Білім беру деген тақырыпта



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі20,49 Kb.
#82287
  1   2
Байланысты:
Орынбекова Жазира Қазбекқызы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТ» КеАҚ
Гуманитарлық факультеті


«Білім беру» деген тақырыпта
«Жоғары мектеп педагогикасы» пәні бойынша
білім алушының өздік жұмысы

Орындаған:


МПиП-001 топ магистранты
7М01101 - Педагогика және психология
Орынбекова Жазира Қазбекқызы
Семей - 2020
Эссе
Білім беру құндылық па, жоқ әлде қызмет пе?
"Білім" дегеніміз адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе: күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, ара қатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатынаста тануда т.б. Сол адамзат тіршілігін сақтап және оны алға қарай қорғап, дамытып отырудың қажетті заңдылығы - тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, беріліп отыратындығы.
Білім беру құндылық па, әлде қызмет пе?! Менің ойымша білім беру ең біріншіден, ол –ұлттық құндылық болып табылады. Себебі, өмірге келген жас бала, одан соң, жасөспірім, жастар тіршілік тәжірибесі негізінен үш ортадан көріп, біліп, түйісініп, өзі қатынаса жүріп жинайды. Ол- отбасы, қоршап жатқан орта және арнайы білім жүйесі. Өсіп келе жатқан жас адам осы үшеуінің арасынан бой көтеретін субъект. Үш орта өзара байлаысты болып, балаға жүйелі ықпал етуге мүмкін. Керсінше, әрқайсысы өзінше әрекет етіп, тіпті бірінің ықпалы екіншісінікіне қайшы келуге де мүмкін. Осы әр қилы ықпалдар мен әсерлерді өз бойына өткізетін оъект біреу. Ол - бала, жасөспірім, жас. Бала алдында жауапты іс тұрады: нені алу, нені алмау керек? Неден үйреніп, неден жирену қажет? Бұған ол қандай жауап табады, бұл баланың өмірге алғашқы қадамдарын басып қандай тәрбие алғанына,неге бағдарлағанына, ойлау қабілетіне байланысты.
Ал, келесі бір тұрғыдан қарайтын болсақ, білім беру қызмет деген ойға келеміз. Иә, білім беру – жауапты қызмет, себебі ел болашағы білімді ұрпақ қолында. Білімдену тек өскелең жас ұрпаққа ғана емес. Ересектер де тіршілік, қызмет барысында үнемі ізденіс жағдайында болады. Әсіресе еңбек технологиясының жетілдірілуі, экономикалық қатынастағы өзгерістер, жұмыссыздық, ересектердің өзінің білімін жетілдіру немесе қайта даярлық процесінен өту әрекеттерін болмай қоймайтын заңды құбылысқа айналдырды. Білім беру немесе білім алу тек арнайы білімс беретін мекемелер шеңберінен шығып кетті. Мүдделер өзалдына білімденуде, өз еркімен ізденісін жалғастырады. Басқаша айтсақ, қазіргі заманда әр адамның тіршілігінің өзекті саласы - білімдену. "Білім беру" және "білімдену". Екеуінене ортақ және айырмашылығы неде? Жас ұрпаққа білім беру, яғни өмірлік тәжірибемен қаруландыру, отбасының, әлеуметтік ортаның және арнайы білім мекемелерінің ісі екенін айттық. Алұрпақ оны қалайша қабылдады: немқұрайды, ұшқары, терең ұғына отырып, өз тәжірибесінеайналдыру арқылы... Неге бір отбасынан әркелкі мінезді және қабілетті бала өседі, неге бір мұғалімнен оқығандардың білімі, көзқарастары мен қабілеті әртүрлі? Осының бәрі мәселенің білімнің берілуінен гөрі, тәрбиеленушінің өзінің білімденуінде екенін көрсетеді. Ата-ана үйретумен шектеліп қалмай, бала үйренді ме жоқ па, басты назар соған аударылмаса күткен нәтиже келе қоймады.
Білім беру - өркениетті саяси әлеуметтенудің қозғаушы күші деп ойлаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет