Астана қаласы



бет1/11
Дата10.06.2017
өлшемі1,38 Mb.
#18815
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Астана қаласы

«Көлік және коммуникация колледжі»МКҚК

Пәні: Информатика

Мамандығы:информатика және арнайы пәндер оқытушысы

Сванова Гүлназ Бақытжанқызы
Қабатпен жұмыс және арнайы эффекттерді қолдану. Суреттерді орнату мен редакциялау.
Мақсаты: Adobe Photoshop бағдарламасында қабатпен жұмыс жасай білу және арнайы эффекттерді қолдана білу, суреттерді орнату мен редакциялай білу

Білімділік: Студенттердің Adobe Photoshop бағдарламасында қабатпен және арнайы эффекттерді қолданып, суреттерді орнату мен редакциялау дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

Дамытушылық: Студенттердің бүгінгі ақпараттық қоғам жайлы, озық компьютерлік технологияларда пайдаланылатын сапалы, жоғарғы деңгейлі графикалық бағдарламаларды тиімді пайдалана білу мүмкіндігін дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерді мақсаттылыққа, мұқияттылыққа, өз - өзіне сенімді болуға баулу, ұжымда бірлесе жұмыс істеу қабілеттілігін арттыруға тәрбиелеу.   

Педагогикалық технологиялары: АКТ

Сабақтың түрі: Жинақтау және жүйелеу сабағы

Оқыту әдістері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, білімді тексеру әдісі

Көрнекі құралдары:

  • ДК, проектор

  • Adobe Photoshop бағдарламасы

  • Үлестірмелі материал


Пәнаралық байланыс: Инженерлік графика
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин.

II Үй тапсырмасын сұрау. 18 мин.



  1. Берілген терезе элементтерінің атын атау. 5 мин.

2) Сурет бойынша құрал-саймандардың атын жазу. 13 мин.

III Тәжірибелік жұмысты орындауды түсіндіру. 50мин.

1) Тәжірибелік жұмыс жасау 25 мин.

2) Өзіндік жұмыс жасау 25 мин.

IV Сабақты бекіту: 15 мин.

Сұрақ-жауап арқылы білімдерін тексеру

Тест сұрақтары

VI Сабақты қортындылау және қойылған бағаларды талдау – 3 мин.

VII Үйге тапсырма – 2 мин.

Сабақтың құрылымы

I Ұйымдастыру кезеңі.

Топпен сәлемдесу, журнал бойынша қатысып отырғандарды тексеру. Сабақ жоспарымен таныстыру.


II Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Берілген терезеге сәйкес терезе элементтерінің атын атау.


0 – Программа терезесінің атауы;

1 – Меню жолы;

2 – Құралдар панелі;

3 – Қасиеттер панельі;

4 – Бейнелермен жасалатын операциялар;



5 – Безендіруге қолданылатын құралдар.


  1. Таратпа карталар тарату арқылы құрал-саймандардың атын жазу.


1. Ағымдағы форма облыстарын ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар 
2. Облыстарды ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар 
3. Шеттер бойынша қиып алу құралдары. Кадрлау
4. Ретуш операциясына қажетті құралдар:
5. Бейне бөліктерін көшіру құралдары 
6. Өшіруге арналған құралдар:
7. Дәлдікті басқару құралдары
8. Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар
9. Векторлық контурларды бөліп алу құралдары
10. Комментарий құруға арналған құралдар
11. Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдар
12. Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар 
13. Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу 
14.Бөлінген облыстардың орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар
15. Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал
16. Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар 
17. Сурет салуда қолданылатын құралдар
18.Бейнелердің алдында болған жағдайына келтіретін құралдар
19. Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары
20. Жарықтылықты басқару құралдары
21. Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар
22.Векторлық фигураларды салуда қолданылатын құралдар
23. Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар 
24. Бейнені әртүрлі масштабта қарап шығу құралы 

25. Алдынғы және артқы қабаттың түсі


III Тәжірибелік жұмысты орындауды түсіндіру.

  1. Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосамыз.

  2. Файл-Создать командасын орындау арқылы жаңа қабат ашамыз.

  3. Өзімізге қажетті форматты таңдаймыз.





  1. Қабаттармен, эффектілермен және суретті орнату мен редакциялау жұмыстарын жүзеге асырамыз.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет