Білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылады. 10 сыныпта «Қазақ тілі мен дебиеті»



бет1/12
Дата12.09.2020
өлшемі52,6 Kb.
#77866
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
10 класс


ТҮСІНІК ХАТ
«Қазақ тілі мен әдебиеті» Оқыту орыс тіліндегі мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылады. 10 сыныпта «Қазақ тілі мен дебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспарлау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сайсәйкес әзірленген. 10-сыныпта оқу процесі «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқыту орыс тіліндегі мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту кіріктірілген білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бойынша іске асырылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына 101-қосымша «Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде (оқыту орыс тілінде) жүзеге асырылады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.

Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын оқулықтан немесе өзі таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады.

Жылдық жүктеме 170 сағат, аптасына 5 сағат.

10 – сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіріп оқыту негізінде білім алушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру, тіл нормаларын сақтап, еркін сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын дамыту, мемлекеттік тілге құрметпен қарауын қалыптастыру.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің негізгі міндеттері:

білім алушының мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қазақ халқының мәдениетімен танысу арқылы тәрбиелеу;

адамзаттық ойдағыдай кірігу үшін қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту;

қазақ тілі мен әдебиеті пәніне құндылық ретінде қарауды қалыптастыру;

коммуникативтік оқыту негізінде барлық сөйлеу әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдану дағдыларын дамыту;

қазақ әдебиетінің стилистикалық және жанрлық ерекшеліктерін тану негізінде шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

көпмәдени ортада лингвистикалық қажеттілікті іске асыруға дайын жеке тұлғаны тәрбиелеу;

білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлғаны қалыптастыру.

4. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша білім алушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары СEFR -Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті деңгейлерін (B2-С1) негізге ала отырып айқындалған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет