Баяндама
Бүгінгі ақпараттар ағылған технологиялық мәдениет дәуірінде заманауи ұстаздық қызметтің жауапкершілігі мол. Сондықтан да мен өз ісімді жоспарлауда ең алдымен «ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болуы керек?» — деген сұрақтұрады. Осы сұрақ жауабын табу жолындағы ізденіс жұмыстарым, бүгінгі заманауи жаңашыл мұғалімді қалыптастырудағы жаңа істеріме бастама болды. Кәсіптік шеберлікті, заманауи ақпараттық технологияларды толық игерсе ғана, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын және жаңартатын мол мүмкіндіктерге жол ашылатыны тәжірибеде дәлелденді.
Бүгінгі заманауи ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.
Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі болғандықтан, білім пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Елбасымыз: «Біз білім ,ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз» — деген болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |