Тақырыбы: Ақын, жерлесіміз Несіпбек Айтұлы
Мақсаттары:
Білімділік: Несіпбек Айтұлының өмірімен және шығармашылығымен
кеңінен таныстыру.
Дамытушылық:Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру,
олардың ой – өрісін дамыту, шығармашылық ізденісін ояту.
Тәрбиелілік: Кітапты қызыға оқуға баулу, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Несіпбек Айтұлының суреті, букеті, альбомы, «Рухымның
падишасы» кітабы, жергілікті жердің сызба картасы, сөзіне
жазылған ән (таспа), жерлес ақын – жазушыларымыздың
(М.Мағауин, Н.Айтұлы, М.Божанов, Шәкәрім, Абай,
М.Әуезов, Д.Бабатайұлы, К.Төлемісұлы, К.Бозтаев, т.б.)
кітаптарынан көрме, М.Мақатаев, Н.Назарбаев, Бәйтерек,
Астана суреттері. Бәйтерек модулі.
Техникалық құрал: үнтаспа
Түрі: сұхбат әңгіме сабақ
Әдісі: сұхбат арқылы баяндау, пікір алысу.
Жоспары:
І. Өмірдерек:
І топ: (1950 – 1969)
ІІ топ: (1974 – 2004)
ІІ. Шығармашылығы:
І топ: 1. Балаларға арналған кітаптары
2. Аудармалары
ІІ топ: 1. Алғашқы кітаптары
2. Поэмалары
ІІІ. Жыр әлемі
І топ: «Кітап – білім бұлағы», «Оқушыға не керек?», «Текемет», «Алтын сөз», «Жұмбақтары»
ІІ топ: «Кітап – жан азығы», «Ана тілім»(153), «Отан»(155), «Семейдегі сөз», «Ақ көбелек», «Шәкәрім тошаласында»(191), «Ағалаларым-ай»(233)
ІV. Поэзия шыңы (жоғары матапаты, алған кітабы)
V. Шарықтау (ой түю)
1. (оқушы шығармасы «Алғашқы кездесу» құттықтау тілек өлеңі)
2. қорытынды (Бәйтерек модулін құрау)
VІ. Үйге тапсырма
«Табиғат қызығамын суретіңе»
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Балалар, біздің білім алып жатқан оқулықтарымызда көптеген ақын -
жазушыларымыздың өлеңдері мен әңгімелері бар. Солардың бірі Ана тілі оқулығында танысқан ақын ағамыз, біздің жерлесіміз Н.Айтұлы туралы болмақ. Бүгінгі тәрбие сағатымызда біз осы кісінің өмірімен, өлеңдерімен, басқа да шығармаларымен тереңірек танысамыз. Сыныбымыздың тақырыбын «Болашағымыз – білімді ұрпақ» деп алған едік.
Білімді біз қайдан аламыз?
Оқулықтан, кітаптан, басылым журналдардан.
Ендеше мен сендерді екі топқа топтастырамын.
І топ: «Кітап – білім бұлағы»
ІІ топ: «Кітап – жан азығы»
Топ басшыларын анықтап алу.
Тәрбие сағаттарымызды сұхбат әңгіме түрінде ұйымдастырып отырмын. Яғни өздеріңмен сұхбаттаса отырып, ақын жерлесіміз Н.Айтұлының өмірімен, шығармашылығымен кеңінен танысамыз. Ой – өрісімізді дамытып, шығармашылық ізденісімізді шарықтатамыз.
Сұхбат түрлерімен танысайық. 5 бөлімнен тұрады. Сол бөлімдер бойынша сұхбат әңгімемізді өрбіте аламыз. Әр топ өзара ақылдасып бір оқушыдан қатыстыра аласыңдар. Сұхбат жазбаша немесе ауызша пікір білдіруге мүмкіндіктерің бар.
І. Өмірдерек
І топ: Н.Айтұлы – 1950 жылы 22.08-те Шығыс Түркістанда, Шәуешек аймағында Алшынды бұлақ деген ауылда дүниеге келген.
1962 жылы ата – анасымен б3рге атамекенге оралған. Біздің Шұбартау жерінде, өзіміздің осы «Горный» совхозының, қазіргі Байқошқар ауылының №1 фермасы атанған Қарабұжыр ауылында болған. 1962 жылы ауылда 4-сыныпты жалғастырып оқиды. (сызба карта)
1964 жылы Баршатаста (картадан көрсету) аудан орталығында интернатта тұрып, 5-сыныпқа барады.
1968 жылы мектептен қол үзіп, сол кездегі аудандық «жаңа өмір» газетіне әдеби қызметкер болып, қызметке тұрады.
1969 жылы Алматыдағы қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі.
ІІ топ: 1974 жылы оқуды бітіріп, 1983 жылы «Балдырған» журналының поэзия бөлімінде меңгеруші болып істейді.
1965 жылы алғашқы өлеңі «Балалық» деген атпен жарық көреді. Көптеген өлең-кітаптары, әндері, аударма кітаптары бар.
2000 жылы 50 жасқа толар мерей тойы қарсаңында «Рухымның падишасы» деген кітабы шықты.
2001 жылы Кипрде өткен түркі тілдес халықтар ақындарының дүние жүзілік мүшәйрасына қатысты.
2004 жылы яғни тәуелсіздіктің 13-ші жылында «Парасат» орденімен марапатталды.
Мұғалімнің толықтыруы:
Әкесі – Тұрысбек Айтұлы. 1928 жылы туған. Өмір бойы қой баққан. Шешесі – Байкен (Байбосын) Пұшбақбайқызы 1931 жылы туған. 9 баланың анасы. Н.Айтұлы осы тоғыз баланың үлкені болғандықтан, үлкен атасының еншісінде өскен. Үлкен атасы Айт – ақын, аңшы, саятшы, палуан адам болған. Сондықтанда Несіпбек атамыздың аты-жөні Айтұлы болу себебі де сол екен.
Н.Айтұлы қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы және Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтардың иегері, Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған Республикалық жыр мүшайрасында «Мұхтар мен Абыз» поэмасы Бас жүлде алған.
Өлеңдері – өзбек, қырғыз, орыс, ұйғыр, корей, поляк, түрік тілдеріне аударылған.
Жолдасы, 4 баласы, 3 немересі, 2 жиені бар. Кейінгі төрт жылдан бері Астанада тұрып жатыр.
ІІ. Шығармашылығы:
І топ «Кітап –білім бұлағы»
Балаларға арналған кітаптары.
Балаларға арналған кітаптары: «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс түйме», «Қартаймайды неге күн» т.б. кітаптары бар.
Аудурмалары.
Аудармалары: Н.Айтұлы аудармашылыққа аз еңбек сіңірмеген. Кезінде
аса ірі философ Әлішер Науаидың «Ескендір қорғаны» атты шығармасын аударған.
Орыс қаламгерлерінің балаларға арналған бірнеше классикалық шығармаларын қазақшалаған.
Мұғалімнің толықтыруы: (Н.Айтұлының өз сөзімен)
Қандай ақын боп қалыптасуың, тіл байлығың, сөз қоры деген нәрселер ол өскен ортаға байланысты.
Адамды қалыптастыратын орта десек, бұл түсінік ақындыққа да қатысты. Бала күнімде тіл мәйегі тұнық Тарбағатай төскейінде өскен менің жас дәурен шағым Шұбартау мен Шыңғыстау арасы болды. Бақытыма орай қазақ тілінің қаймағын қалқып ішкен ауылдарды мекендедік. Орыстың өзін бірінші рет 12 жасымда көрдім (әзіл).
Онан кейін біз замана зобалаңы ығыстырып ары-бері көшумен өткен қазақтың ұрпағы болғандықтан біз тәуелсіздікке нағыз шөлдеп өскен жұрттың өкіліміз. Туған жерге тұрақты мекендей алмай тағдырдың теперішін
көрген үлкендердің ата қоныс,азаттықты аңсауға толы әңгімелері кішкене күнімізден құлағымызға сіңді. Сонымен бірге Ақтамберді, Дулат, Абай сөздерінің өзегі сақталған өлкеде өсуімнің өзі менің бойымдағы ақындықтың ұлт тағдырына ойысуына тікелей себеп болса керек. Кейін қанша оқыдық, іздендік, кеңестік шығармалармен де сусындадық. Ел қатарлы үй-күйіміз болды, қызымет те істедік.Бәрібір бойдағы сол бір әлденеге деген сағыныш қылаң беріп,қалғып бара жатсаң оятып, тоқмейілсіп бара жатсаң түртпектеп, тым жайбырақаттыққа салғызбайтын көкірек түбінде бір шоқ сөнбеген күйінде сақталды. Сол шоқты сөндірмеудің амалын шығармашылық арқылы жасадық.
Ұлтжандылық үнімізді қысқа өлеңдермен де, әнге жазылған өлеңдер арқылы да, балалар жырын жаза отырып, оған қазақы мінез,болмыс қосу жолымен де жеткізе білдік деп ойлаймын.
ІІ топ: «Кітап-жан азығы»
Алғашқы кітаптар.
Алғашқы кітаптары «Көктем тынысы», «Қозыкөш», «Әкем туралы сыр», «Жүректегі жаңғырықтар», «Жаңбыр әні», «Түнде ұшқан тырналар» өлең кітаптары.
«Ақындықтың туын тіккен Семейдей киелі топырақта қанат қатайып, Абай, Дулат ақын жырларының сарыны қалған, қыдыр дарыған өлкенің бір пұшпағында өсіп, өнер жолында осы аймақтың намысын қорғауға жарағанымды мақтан тұтамын» - дейді ақын өз сөзінде. 15-16 жасымнан өлең
жаза бастадым. Шұбартау ауданының « Жаңа өмір» газетінде басылған өлеңдерін қоспағанда үлкен басылымдардағы алғашқы жыры 1967 жылы
«Семей таңы» газетінде жарияланды.
Поэмалары: «Бассүйектер», «Үндістер үзілмеңдер», «Мұқағали – желтоқсан», «Мұхтар мен Абыз», «Бәйтерек» т.б деп аталады.
Мұғалімнің толықтыруы: (Н.Айтұлының өз сөзімен)
Ақындығымның алғашқы кезеңінде жазған «Бассүйектер» атты поэмамда аштық, қуғын-сүргінің жанама көрністері берілген. Одан кейін «Үндістер үзілмеңдер» деген поэмамда Америкадағы үндістердің ауыр тағдырын, олардың шектеулі мүмкіндіктерін жырлай отырып өз еліміздің де мұң-мұқтажын сипай жеткізу көзделген.
«Бәйтерек» поэмасының сұлбасы санамда екі жылдай жүрді. Шығарманың басында «Түсімде тәуелзіздік падишасы, қолыма берді қағаз,алтын адам» деген жолдар бар. Ол жалған жазыла салған сөз емес. Бір күні түсімде Елбасы қолыма аппақ қағаз беріп жатыр.Осы түсім тура бір жылдан соң қайталанып, Нұрекең бұл жолы қолыма алтын қалам ұстатып кетті. Осындай әсерлермен өзімнің о бастағы елдікке, дербестікке деген ұстанымдағы ой үстінде жүргенде «Бәйтерек» поэмасы туды.
Сонау ата-бабаларымыздан бері аңсап келген тәуелсіздігіміз қолға тигнеде, ұлан байтақ жерімізгеөзіміз иелік жасай бастаған уақытта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға әрбір қазақ мүдделі. Бұрынғы бір тұтас одақ ыдырағанда әркімнің ізіне бір ілеспей өз сара жолымызды таңдап,
сол қадамды бүгінде басқа елдер мойындап жатса одан артық мақтаныш бола ма. Ел жетістігі қай қаламгердіболсын толғандырары хақ. Десек те кез-келген пікір қайшылықтың, сыни көзқарастың түпкі нысанасында алмағайып
заманда елді адастырмайтын, болашағына оң бағыт беретін берекелі мақсат тұрса екен деймін. «Бәйтерек» поэмасында осындай ұстаныммен қатар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегімен қатар тәуелсіздік тақырыбы тереңдей айтылған. Тәуелсіздік алғаннан бергі ерекше оқиғалар мен елеулі сәттерді жырлай отырып, поэмадағы негізгі ой оқырмандарды елдігіміздің қадірін білуге, болашақты берекелі қарсы алуға шақыру.
(кітап көрмесіне тоқтау)
ІІІ. Жыр әлемі
1.топ: «Кітап – білім бұлағы» «Оқушыға не керек?» (оқулық, дәптер, өшіргіш, қалам, сөмке, қарындаш, күнделік)
« Жұмбақттары», «Текемет», «Алтын сөз», « Білім сабақ».
Мұғалімнің толықтыруы:
Н.Айтұлы туралы замандастары « Мұқағалидан бата алған біздің арамызда Несіпбек қана» - деп қызыға айтады екен.
Поэзияға тағдыр деп қарап, бар болмысымен берілген, өзіне де, өзгеге де талап қойғыш ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың көңілінен шығатын жырды жаза қою екі жастың бірінің қолынан келетін шаруа еместігі белгілі. Мұқағали ағамыз өзінің қысқа ғұмырында жалғыз ғана жас ақынның тұсауын кесіп, сәт сапар тілеген екен. Ол-қазіргі қабырғалы ақынымызға айналған Н.Айтұлы болатын. 1972 жылы 28 қаңтарда «Лениншіл жас» газетінің жұма күнгі санында жарияланған: «Өлең өнерімен әуестенуші жастарымыз баршылық. Алайда,шынайы,шын поэзияны жай ғана еліктеушіліктен айыра білу қажет-ақ. Әртүрлі әр үндес ақындардың дүниеге
келуі қуанышты. Мен Несіпбек өлеңдеріне осы тұрғыдан қараймын. Өз жастығы мен жас творчествосына лайық үн аңғардым. Тілі жақсы, ойы анық.
Өлеңдерінен жасандылық байқалмайды, жастыққа тән от бар.Ағынан жарылып, таусыла талаптану, ізденіс бар. Қайсыбір жастарда ұшыраса бермейтін мүлде бір бөлек сарын еседі. Жасқанбай, жас адам, жақсы-жақсы жырлар жаз!
Мұқағали Мақатаев» деп қол қойылған осы шағын, алақандай ғана ақжолтай тілек, тұсаукесер лебізді сол кезде жұртшылық құмарта оқығаны рас.
Жыр әлемі деген тылсымға тіл бітірген тумыстан талантты ақынның тұма бұлақтың тұнық суындай туындыларына деген ықылас жылдан жылға арта түсті.
«Рухымның падишасы» жинағында жырдағы қолтаңбасы бұрынғыдан да айқындап, жаңа қырлар қосқаны, ізденіс көкжиегін кеңейте түскені байқалады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары тың серпін, еркін тыныспен жазылған жаңа жырлары, М.Әуезовтың 100 жылдығына арналған
Республикалық жыр мүшәйрасында Бас жүлде алған «Мұхтар мен Абыз» және тоқырау тұсында толық жариялай алмаған толғаулары мен ән өлеңдері осы кітабына енгізілген.
ІІ топ: «Кітап – жан азығы»
«Ана тілім»(153), «Отан», «Семейдегі сөз»
Ана тілім, жүрегіісің анамның
Жүрек – ана, мен өзіңнен жаралдым
Сағат сайын саулығыңды тілеймін
Сенсіз мынау керегі не ғаламның...
Біздер үшін Отан біреу, ту жалғыз
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп
Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз...
Мұғалім толықтыруы:
Семей мен үшін қашан да қасиетті мекен, киелі топырақ әрі
мақтанышым. Ақылдың алыптарын тудырған топыраққа деген тағзым менің жүрегімде мәңгі орын алған.
«Шәкәрім тошалсында», «Семейдегі сөз»
Мұғалім толықтыруы:
Н.Айтұлының есімі әнге сөз жазу жағынан, яғни өлеңіне ән жазылған ақын ретінде де белгілі.
Сонау жылдарда Ақселеу Сейдімбеков, Жәнібек Карменов, Н.Айтұлы үшеуі бірлесіп бірнеше рухтық ән берген. Сол үштік одақ уақыт өте Тұрсынжан Шапай, Рамазан Стамғазиевтермен жалғасын тапты.
«Жалпы әнге өлең жазу немесе сенің өлеңіңнің әнге айналып кетуі оңай дүние емес. «Бұған мазмұны бөлек сөз керек» деп Шәкәрім айтқандай, әр әннің салмағына қарай ауыр мен жеңілдің, беріктік пен нәзіктіктің ортасындағы нүктесіне тиетіндей немесе көлге тамған аққудың көз жасындай сөз қажет деп есептеймін» - дейді Н.Айтұлы.
Ән тыңдау. Р.Стамғазиев «Ағалар-ай»
Оқушының орындауында «Ақ көбелек»
ІV. Поэзия шыңы
І топ: «Кітап – білім бұлағы»
Жыр сүйер қауым өлеңін іздеп жүріп оқитын ақынның бірі – Н.Айтұлы. 1970 жылдардың ортасынан бері оқырманына 200-дей әнге сөз жазып, жиыны 15-тей кітап сыйлап, желдей есетін, жебедей тесетін ұтқыр жырларымен өнер өлкесінде өзіндік өрнегін қалыптастырады.
Қазақтың көрнекті ақыны Н.Айтұлы Қазақстан Жазушлар Одағының М.Мақатаев атындағы және Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтардың иегері атанды.
ІІ топ «Кітап – жан азығы»
Қазақ поэзиясының қағидасын қатаң сақтай алғандығымен Н.Айтұлының өлеңдері рухтың ерлігін, елдің бірлігін көркем сипаттап келді. Бар ғұмырында бостандықты бар болмысымен жырлап келген Н.Айтұлы тәуелсіздіктің 13-ші жылында «Парасат» орденімен марапатталды.
Мұғалімнің толықтырылуы:
Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары тың серпін, еркін тыныспен жазғылған Н.Айтұлының «Мұхтар мен Абыз» поэмасы М.Әуезовтың 100 жылдығына арналған Республикалық жыр мүшайрасында Бас жүлде иегері болып марапатталды.
V. шарықтау (ой түю)
Мұғалім: Астары терең, поэма жазып, жыр сүйер қауымды жалт қаратқан Н.Айтұлы келе – келе қазақ лирикасының айтулы тұлғасына айналды. Шығыс пен Батыс әдебиетінің ақ қайнарынан сусындаған, тілі шұрайлы, ойы құнарлы сезімі сергек, көркем образға бай, серпінді, еркін өлең тынысты өлеңдері мен толғау-дастандары арқылы қазақтың өлең өнерін өрелі биікке көтеріскен ат төбеліндей дарындардың қатарынан өз орнын ойып алды.
Шығарма: «Алғашқы кездесу» Оразғали Сағыныш Кенжалқызы
Байқошқар өзенінің бойында топырағы киелі Абай жерінде туған атақты атамыз Н.Айтов есімін естігенде көз алдыма ұлт жанды, мейірімді, балажан атаның бейнесі келеді. Мен ол кісімен алғашқы рет кездескенімде сегіз жаста болатынмын. Біздің үйде дастархан басында отырғанда мейірімді, жылы жүзі бірден көзіме ілінді. Біздің үйге келген қадірлі бір қонақ екенін ұқтым. Бірақ сол кезде ол кісінің атақты ақын екенін білген жоқпын. Кейін мектепте мұғалім Н.|Айтов туралы айтып шығармаларымен таныстырғанда, мен ол кісінің үлкен ақын екенін білдім. Көзім көргендегідей, сол бір жылы жүзді есте қалған бейнесін елестеттім. Мен атама мына тақпақты арнағым келеді.
Мейірімді, жылы жүзді, балажан
Несіпбек деген атам барына мақтанам
Атақты ақын мақтанышы елінің
Менде ақыны болғым келеді елімнің.
Құттықтау тілек:
Ақын жерлесіміз бұл күнде
Парасат орденін иеленді
Биіктен көрінген елеулі еңбегіне
Жерлестері жылы лебіз білдіреді.
Қорытынды: «бәйтерек» модулін құру
Діңі – Н.Айтұлы, бұтағы – кітаптары, аудармалары, поэмалары т.б., сабағы – «Рухымның падишасы», «Бәйтерек» т.б., жапырағы – Р.Стамғазиев, Ұ.Қабаева т.б., жемісі – Парасат ордені, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлық иегері т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |