Жоба: Қойлыбай бақсы



бет2/5
Дата31.08.2022
өлшемі34,84 Kb.
#148411
1   2   3   4   5
Байланысты:
жоба Қойлыбай бақсы

Негізгі бөлім
Бақсы дегеніміз кім?
Бақсы (шағатай тілінде «бақшы») – ежелгі түсінік бойынша тылсым әлеммен байланыс жасай алатын, тәуіптік, балгерлік, сәуегейлік, көріпкелдік, сиқыршылық сияқты ерекше қасиеттері бар адам. Бақсылық ертедегі шаман дінінен сақталған ұғым. Ол кезгі сенім-нанымда жан иесі тұрпайы денеден және нәзік болмыстан тұрады. Адам өлген соң тұрпайы денесін тастап, нәзік болмысымен жан баласы көріп-біле алмайтын жаңа бір әлемге рух түрінде өтеді. Ол әлем – фәни өмірдің жалғасы, сондықтан рух онда түрлі қалыпқа еніп, әрекет жасайды. Бұлар табиғат құбылыстарына да әсер етіп отырады деп түсіндірілді. Қазақтар олардың жақсылық істерді басқаратындарын «әруақ», «періште», «перизат» десе, жамандық істерді басқаратындарын «пері», «шайтан», «жын», «албасты», «жезтырнақ» деп атаған. Осы көне сенім бойынша Бақсы – әлгі тылсым әлемнен байланысқа еніп, ондағы түрлі рухтарды өз қызметіне пайдалана алатын адам. Бақсының «жын-рухтарының» аты болады. Бақсы сол шақырған жындарының «көмегімен» гипноздық өнер де көрсете алады. Қай жаққа қолын сілтесе, 5-10 қадам жерде тұрған зат қылышпен шап– қандай кесіліп кете береді. Киіз үйдің туырлығы тілініп, кірпіш үйдің қабырғасы қақ айырылады. Көрермен жұрт мұның бәрін Бақсы шақырған «жарғыш жындардың» әрекеті деп біледі. Қылыштың жүзімен жүреді, шоқ темірді қолымен ұстап, тіліне қариды, өткір пышақпен өз мұрнын өзі кесіп тастайды. Ақыр аяғында денесінде бір де бір жара, не сызат, белгі қалмайды.
Бақсыларға тән айрықша қасиеттердің бірі – емшілік. Шығу тарихы отқа табыну мен шамандықпен тығыз байланысты психологиялық емдеу тәсілдерін әр елдің бақсылары сол халықтың өзіне тән ерекше әдістер арқылы қолданған. Мысалы, қазақ бақсылары қобызда ойнап, зарлы не қаһарлы үн, әуендер шығару, түсініксіз жыр жырлау, «жынын шақырып» зікір салу немесе гипноздық, жонглерлік тағы басқа «керемет» көрініс, әрекеттер жасау арқылы жүйке жүйелеріне әсер ете емдейді. Табиғаттың құдіретті күштеріне иландырады, өзіне баурап алады. Әрине, бұл іс әркімнің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен табиғи дарын, қасиет керек.
Бақсылар емшілікпен қатар балгерлікпен де шұғылданған. Олардың келешекті болжайтынына, адамның тағдырын шешіп, оның ойын сезіп тұратынына, өткен өмірін де ашық айтып бере алатынына, табиғи құбылыстар тудыра алатынына, жын-шайтандарды қуатынына халықтың белгілі бір бөліктері бұрын да, кейін де сенді. Оған негіз де жоқ емес еді. Адамның өз табиғатындағы ғылым ашпаған жұмбақтар әлі толып жатыр. V ғасырдағы ғұн патшасы Еділдің айналасында көптеген даңқты Бақсылар болған. Олар әрбір күрделі оқиғаларды күні бұрын болжап, патшаға жеткізіп отырады екен. 451 жылғы Каталаун шайқасының тағдырын Бақсылар құмалақ ашып, бірнеше күн бұрын айтып берген. Болжам дәл келген.
Бақсылық тұқым қуалайды. Ол адал, жаны таза, иманды адамдарға қонады, өз жолын дұрыс ұстай алмаса «қасиеті таяды» немесе «бақсылық қуып» кемтар болып қалуы да мүмкін делінеді.
Бақсыны басқа тілдерде: «шаман», «шайхы», «мистик», «йога», «спиритуалист» деп те атайды. Ертеде бақсылықпен әйел адамдар да айналысқан. Оларды халық «елті» деп атаған.
Қазақ жеріне мұсылман діні ене бастағаннан кейін ел өмірінде Бақсылардың алатын орны мен рөлі төмендеді. Коммунистік идеология кезінде Бақсылыққа мүлде жол берілген жоқ.
Бақсы сарыны, ол – әдет-ғұрыптық әндердің бірі. Көне заманнан келе жатқан бақсылыққа байланысты туып, ата-баба аруағын қастерлеу, Көк тәңірге табыну, болашақты болжау, ауруды жын-перілердің жәрдемімен айықтыру т.б. байланысты қалыптасқан. Ерте кездерде бақсылар асатаяқ, кепшік, дауылпаз секілді ұрмалы аспаптарды пайдаланса да, негізгі құралы – құлағына қоңырау, шанағына айна орнатқан қасиетті қобыз. Бақсылық үрдістің бірте-бірте жойылуына байланысты бақсылық сарыны да сирек құбылысқа айналып, қазіргі өмірден өшіп бара жатқан әдет-ғұрыптардың санатына қосылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет