Бәрі де Жеңіс үшін
Биыл Ұлы Жеңіске-75жыл. Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтан тұтар, бүгініміз бен келешегіміз үшін сабақ алар оқиғалар көп. Солардың бірі-Ұлы Отан соғысы. Бұл сұм соғыста сан мыңдаған адамдар мерт болып, қаншамасы мүгедек болып қалды. Дегенмен, жеңіс туы желбіреді. Осы жеңісте Қазақстандық қаһарман жауынгерлеріміздің үлестері ерекше.
Қазақстандық азаматтар соғыстың алғашқы күнінен-ақ қолдарына қару алды. Отан алдындағы парыздарын өтеуге өтініш беріп, өз еріктерімен майдан даласына аттанды. Қазақстан-майдан арсеналының біріне айналды. Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34млн тонна көмір шығарған. Бұл өнекәсіп тарихында шығарған өнімнен 3млн тоннаға артық өнім еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданындағы кәсіпорындар жанармай шығаруды отыз тоғыз пайызға арттырды. Электр қуатын өндіру де өсті. Тылдағы еңбекшілер «Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» деген үндеумен күні-түні маңдай терлерін төгіп жұмыс жасады. Украина, Белоруссия, Ресейдің кейбір аудандарынан 1941-1942 жылдары 220 зауыт, фабрика, цехтар көшіріліп әкелінді.
Бұрын бейбіт өнім шығарған кәсіпорындар енді соғыс өнімдерін шығаруға көшті. Сонымен қатар старатегиялық қажетті өнім болып табылатын түсті металл өндіру- еліміздің рөлін арттыра түсті. Қорғаныс өнеркәсібі үшін қажетті мыстың үштен бірі Қазақстанда өндірілді. Тарихи құжаттарда майданда атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылған. КСРО бойынша қорғасын өніруден еліміз бірінші орынға шықты.
Еліміздегі ауыл еңбекерлері де жауды жеңу үшін майданға соғыс жылдары 5829мың тонна астық, 734мың тонна ет басқа да азық-түлікпен өнеркәсіп үшін шикізат өнімдерін берген. Колхоз өндірісінде әйелдердің еңбегінің үлесі артты, егістік көлемдері өсіп жаңа жер алқаптары егістікке арналды. Тылда еңбек еткен жұмысшылардың ерліктері аңызға айналды. Олар Ы.Жақаев, Ш Берсиев, Ж.Қуанышбаев, И Я Кудлай, Ким Ман Сам т.б
Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтардың басына түскен ауырпалықты тарихи сын кезең болды. Осы сыннан еліміз де өтіп, тарихта әлем алдындағы беделі асқақтай түсті.
«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар»-дей келе Ұлы Отан соғысының 75жылдығына орай, ата-бабаларымыздың рухани тағзым ретінде, олардың ерен ерліктерін мәңгілік есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жыл өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырымыз тарих төрінен орын алды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
т.ғ.к., профессоры Қозыбақова Ф.А Гулдерхан Досымова
Тарих факультетінің магистаранты
Достарыңызбен бөлісу: |