Құрметті оқырмандар!
Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі классик жазушы М.Мағауиннің 80 жылдық мерейтойы. Бұл адам түркі-қазақ жұртына әдебиетінің ортағасырлық тарихын танытты, көпшіліктің қазіргі тарихи санасына хандық дәуіріне қатысты кеңістік пен уақыт образдарын орнықтырды, совет кезеңінде-ақ шаблоннан шығып "міндетті жағымды кейіпкердің" жағымсыз қылықтары суреттелген көркем шығарма жазды, сөзден эпикалық картиналар салатын жазушылық зор әлеуетінің арқасында көзі тірісінде-ақ оқырмандары классик деп атады, бүгінгі қоғамдық-саяси мәселелер бойынша ақыл мен сезім таразысына дәл тартылған әділ пайғам айтушы анық ақсақалға айналды.
Ал, бүгінгі М. Мағауиннің шығармашылығына арналған әдеби кешімізге 2 топ қатысады.
Топ – Әдебиетшілер
Топ – Тарихшылар
«Мұхтар Мағауин ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы, әрі от-жалынды, әрі нәзік те биязы бояу-сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ көрсетеді. Тіліміздің оралымдығын тереңдетуге қосқан үлесі аз емес»
Ғ. Мүсірепов
Әдеби кешіміз 4 кезеңнен құралған:
1 кезең – Таныстыру (әр топ өзін таныстырады)
2 кезең – Құпия ұяшық (ұяшық таңдап, сұрақтарға жауап береді)
3 кезең – Сыр сандық (сандықтан түскен әңгіме-романның не жайлы екенін айту, бас кейіпкерін атау)
4 кезең – Ойлан тап (шағын үзінді арқылы шығарманы анықтау)
5 кезең – қорытынды.
Ұпай: Таныстыру 5 ұпай
Құпия ұяшық – 10;20;30;40:
Сыр сандық – 10; 5
Ойлан тап – 10
Достарыңызбен бөлісу: |