2-тарау. Графика
|
МЕКТЕП: «Сұңқар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
|
Күні: 20.12
|
Мұғалімнің есімі: Мухамеджанова Гульжазира Кобетаевна
|
СЫНЫП: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Графиканың бейнелі құралдары: түрлі-түсті қарындаштар мен пастель.
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау тәсіліне үйрету. Әртүрлі бояу құралдарының өзгешелік қасиеттерін пайымдауға баулу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Шығармашылық жұмыстар орындау дағдыларын қалаптастырады
|
Сурет салуды меңгереді, шығармашылық жұмыста қолданады
|
Бағалау критерилері
|
Білу
Түсіну
Қолдану
|
шығармашылық идеялар мен сезімдерін білдіру үшін, өнер құралдарын анықтайды
гравюра және литография түрлерімен танысады, сурет салу техникаларын түсінеді
оттиск орындау үшін визуалды элементтерді қолданады
|
Тілдік мақсат
|
Дағдыларды дамыту: Лексика мен сөз тіркестері: түпнұсқа, баспа, эстамп,
шығармашылық жұмысына, орындалу жолдарына сипаттама береді;
өз жұмыстарындағы шығармашылық шешімдеріне пікірлер бере алады және орындалған жұмыстарының сапасы мен қасиеттерін сын тұрғысынан талдайды (сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында)
|
Диалог/жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Бейнелеу өнер шеберлерінің шығармашылығына негізделе отырып, мен...
Графика ерекшелігі....
Мен сурет салу үшін ..... жасау үшін қолдандым.
|
Құндылықтарға баулу
|
Білім алуға бір-біріне деген құрмет, ынтымақтастық, шығармашылық және еңбек, тәжірибелік дағдыларды, оқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге, ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу шығармашылық белсенділік дамыту.
|
Пәнаралық байланыс
|
Мағлуматтарды дұрыс пайдалану арқылы сабақта тарих-пастель, геометрия пішін, бейнелеу өнері-графика; сызу-сызықтар пәндер арқылы байланыс орнату.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Шығармашылық ойларды жүзеге асыруда алғашқы және қазіргі ақпарат көздерін мақсатты, өнімді пайдалану. (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану)
|
Алдыңғы сабақтан алған білім
|
Оқушылар кітап графика негіздерін біледі. Графикалық материалдары және құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу дағдылары қалыптасқан. Кітап графикасы және көркем өнер шығармаларына иллюстрация жасаған суретшілерді біледі.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар Р. «Бейнелеу өнері 6 сынып» оқулығы, суреттер
|
Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Бір,екі, үш,
Білекке жинап күш,
Сабағымызды бастайық
Топқа бөлу «Санамақ әдісі»
1-топ Түрлі түсті қарындащштар
2-топ Пастель бояулар
|
Қалыптастырушы бағалау
|
Қызығушылықты ояту
Білу (3 минут)
|
«Күн мен түн» (сұрақ-жауап)
1.Кітап графикасының дамуына үлес қосқан Қазақстандық график-суретшілерді ата?
2.Абай Құнанбаевтің қай өлеңіне иллюстрация жасалды?
3.Кім деген суретші иллюстрация жасады?
4.Қазақтың эпостық жырларына қай суретшілер иллюстрациялар жасаған?
Үй тапсырмасын тексеру
Дескрипторлар
1.Кітап графикасы туралы біледі.
2.Иллюстрация жасаған суретшілерді атай алады.
|
Қол шапалақтау
|
Мағнаны ашу
Түсіну (5 минут)
|
Сұраққа жауап алу
Графика суретін салу үшін қандай құралдарды қолданады? Сурет салатын қандай бояуларды білесіндер?
.
Көптеген белгілі суретшілер сурет салуда түрлі түсті қарындаштарды қолданған.Түрлі түсті қарындаштың акварель,гуаш бояуларынан айырмашылығы-оның жұмыс жасау тәсілі қарапайым ,ол езілмейді,артық жағылып,қағаз бетін былғамайды.Мұның бояулар кебу үшін ұзақ уақытты алатын техникалық қиындықтарыда болмайды.Түрлі түсті қарындаштар суретшіге ұзақ жолда,жұмыста да қажетті құрал.
Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау үшін беті аздап бедерленген қатты қағазды пайдаланған жөн.Жұмыс жасауды меңгеру үшін түсті қағазды пайдаланудан бастайды.Дайын түсті қағаз болмаса,оны өздерің дайындауға болады.Акварель бояуымен,қызыл шаймен немесе кофемен бояп шығуға болады.Бояу түсі солғын әрі ашық болуы тиіс.Өшіргішті аз қолдануға тура келеді.Өйткені өшіру барысында қағаз беті түтіліп,сурет әдемі көрінбейді.Қарындаштармен салынған суреттер пастельмен жасалған жұмысты еске түсіреді.Бірақ пастельге қарағанда қарындаш қағаз бетіне жақсы жұғады.
Көркем өнердегі «пастель» сөзінің ұғымы Италияның “pasta” деген сөзінен алынып, «қамыр» деген мағынаны білдіреді.
Пигменттің түрлі-түсті ұнтақтарын бор мен шайырдың қосындысын араластырып, илеп, арнайы қамыр жасайды. Сосын осы қамырдан жұмыр таяқшалар жасап, оны кептіреді. Пастель бояуы қарындаштар тобына жатады. Пастель бояуымен жұмыс жасау ежелден белгілі болған. Пастель бояуымен орындалған жұмыс өте ұзақ уақыт бойы сақталып, күн сәулесіне төзімді келеді. Пастель фактурасымен ерекшеленеді. Сұйық бояулардан айырмашылығы, өз түсін мүлдем өзгертпейді. Пастель бояу ұнтағын ұстап қалуға бұдыр немесе түкті негізді талап етеді. Пастельдің жалғыз кемшілігі, ол негізге нашар жұғып, нашар жабысады. Оны папкада сақтауға болмайды. Пастель жұмысты сақтау үшін шыны астына орналастыру керек.
Дескрипторлар
1.Түрлі түсті қарындаштар, пастель туралы біледі;
2. Пастель бояуының анықтамасын және ұғымын түсінеді.
|
«Айтып беру» әдісі
(Жаңа материалдың негізгі идеясын) айтып беру
|
Сабақтың ортасы
Қолдану (15 минут)
|
(Ө) «Туған жер суреттері» атты өлең жолын оқып, өз қалаулары бойынша сурет салу.
Перзентің қадіріңді ұғар жастан,
Таулы өлке тұман басқан, шынар басқан.
Сәскеге дейін талмай сапар шегер
Өреңе өр кеуде күн шыға алмастан.
Қар түсті бүгін тауда алғаш рет,
Былтырғы өткен қыстың жалғасы деп.
Шыңдар сұсты болды ма әлде содан
Бойында кәрлі қыстың таңбасы көп,
Бейне бір құлдыраған тау қыраны
Шыңдардан құлан иек таң құлады.
Қар басқан шыршаларды самал желпіп,
Жасарып, жап-жасыл боп қалды бәрі.
Бұл таудың ну орманы, өз бұлағы,
Әманда дархандықты сөз қылады.
Мәңгі қыс, мәңгі көктем көрші қонған,
Аппақ қар, жасыл шырша көзге ұрады.
Өшпес нұр шың басынан таралғандай,
Жанарым сол шұғыладан нәр алғандай.
Қазақтың кең пейілінен – Сарыарқасы,
Өр көңілінен Алатау жаралғандай
|
Өзіндік жұмыс
|
Жинақтау
( 8 минут)
|
Сөзжұмбақ шешу.
1. Адамның бет пішінін бейнелейтін көркем шығарманы атаңыз.
2. Пастель ұғымы Италияның “pasta” сөзінен алынған, ал қазақша баламасы қалай аталады?
3. Көшірме түсіретін бедерлі ағаш тақта немесе білік арқылы шыныға жағылған типографиялық бояуды атаңыз.
4. Оймыш гравюраның бір түрі қалай аталады?
5. Табиғат көрінісін және қоршаған ортаны бейнелейтін жанрды ата.
6. Суға тез еритін, түссіз желімдерге жұғыстырылған, сұлу бояуды білесіз бе?
7. Акварель сияқты желім қоспасы бар, суға тез еритін бояу түрін атаңыз.
|
|
Дескрипторлар
1. 4 пішімінде сурет салады;
2. шығармашылық жұмысында түстік үйлесімділікті көрсетеді;
3. жұмысында көркем өнердің техникасын қолданады.
|
Бекіту
(3 минут)
|
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
ұқсастығы
|
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс
(2 минут)
|
Рефлексия
Сұрақтарға топпен немесе жеке жауап беріңіздер:
Не үйрендім?
Қайсысы оңай болды?
Қайсысы қиын болды?
Тағы не үйренгім келеді?
|
Мұғалімнің бақылауы
|
Үй тапсырмасы
|
Пастель бояуымен немесе түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау
|
|
Бағалау
|
Оқушыларды бағалау
|
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық
Қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|
|
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|