Сабақтың тақырыбы Жобалық жұмыс



бет1/2
Дата23.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#159443
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
phps5Ip8R 5

Қысқа мерзімді жоспар











Күні: 12.12.2017




Сынып: 5







Сабақтың тақырыбы

Жобалық жұмыс




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.2.2 Растрлық кескіндерді құру және өңдеу


«5.2А Ақпарат және оның өңдеу» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау



Сабақтың мақсаты

Барлығы:
Растрлық кескіндерді құруды және өңдеуді үйрену.

Көпшілігі:
Paint графикалық редакторының терезесі элементтерін білу. Графикалық редакторда растрлық кескіндерді құру және өңдеу.

Кейбірі:
Растрлық графиканың ерекшеліктері мен кемшіліктерін білу

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийі


  • Paint графикалық редакторының интерфейсімен танысады. Растрлық кескіндерді құра алады және өңдей алады.

  • Растрлық графиканың ерекшеліктері мен кемшіліктерін атап көрсете алады.

Тілдік мақсаттар



Лексика және терминология
Растрлық графика, пиксель, палитра, графика, компьютерлік графика, масштаб, графикалық редактор, Paint

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

  1. Paint редакторы не үшін қажет?

  2. Графика дегенде көз алдарыңа не елестете аласыңдар?

Құндылықтарға баулу

Жаңа және өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.
Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.
Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ
барысында белсенділік таныту.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері

Алдыңғы білім



Әртүрлі ақпараттарды атап шығу және көрсету.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері





Ресурстар



Сабақтың басы

Білу



Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сыныпқа психологиялық ахуал орнату және оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында жақсы тілектер айтқызып, сыныпқа психологиялық ахуал орнатамын.
Топқа біріктіру
«Дорбадағы асықтар» әдісі арқылы екі топқа біріктіру.
І топ «Расторлық»
ІІ топ «Векторлық»
Бағалау парағын ұсынамын.
Үй тапсырмасы.
"Жас тілші" әдісі бойынша екі топтан екі оқушы рольге ене отырып үй тапсырмасына қатысты сұрақтарды оқушыларға қояды. Оқушылар сұраққа жауап береді.

  1. Ақпарат термині туралы не білесіңдер?

  2. Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар?

  3. Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?

  4. Ақпараттың түрлеріне жеке жеке тоқталыңдар?




Түрлі-түсті асықтар

Кеспе қағаздар


Жұлдызша жинау






Сабақтың ортасы


Түсіну
Деңгейлік тапсырмалар
Қолдану






Оқушыларды жаңа тақырыппен және мақсатымен таныстырамын. Расторлық кескіндерді құру және өңдеу.
Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында «Білгенді бөліс» әдісі арқылы
І топқа «Графика және компьютерлік графика түрлері»
ІІ топқа «Растрлық редакторда кескінді құру, сақтау, ашу және өңдеу тәсілдері» тақырыптары бойынша топқа бөліп беремін. Топтар тақырыпты топпен талқылап бір-біріне түсіндіреді.

Тапсырма №1 Терезе элементтері мен атауын сәйкестендір.




Дескриптор

  • Paint графикалық құрал саймандардың атын біледі.

  • Paint графикалық құрал саймандарды бір-бірінен ажырата алады.


Тапсырма №2 Берілген суретті салып оның масштабын өзгерте отырып суреттің сапасының өзгеруін бақылау.
Дескриптор

  • Расторлық графиканы пайдалана отырып сурет сала алады.

  • Салынған суреттің өлшемін өзгерте алады.

  • Өзгерген суреттегі ерекшеліктер мен кемшіліктерін көре алады.





Тапсырма №3
Графикалық редакторды қолдана отырып,«Менің үйім» тақырыбында сурет салыңыздар.









Дескриптор


- сурет сызықтарының қалыңдығы мен түсін таңдай алады;
- үшбұрыш, дөңгелек және т.б. стандартты фигураларды салу үшін құралдарды қолданады;
- ауыстыру амалын қолданып растрлық кескінді өңдей алады;
- көшіру және өшіру амалын қолданып растрлық кескінді өңдейді;

Ауызша бағалау

Мұғалімдерге арналған оқулық 5 сынып.


Арман ПВ баспасы
Компьютер

Мұғалімдерге арналған оқулық 5 сынып.


Арман ПВ баспасы
Дискрипторлар арқылы бағалау

Сабақтың соңы


«Оқушылардың сұраққа берген жауаптары» әдісі
арқылы сабақты қорытындылаймын.

  1. Графика дегеніміз не?

  2. Компьютерлік графика нешеге бөлінеді?

  3. Расторлық кескінді қандай бағдарламада құруға болады?

  4. Өзгертетін бейнелерді қайдан алуға болады?

  5. Paint дегеніміз не?

  6. Файлды қалай сақтауға болады?

  7. Сақталған файлды қалай ашуға болады?


Кері байланыс


Не білдім, не үйрендім, не білгім келеді деген сұрақтарға жауапты стикерлерге жазу арқылы кері байланыс береді.





Аяқталмаған сөйлем


Информатика


5-сынып
Өзін өзі бағалау
стикер




Үйге тапсырма: Расторлық кескіндерді құру және өңдеу.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет