Тақырыбы: «Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру»
Білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу-ХХІ ғасыр мұғалімдерінің басты міндеті. Оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру - бүгінгі күннің басты талабы табылады. Тілдік төрт дағды (айтылым,тыңдалым,жазылым,оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады.Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін ояту қажет.
Тыңдалым дағдысы бойынша:
негізгі ойды түсіну;
ақпаратты анықтау;
түсінгенін практикада қолдана білу;
ақпаратқа өз көзқарасын білдіру;
ой қорыта білу дағдылары.
Айтылым дағдысы бойынша:
белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру;
өз көзқарасын дәлелдеу;
шешім шығару, қорытынды пікір жасау;
зерттеушілік (анализ, синтез);
ақпаратты өңдеу дағдылары.
Оқылым дағдысы бойынша :
мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты ажырата білу;
астарлы ойды анықтау;
шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу;
зерттеп оқу;
сыни тұрғыдан бағалай білу дағдылары.
Жазылым дағдысы бойынша:
тақырыпты аша білуі;
өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеуі;
қорытынды шешім шығаруы;
өз көзқарасын дәлелдеуі;
цитатамен жұмыс істеу дағдылары бағаланады.
Осы дағдыларды қалыптастыруда мына әдіс-тәсілдерді пайдалануға бола алады:
оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;
барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту;
өзін ойын жеткізу, өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік тудыра отырып, оқушының танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту;
проблемалық оқыту арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру;
сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану;
мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау;
өз ойларын ашық айта білетін азамат тәрбиелеу;
ұжымдық оқыту технологиясысының мақсаты - оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқару.
жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде ұжымдық оқыту технологиясының маңызы зор;
Оқушы өзінің көзқарасын қалыптастырып, басқалардың да пікірін ескереді;
Достарыңызбен бөлісу: |