11-сабақ .Беілген ойын әдістерімен танысып талда.
2.Конспект жаз.
«Арқаға сурет салу»
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.
Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны «Ассоциативті қатар»
қағазда жазылғанмен салыстырады.
Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: ертегі, «Қобыланды батыр», кейіпкерлері, жыр, оқу, Тайбурыл....
Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.
«Ассоциацияның көмегімен көрініс»
Қатысушылар өздерінің есімдерімен қоса бір затты (пикникке алып шығатын немесе қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айту керек. Мысалы: Есімім – Жантас, ұнататын сусыным – квас; Есімім – Жанар, ұнататын жемісім – анар т.с.с.
Сабақта өтілген ұғымдарды өз есімдерімен байланыстырып айтуларына болады.
«Атаулар (терминдер) кестесі»
Сабақ басында тақтаға тақырып бойынша 3 негізгі атауларды (терминдерді) жазып,оқушыларға оларды мынандай кестеге түрлендіруді ұсынамыз:
№1 атау №2 атау №3 атау
Атау туралы білімдері,
мағлұматтары,
түсініктері Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері
Оқушылар бұл тапсырманы алдымен жекелей (2-4 минут) орындап, одан кейін кестелерін топ (немесе жұп) ішінде оқып, талқылап, толықтырады (3-6 минут). Сыныптық талқылау барысында (4-6 минут) мұғалім оқушылардың өз кестелерін жариялауды ұсынады немесе тақтада келтірілген кестені оқушылардың жауаптары бойынша толтырылады.
Сабақ соңында бұл кестеге қайта оралып, келтірілген мәліметтердің дұрыс/бұрыстығы анықталады.
«Атаулар туралы үш сұрақ»
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:
1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.
Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |