Білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені мәлім. Сондықтан білім беру саласына қай мемлекетте болмасын үлкен жүк артылады



Дата16.05.2023
өлшемі13,95 Kb.
#176812
Байланысты:
Білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені мәлім


Білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені мәлім. Сондықтан білім беру саласына қай мемлекетте болмасын үлкен жүк артылады. Ал қазіргі жағдайда сапалы, ең бастысы нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру екі есе қиындай түсетіні анық. Десе де, барша әріптестеріме «қашықтықтан оқытудан» қашпауға кеңес беремін!
Қашықтан оқыту ерте ме, кеш пе бізге жететін еді. Өйткені бұл – заман талабы. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың!
Казіргі таңда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Оқытушы ұстаздарымыз интернеттік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдаланып, әр түрлі платформадағы бағдарламаларды үздік игеруде.
Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу жүйесі. Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу болып табылады.Қашықтықтан оқыту бұл оқытушының біліктілігін көтереді және оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады. Қашықтықтан оқыту-қолайлы уақытта кез келген
Ақпаратты тасымалдаушыларды атаңыз:
жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтықтағы оқытушыдан білім алу үрдісі. Қашықтықтан оқыту, үйден шықпастан білім алу мүмкіндігі.
Қашықтан оқыту жүйесі бойынша білім беру компьютерсіз және интернеттерсіз мүмкін емес. Оқушылардың көпшілігі қашықтықтан білім алуда дербес компьютер мен интернетті белсенді пайдаланып жатыр.
Қашықтан бастауыш сыныптарда оқытудың ерекшелігі оқытудың қол жетімділігі мен қашықтығы- оқушының өз үйінен немесе мектептен шықпай-ақ оқу орнынан алыстатылған оқу мүмкіндігі. Бұл заманауи ұстазға өмір бойы, арнайы іссапарсыз, демалыстарсыз, негізгі қызметпен қоса отырып оқуға мүмкіндік береді. Бұл ретте назар аудара отырып оқыту кешке және демалыс күндері де оқытуға болады. Қашықтықтан білім берудің ерекшелігі интернет желісі бар жер шарының кез келген нүктесінде оқушыларға білім беру мүмкіншілігі.
Қашықтан оқыту қай пәннен болса да жеке сипатқа ие, неғұрлым икемді, білім алушы оқу қарқынын өзі анықтайды, жеке сабақтарға бірнеше рет қайтып келуі мүмкін, жеке бөлімдер мен т.б. тақырыптарды жіберіп алып, қалаған уақытында тапсырманы орындау мүмкіндігіне ие. Мұндай оқыту жүйесі оқушыны бастауыш сыныптаөз бетімен айналысуға және өз бетімен білім алуға мәжбүрлейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет