Биле,биле!
(би сайысы)
Өткізген: Шарипова С.С
Кенжекеева М.О
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы:«Билер, билер» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың би өнеріне деген қызығушылығын дамыту, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру,
Билер сайысының турлары
І. Қазақ биі
ІІ.Өз қалаған билері
ІІІ.Пародия
ІҮ.Вальс
Жүргізуші:
Қайырлы кеш құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі мектепішілік «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткелі отырған «Билер, билер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бұл сайысқа лагерь балаларынан құралған бишілер тобы қатысуға тілек білдірді. Мектебімізде арнайы би үйретуші мамандардың жоқтығына қарамастан, би билеуге деген балалардың ынта – ықыласы, құштарлықтары өте жоғары. «Болмасаңда ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз» дегендей бүгінгі би сайысына қатысушы топтар үшін қол соғып қошемет көрсетейік, ағайын.
Бұл сайысты ұйымдастырудағы мақсат оқушыларды би өнерінің түрлерімен, би қозғалыстарымен таныстыра отырып эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Сайысқа қатысушыларға қол соғып қошеметтеп отырайық.
«Билер, билер» сайысына төрағалық ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Касенов Ернұр Жанатұлы
2. Лагерь тәлімгері – Кенжекеева Махпел Олжекенқызы
3. аспазшы – Жакупова Орынбасар Болатовна
Сайыстың І туры «Қазақ биі»
Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың ұлттық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан көркем өнерлердің бірі. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған Мысалы, сонау ғасырлардан бүгінгі күнге жеткен «Өрмек биі», аңшылар өмірін сипаттайтын «Қоян биі», әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған «Аю биі», сондай-ақ өмірдің өзінен алынған «Насыбайшы», «Ортеке», «Тепеңкөк», «Қоян-бүркіт» «Қаражорға» секілді билердің барлығы халқымыздың күнделікті тұрмысының көрінісін бейнелейді. Қазақ халқы ежелден ән айтып жүріп би билеген, би билеп жүріп ән айтуға машықтанған. Қазіргі таңда да кез-келген шаралардың бәрі бисіз өтпейді, би сахнаның сәні іспетті!
Өнер бағасын біліп өткен ұлы Ғабит Мүсірепов:
«Сахна өнерінде жарқырап көрінген қос жұлдыз:
Бірі – ән, музыка өнерінде – Күләш !
Бірі – би өнерінде – Шара!
Биде туысқан өзбек халқының мақтанышы – Тамара!
Біздің мақтанышымыз – Шара!», – деп баға бергендей, әділ қазылардын бишілердің бағасын берілерін сұраймыз.
Ендігі кезекте оқушыларымыздың өздері дайындаған , яғни, еркін билерін тамашалауға рұқсат етіңіздер. Бишілерді ортаға шақырайық.
«Би халық өнерінен туындайды» дейді Шара Жиенқұлова. Шын сөз. Өнерден кенде халық емес екеніміз де баршаға аян. Солай бола тұра ұлттық биге келгенде кежегеміз кері тартып тұратыны бар. Ондайларға беретін жауап та жоқ емес. Шараның өз сөзімен айтсақ, «айгөлек, ақсүйек, ортеке, соқыр теке, түйе-түйе, алтыбақан, орамал тастау, беташар, жар-жар, шашу, мерген, сайыс, көкпар, бәйге, күрес, жаяу жарыс, ат шабыс, айтыс, қыз қуу, садақ тарту сияқты ұлт ойындарын, сондай-ақ, бұлардың сыртында өрнек тоқу, кесте тігу, текемет, сырмақ басу, тұскиіз, күмістеп оюланған ертоқым, сандық, кебеже, саба пісу, ұршық иіру тәрізді қазақ әйелдерінің қолөнеріне қатысты іс-қимылдары да бар екенін ескерсек, солардың барлығы да музыка ырғағына тұнып тұрған қазақ биі демей, не дейміз? Шаңырақ көтеріп, кизі үй тігу және оны жығудың өзі қандай әсем көрініс…».
Келесі кезекте бишілеріміз дайындаған пародия. Сайыстың бұл турында сахна жұлдыздарының әндерін би қимылдарымен көркемдейтін бишілер өнеріне пародиялау қажет.
Келесі тур бишілеріміз дайындаған вальс Биді өнеріміздің бөлінбес бір бөлшегі, өміріміздің көркем өрнегі ретінде ұлттық би қазынамыздың ортаймауына, оның жаңа билермен жарқырап жайнай түсуіне, адамның тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезінуіне ықпал жасауымыз қажет. Би өнеріміздің ғұмыры ұзағынан болғай! Ендігі кезекті әділқазылар алқасына береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |