«Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай ақпараттандыру – білім ортасы»



Дата04.08.2017
өлшемі11,4 Kb.
#22548

«Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай ақпараттандыру – білім ортасы»

  • Степногорск қаласының
  • № 2 мектебінің ҒӘЖ директордың
  • орынбасары Омарова С.Б.
  • Қазан, 2014ж.
  • «Электрондық оқыту жүйесін басқару технологиясы»
  • тақырыбындағы облыстық конференцияға дайындаған
  • БАЯНДАМА

Ақпараттық технологиялар заманауи әлем өмірінің өзгеріп, жылдам дамуына қозғаушы күш болып келеді. Ақпараттық технологиялардың белсенді дамуынан кейін білім беру жүйесіне ақпараттық технологиялардың араласпауы әсте, мүмкін емес.

  • Барлық электрондық білім беру ресурстары ЭО оқытушының электрондық журналды толтыруы, ата-анаға және басқа да оқу үрдісінің әрбір қатысушылары үшін қол жетімді.
  • Ақпараттық – коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
  • Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор.

Мектепте білім беру жүйесінің басқарушылық іс-әрекетін оңтайландыру міндетінің ең тиімді және қазіргі заманғы шешімі оны ақпараттандыру болып саналады.

  • Білім беру сапасын арттыруда білім беру мекемелеріне техникалық және бағдарламалық, мамандандырулар арқылы жабдықтау жұмыстарын жүргізу болып табылады. Уақытты үнемдеу үшін ең бастысы тиісті техникамен? Сапалы базалық бағдарламамен қамтамасыз ету.
  • Басқарушылық кешенді енгізудің негізгі мақсаты интерактивтік кері байланысты ұйымдастыру, мектеп процестері мониторингінің қызметін кеңейту болып саналады.
  • Құжаттар бір ұйымнан екіншісіне санаулы минутта беріледі.

Степногорск қаласындағы мектептердің білім беру жүйесінің қалалық білім бөлімі субъектілерінің өзара әрекеттестігінің ақпараттық қатынастық жүйесін бірізділікке әкеліп соғатыны сөзсіз.

  • Қаламыздың білім бөлімі қармағындағы 36 білім беру ұйымдары қызметкерлерінің ақпараттық электрондық поштаның дербес қатынас құруы арқылы ақпаратты жеткізуді, талдау мен өңдеуді жүзеге асыра алатын ақпараттық бірлестіктік инфрақұрылымының өзіндік құрамдас бөлігі болып табылатын ақпараттандыру орталығын құру.

Басқарушылық кешенді енгізудің негізгі мақсаты интерактивтік кері байланысты ұйымдастыру, мектеп процестері мониторингінің қызметін кеңейту болып саналады.

  • Осы жүйені енгізу білім беру ұйымдарындағы санақ мәліметтерін жинау мен өңдеу процесіндегі басқарушылық іс-әрекет субъектілерінің өзара әрекеттестігін оңтайлы ұйымдастыруға, басқарма субъектілерін және білім беру саласындағы басқа қызметкерлерді бірсарынды іс-әрекеттерден құтқаруға, еңбек ауқымы мен басқару саласындағы міндеттерді шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік береді.

Жүйе мектептердің әкімшілік-басқарушылық өзара әрекеттестігін автоматтандыру үшін қажетті кіріккен құралдар жинағын ұсынады.

  • Құжат айналымын пайдалану кезінде атқарушылық тәртіп бойынша есеп-қисапты қалыптастыру мен құжаттарды тағайындауды, қызметтік жазбаларды, өтінімдерді автоматтандыру есебінен ұйымдар ішінде қызметкерлердің өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету, жаңа құжаттармен үйым қызметкерлерін тез және бақыланатын таныстыру, құжат айналымын басқаруды жеңілдету үшін уақыт пен ресурстар үнемделеді.

Барлық құжаттар (кіріс және шығыс құжаттары) біртұтас жүйеде сақталады – пайдаланушылардың аймақтық алыстығына тәуелсіз түрде ұйымдардың біртұтас ақпараттық кеңістігі қалыптасады.

Қазіргі құрылған ҰББДҚ (Ұлттық білім беру деректер қоры) базасы

  • Қала мектептеріндегі педагогтар мен мектеп оқушыларының сандық және сапалық құрамы;
  • Білім беру ұйымдарының материалдық техникалық жабдықталуы;
  • Әр ұйымағы әкімшілік, сынып жетекшісі, мұғалім – негізгі жұмыстары сан алуан есеп беру.

Ақпараттандыру және білім беретін мекемелердің әкімшілік қызметкерлерін орталықтандырылған бағдарламаларды меңгеруге үйрету

  • Компьютерлік технологияларды пайдаланудағы озық әкімшілік қызметінен тәжірибелерді тарату.
  • Жұмыс жүйесінде компьютерлік және Интернет-технологияларды пайдалану мен ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету бойынша мектеп әкімшілігі үшін білімдік семинарлар, шеберлік сыныптар, тренингтер өткізу (аудан, облыс).
  • Интернет-фестиваль, марафондар, конференциялар, қашықтықтан байқаулар өткізу. 

Әкімшілік қызметін атқаратын қызметкерлерге компьютерлік желіге техникалық және ақпараттық көмек

  • Арнай дайындалған лицензиялы бағдарламалармен қамтамасыз ету.
  • Ұйымның қызметін басқаруда ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу. 
  • Әкімшілік қызметінде компьютерлік технологияларды қолданудағы озық тәжірибелерді тарату. 

Интернет-қызмет көрсету

  • Оқу мекемелеріндегі есеп беретін әкімшіліктердің Интернет-ресурстарын әзірлеу, Интернет желісіне қолжетімділігін қамтамасыз ету.
  • Интерактивті сабақ
  • Интерактивті сабақты өткізу бойынша модераторларға әдістемелік (қашықтықтан) көмек көрсету.
  • Білім беретін мекемелердегі ақпараттық орталықтандыру бойынша интерактивті сабақтарын өткізуге техникалық көмек.
  •  
  • Әр білім беретін ұйымдарда деректер қорын жинайтын, есеп алатын базалық бағдармалар болса, еспеп беруге кететін мол уақытты оқушыларға сапалы білім беруге, нақты тәрбие беруге, қызықты іс-шаралар өткізуге жұмсауға мүмкіндік туғызар еді


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет