Жоба: Қойлыбай бақсы



бет4/5
Дата31.08.2022
өлшемі34,84 Kb.
#148411
1   2   3   4   5
Байланысты:
жоба Қойлыбай бақсы

Ел аузындағы аңыздар
Қойлыбай әулиенің әулиелілігі, балгерлігі, бақсылығы туралы ел аузынан естіген әңгімелерге тоқталып көрелік. Бұл аңыз әңгімелерді кезінде Шоқан жазып алған.
«...Қойлыбай қатерлі сапарға аттанады. Бірақ Қойлыбайдың қасында Надыр – Шолақ жоқ еді. Надыр – Шолақ, Қойлыбай тілімді алмады деп өкпелеп, бармай қалған-ды. Қойлыбай қатын толғатқан үйге жақындағанда ұрандап, жындарын шақырып айқайлап, қылышын оңды-солды сермеп, бар қаһарын төге, ат-патымен үйге кіріп кетіп, шаңыраққа тесіле қарайды да, қылышын сермеп қалады. Қылыш шақыр-шұқыр етіп барып Қойлыбай да атынан ұшып түседі, бақсының аузы мен құлағынан қарақошқыл қан шапшиды. Толғатып жатқан қатын да есінен танып құлайды. Қойлыбай есін жиып, шаңыраққа қарағанда албастылардың қара сауыт құрсанып, қара атқа мінген патшасын көреді. Албастылар патшасының үлкен маңдайындағы тостағандай жалғыз көзі жымың-дап: «Біз сені сыйлап, көп еркінсітіп жібердік, ең болмаса бір рет бізге ерік бер!» дейді. Албасты-лардың патшасының қолында жеңістің тұғырындай үлкен қызыл ту желбірейді. Шаңыраққа қарай Қойлыбай қылышын сілтегенде, шақыр-шұқыр еткен албастылар патшасының мұздай құрсанған сауыттары еді. Сөйтіп, албастылар патшасы Қойлыбайды жеңіп, бір сәт масайрайды.
Қорыққан халықта ес-түс қал-майды. Қойлыбай болса денесінен қауқар кетіп, өлексеге ұқсап жатып қалады. Ал үйдің іші-сыртын көк тұман басып онан шыққан айқай-шу елдің үрейін ұшырады. Бұл Қойлыбайдың жын-шайтандарынан құрылған түмені мен албастылардың жалғыз көзді пат-шасының ғаламат шайқасы еді. Одан соң қара арғымақ ауада қалықтап бір орында тыпыршып тұрып алады. Кенет, алыстан соққан қатты желдің ысқырығы, аспанды шатырлатқан найзағай ойнап, бір үлкен қара бұлт жүйіт-кіп кеп үйдің үстіне төніп, ауаны қараңғылық басады, у-шу үдей түседі де, шатыр-шұтыр қатты дыбыстар естіледі. Содан соң қара бұлт батысқа қарай жөңкіле жөнеледі. Бұл келіп жеткен Надыр-Шолақ еді. Ол Қойлыбайдай сүйіктісінің қасіретіне шыдап жата алмапты. Қолдарына қарағай сапты найза ұстаған Надыр-Шолақ-тың таңдаулы жауынгерлері жұбын жазбай келіп, жалғыз көзді албастылар патшасының кеудесіне найзаларын сүңгіпті. Албастылар қашты, қара бұлт ашылғанда Қойлыбай айқайлап орнынан атып тұрып:
– Айналайын, Надыр-Шолақ, сенің құрбаның болайын! – деп қобызын тартып:
– Оны тірідей ұстап маған алып келіңдер! – деп бұйырады. Осы кезде толғатқан қатын да өзіне-өзі келіп: «Иншалла, тәуба!» - дегенге тілі келеді.
Албастылар күйрей жеңіледі, ал патшасы қол-аяғы байланып Қойлыбайдың аяғының астында жатты, оны бақсы қызметке алып, албастылардың бастығы етті».
«Ертеде, бір той иелері бір кигіз үйде жеке тіккізіп, шапан-шауқатын жауып, белдеуге ат бойлайды. Үйге кигіз төсіп, шай-тамақ жасап ортаға қояды. Ал біз болдық дегенде, Қойлыбай әулие қолына қобызын алып саранта жөнеледі. Бір уақыттар болғанда қарсы бетте тұрған кигіз үй белдеуде байлауы тұрған атымен қоса дарияның бер жағына өтеді. Жолаушылар тойдың дәмінен татып, шай ішіп болғаннаң кейін бата қайырып, оны қағазға түсіреді де табаққа салады. Ат шапанды алып қалып, Қойлыбай кигіз үйді жасаыумен кейін қайырады. Міне осы оқиғадан кейін Қойлыбайдың бақсылығы елге тарап кетеді.»
«О, Қобылай деген бақсы бар еді, сол болмаса игі,- деп қарт қарсы шыққанда, Қойлыбай алдынан шығып ақсақалға сәлем береді. Ақсақал жылап жібереді:
- Шығарым-ай, құдай айдап келде ме Келінім босана алмай жатыр еді. Алла жәрдем етсе , жәрдемінді берсейші, – дейді. Сонан Қойлыбай:
-Байеке, Сіз сыйға ат мінгіздініз, мен алдым, атқа мініп тақымымды тигіздім. Осы ауылда ауырып, ғаріп болып жатқан Елгезек деген жігіт бар екен, қазір жалшы болғанмен, ол да болашағы жақсы жігіттердің бірі екен. Мына атты соған байлап кетейін,- деп атты Елгезекке сыйласп кетеді. Сол атты алғаннан кейін бақсының шын ықыласынан ба, әлде Алланың жәрдемімен бе, әлгі жігіт тәуір болады. Кейінен оның шаруасы да түзеліп, орта байдың қаратына қосылып, елдің белгілі азаматтарының бірі болады.»
Мағжан Жұмабаев Шоқанның зерттеулерін негізге ала отырып «Қойлыбайдың қобызы» атты дастан жазып қалдырған.
Қалың найман ішінде Бағаналы,
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.
Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген,
Қоқаман жетіп келер әлде қайдан.
Астында жорғалаған шашты сайтан,
Қойлыбай қобыз алса-ақ, калбалақтап,
Қоқаман жалғыз көзді жынның ері,
Тау-тасқа ерегесіп салған ойран.
Дарқанның Надыр пері - аға жыны,
Ардақтай оған "Шолақ" деп ат койған.
Қойлекеңнің үшінші жан жолдасы
-Шайтанның шу асауы батыр Шайлан...
Қойлыбай бақсы болған қазақ асқан,
Жынменен жолдас болған бала жастан.
Бәйгеге екі жүздей ат жіберіп,
Күрес сап жиылған жұрт ұрандасқан.
Ерігіп аңғал батыр, маңғаз байлар:
"Бәйгеге қобызың қос"- деп сұрасқан.
Қойлыбай қобызымен ортасында,
Бас болып батыр Барақ қалаған соң,
Бәйгеге бақсы қобыз қоспасын ба!
Сонда Қойлыбай бақсы бір баланы шақырып алып:
"Ат шабатын жерде бір сексеуіл бар,
Жарып өскен жапанның жар тасына.
Қобызды сексеуілге байлап таста,
Мен сенем жын Көкаман жолдасыма" -
деп тапсырады. Тапсырма орындалып, қобыз сексеуілге байланады.
Бір кезде ат келетін мезгіл жетті,
Бозбала ат алдына шауып кетті.
Сол уақыт жәй отырған Қойлыбайды Әруағы қалшылдатып, дірілдетті.
Қойлыбай қатты қысылып, алас ұрып жан таппай өңі өзгеріп кетеді. Сондағы Қойлыбайдың психологиялық өзгерісін былай жыр етеді.
Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқ етті,
Жап-жалаңаш қылышты қобыз етті.
Көздері қып-қызыл боп қанға толып,
Сарыны сардаланы күңірентті.
бақсының тылсым күшпен байланысы көрінісі былай сипатталады:
Бір мезгіл екпіндетіп долдандырып,
Бір мезгіл жыны буып күбірлетті.
Қалың бұлтты қап-қара бұлтқа қосып,
Қызыл жел құйындатып дірілдетті.
Бақсы бойындағы өзгерістің құбылысын шебер дәлдікпен көрсетіп:
Жан-жақты ың-жың у-шу дауыс,
Шапқылап жын перілер дүбірлетті.
Осыдан кейінгі табиғаттың кері тербелісі өзгерісін бейнелейді. 
Сол кезде ат келетін құба жонды,
Түтіндей будақ-будақ бір шаң басты.
Сол шаңның ортасында бір сексеуіл,
Ербеңдеп, ойнақ салып келе жатты.
Қобызды байлап қойған сексеуілді Қойлыбайдың перілері  жындары тамырымен жұлып алып, бәйгі аттардың ішіне қосып жібереді.
Байланған сексеуілге қобыз берік,
Көз ашқанша жиынға келіп қапты.
Сексеуілді қопарып алып келіп,
Көкаман жұбатады ерке қартты.
Бұдан кейін ең ақырғы шешуші кезең былай суреттеледі.
Қобыз келді, Қойлыбай көзін ашты,
Қалың ел тамашадан тас боп қапты.
Міне, қобыз да сөреге өзінің сексеуілін сүйрете бәйгі атынан атшаптырым бұрын келеді. Неткен керемет, бұл оқиға ұрпақтан ұрпақка аңыз боп жетсе де оның негізінде бір шындық жатқаны рас. Қойлыбай бақсыға Көкаман атты жыны көмектескен екен. Бұл бір фантастикалық ойдан шығарған шығарма емес. Бұл шындық. Бұл қазақтың бақсы өнерінің жетістігі. Бұл қазақ бақсысының ғаламат телепатиялық өте күшті тылсым иесі екенінің дәлелі. Бұл халықтың қанымен аралас құпия өнерінің көрінісі ғана емес, әлемде кездесіп жататын таңғажайып ғаламаттардың бірен-сараны да.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет