшақтар арасында кең тараған. Бұл жөнінде Әлкей Марғұланның өзі былай деп жазады: «Ұлы бақсы, жыраулардың, қобызшылардың көп шыққан ортасы, әсіресе, қыпшақтар арасы (ХІІІ –ХІХ ғасыр). Олардың ішінде 1299 жылы Византия тарихында жазылған Көкем бақсы, Римға, Мысырға елші болып барған Көсе бақсы, Беренде бақсы, Жарық бақсы. Бұлардың кейбіреуі Мысырға қобызын ала барып, Мысырдың суретшілері оларды суретке түсіріп алған. Қыпшақтың ең атақты қобызшыларының бірі – Барақ бақсы. Қобыз тартумен бірге ол қыпшақ тілінде эпикалық жыр айтып, кейде өлеңдер жазып жүрді. Тоқтағұл хан тұсында Иранға елші болып барды. Дешті Қыпшақтан шыққан бақсылардың ең құдіреттісі – Сары Салтақ. Бұл халық ішіндегі сәуегейлердің аса бір қадірлісі». Ал енді Рашид ад – Диннің шежіресінде қобыз сөзінің арғы түбірінің «Қыпшақ» сөзімен төркіндес екендігі айтылады. Олай болса, қыпшақ Қойлыбай Әбурахпанұлының қобызшы, бақсы болуы ата тегіне тартқандық.
Алайда осы уақытқа дейін тарихи еңбектерде Қойлыбайдың шыққан тегі – бағаналық деп қате жазылып келді. Қазақтың жақсы – жайсаңдары, тарихи тұлғалары бір рудың, бір жүздің ғана ұлы перзенттері емес, олар ұлтымызға ортақ мақтанышымыз, дарабоз, даналарымыз ғой. Бірақта «Ата-тегін айтқанның айыбы жоқ». Қойлыбай – қыпшақ, оның ішінде бұлтың. Кезінде бақсылар туралы еңбегінде Шоқан Уәлиханов Қойлыбайды бағаналық деп жазып, содан Әлкей Марғұлан да, Мағжан Жұмабаев та жаңылысқан. Кейін Шоқанның еңбектерін баспаға дайындаған ғалымдар мұның қате екенін түсініп, оның 1985 жылы шыққан еңбегіне түзету енгізді. 
Қойлыбайдың шыққан тегінің – қыпшақ, оның ішінде бұлтың екендігіне нақты дәлел – Қазақтың Ұлттық ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының қолжазбалар қорында сақтаулы тұрған Қожаберген Толыбайұлының «Ер Қойлыбай» жыры. Орта жүз Ашамайлы Керейдің Көшебе руының Таузар әулетінің перзенті Қожаберген – әрі жырау, әрі батыр. Ол қазақ халқының шыққан тарихын жырға қосып, «Ата тек» деген дастан, 1723 жылғы қазақ халқының өміріндегі ауыр кезеңге арнап атақты «Елім-ай» дастандарын жазған. Ол өзінің «Ер Қойлыбай» дастанында (бізге үзінділері ғана жеткен) бақсы, қобызшы, сәуегей, тәуіп бабамызды былайша жырлап таныстырады:
«Ертеде Қыпшақта өткен Ер Қойлыбай
Қолына жүрмейді екен қобыз алмай. 
Болған соң сол асылдан бізге мирас, - 
Қобызды мен де жүрмін тастай алмай. 
Біздерге жәрдем болып аруақ құдай, 
Жауымды талқандадым соғыста ұдай. 
Қыпшақта Қойлыбайды жырға қос деп, 
Түсімде аян берді әкем Толыбай. 
Әкеміз көп сыйынған Қойлыбайға, 
Жау қоршап қиын болған бір жағдайда. 
Қалмақты қысылшаңда жеңіп шыққан, - 
Болған соң зор қасиет Қойлыбайда. 
Бөленген әкем Толыбай зор даңққа, 
Бейітіне Қойлыбайдың түнеп әкем, 
Мінгендей болған екен алтын таққа. 
Дана екен Ер Қойлыбай шарапатты, 
Тілесең шыныменен берер бақты. 
Сауыққан зиратына түнеп науқас, 
Болған соң емші-баба аруақты. 
Қыпшақта Қойлыбайдың бұлтың заты
Басқадан артық болған парасаты. 
Молда боп заманында аты шыққан 
Әбурахпан әкесінің екен аты».
Зерттеушілердің пайымдауынша, қыпшақ Қойлыбай бақсы шамамен 
XIV ғасырдың аяқ шенінде өмірге келген. Оның атақты бақсы, тәуіп, сәуегей, қобызшы ретінде есімінің алты алашқа кеңінен танылған кезі – XV ғасырдың алғашқы ширегі. Қыпшақ Қойлыбай бақсының әкесі – Әбурахпан белгілі діндар ғұлама, атақты атқамінер ұлық болған адам. Шежірешілердің бір тобы Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек пен Керей сұлтандарға Қойлыбай шеше жағынан туыстық қатысы бар деп, Керейт тайпасының текті бұтағынан шыққан екі қыздың бірі – Бопан Барақ сұлтанға ұзатылған, екінші қыз – Бопай - Әбурахпанның әйелі, яғни, Қойлыбайдың шешесі дейді.
Белгілі шығыстанушы ғалым, профессор Ә. Диваевтің (1856 – 1933) Ташкентте 1924 жылы басылып шыққан «Тарту» атты қазақ фольклоры нұсқаларының жинағы бар. Мұндағы «Бақсы» шығармасында Қойлыбайға қатысты деректер көп. Бұл дастанның авторы белгісіз. Жалпы, ежелгі бақсы сарындарында да:
Бағаналыда – Барлыбай, 
Қыпшақта бар Қойлыбай. 
Асан, Тоқпан, Мергентай, 
Жыр шақырам осылай, - 
деп айтылмайды ма. Мұның бәрі түсінде Қорқыт атадан бата алған Қойлыбай бақсыны пір тұтып, оның аруағына сыйынғандықтан. Әулиелілігі мен қасиеті күшті болғандықтан, тірі пенде оған дауыс көтере алмаған. Ондай өнегесіздер болса, халықтың өзі оларды тәртіпке шақырып, жазасын берген. Ел аузында Тойшан деген әдепсіз бір байдың Қойлыбайды менсінбей елден қумақшы болғанында оның ата-мекенімен қобыз тартып хоштасқаны, оған ет-жүрегі елжіреген халықтың әлгі байдың өзін ауылдан қуып жібергендігі жөнінде аңыз әңгіме бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет