Би. «Наурыз думан» әні
1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Ынтымақ пен ырыстың басы әз Наурыз құтты болсын! «Наурыз-думан» атты концертімізге қош келдіңіздер!
2- жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
1-жүргізуші Бүгінгі күн біз үшін – дүбірлі күн! Ұлыстың ұлы күні наурыз баршамызға бақ – берекесімен келсін! Араздасқан ағайын татуласқан, табысқан күн, барша түркі халықтары бір – бірімен амандасып, қауышқан күн. Наурыз сөзі парсының «Нау»- жаңа, «руз»-күн, яғни жаңа күн деген сөзінен шыққан. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22 жұ лдызына сәйкес келеді. Қазақтарда бұл күн жаңа жыл, ырыс, береке, мереке, жыл басы деп есептейді.
1-жүргізуші
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
2-жүргізуші: «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн.
1-жүргізуші
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).
2 жүргізуші ;
Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Ендеше, Наурыз көжеден дәм татыңыздар!
1-жүргізуші
Көрініс- «Наурыз шашу»
2-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
2 - жүргізуші:
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Сахнада 8 а және 6 а сынып ата-аналарының орындауындауында
Көрініс: Сырға салу, қыз ұзату дәстүрі.
1 - жүргізуші:
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
1-жүргізуші
«Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша жаңа күн деген ұғымды білдіреді, яғни жаңа жылдың алғашқы күні, жыл басы. Күн мен түн теңелер сәт наурыз айының жиырма екінші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл қыс бойғы қар көбесі сөгіліп, жер жүзі көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп жасарып жаңаратын шақ.
2-жүргізуші:
Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап,түйесі боздап,, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа-жарқа мәз- мейрам шаттыққа бөленетін жайдарман шағы.
Жүргізуші 1:
Қазақтар бұл күндері бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, қонақ шақырады. Әр-түрлі ойын-сауықтар, бәйге, көкпар және жарыстар ұйымдастырылады. Наурызды неғұрлым жақсы қарсы алсаң , соғұрлым жаңа жыл жақсы болады деген салт бар. Әр үйде неше түрлі тамақ дайындалып, наурыз көже пісіріледі.
2-жүргізуші:
Шығыс халықтарыңа ортақ үлкен мейрам Наурыз - бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, баққыттың мерекесі саналады. Олай болса құрметті қауым, барлықтарыңызға татулық, береке - бірлік тілеймін. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт - береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
1-жүргізуші:
Наурыздың өзіне тән салтына бағына отырып, әрбіріміз өткен жылғы өкпемізді ұмытып, татуласайық. Үлкендердің ақ батасын алып, бір-бірімізге ізгі тілек айтайық. Наурызда айтылған барлық жақсы тілек орындалады деп жатады ғой. Наурыз барлығыңызға құт әкелсін!
2-жүргізуші:
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын! Сізге және сіздің жанұянызға шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, игілік және алдағы жұмысыңызда тек шығармашылық табыс тілейміз. Наурыз құтты болсын!!! Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |