Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары



Дата18.02.2017
өлшемі112,65 Kb.
#10290
Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат
Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» 14.06.2011ж. № 189 қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының білім басқармасы 2011 жылғы 18 тамыздағы № 238 нқ «Маңғыстау облысы білім басқармасының Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар» жоспарын жасақтап, аудандық-қалалық білім бөлімдеріне, облыстық бағыныстағы білім беру ұйымдарына жұмыс жасау үшін жолдады.

Осыған орай облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар» жоспарын жасақтап бекітілді.

Маңғыстау облысының барлық Білім беру ұйымдарында орын алған жемқорлық бойынша заң бұзушылықтар туралы ақпаратты жасырын түрде хабарлауға арналған сенім телефоны қондырылған, жеке және заңды тұлғалардың арыздарымен хаттарына арналған пошта жәшіктері барлық білім мекемелерінде орналастырылған.

Мекемелер жарғысында сыбайлас жемқорлыққа байланысты бірінші басшы жауапкершілікте болатындығы туралы пункт енгізілді.

Маңғыстау облысының білім басқармасынан жыл сайын ата-аналардан ақша жинамау керек екендігі туралы бұйрық шығарылып, білім беру ұйымдарына жіберіледі. Соған сәйкес білім беру ұйымдарында бұйрықтар шығарылып, ата-аналар мен мұғалімдерге таныстырылып отырады.

Ағымдағы жылдың сәуір-маусым айларында мектептерде «Пара алу құрдымға бастар жол», ал мен колледждерде «Таза сессия!» акциясы өткізілді. Акция аясында оқушылар мен ата-аналар арасында ақша жинауға қатысты сауалнамалар жүргізілді, сынып сағаттары өткізілді, жар газеттері шығарылды. Құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу өткізілді; Өрескел факт анықталған жоқ.

2014 жылдың 10 шілдесі күні құқық қорғау органдарының қызметкерінің қатысуымен «Сыбайластықты туғызушы факторлар: өзектілігі және алдын алу шаралары» семинары өткізілді.

2014 жылдың 12 қыркүйегі күні облыстық «Нұр-Отан» партиясында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және бағынысты білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен мектепке дейінгі ұйымдардағы оқыту мен тәрбиелеу мәселесі бойынша ашық есік күні ұйымдастырылды.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу орталығы «Балабақшада жемқорлықтың алдын алу шаралары» туралы семинар өткізді.

Аппарат қызметкерлерімен және бағынысты мекемелер басшыларымен «Мемлекеттік қызметтегі этикалық бақылау – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізі» тақырыбында пікірталас талқыланды;

Білім беру ұйымдары бухгалтерлерінің жылына екі рет ұжым алдына да есеп беруі үрдіске айналуда.

Білім беру ұйымдары кітапханаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұрышы жасақталынды. Оған заңнамалық құжаттар, әдістемелік ұсыныстар, көрнекі оқу-құралдары қойылады және жемқорлыққа байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттар ілініп отырады.

Облыс мектептерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2007 жылғы 22 қазандағы №501 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережесін»негізге ала отырып, Қамқоршылық кеңестері құрылды. Қамқоршылық кеңесінің құрамына ата-аналар, жеке кәсіпкерлер, депутаттар енгізілген. Ереже бойынша Қамқоршылық кеңесі жалпы білім беру мекемесінің қызметін қамтамассыз ету үшін бюджеттен тыс қаржының жұмсалуына, жалпы білім беру мекемесінің педагогтары мен басқа да қызметкерлерінің еңбек жағдайын ұйымдастыру мен жақсартуға, жалпы білім беру мекемесінің байқауларын, жарыстарын, басқа да бұқаралық мектептен тыс шараларын ұйымдастыруға, жалпы білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге оның ғимараттары мен аумағын көріктендіруге көмек көрсетеді. Балабақшаларда-1, Орта мектептерде-77, Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында-11 Қамқоршылық кеңесі құрылған.

Мемлекеттік сатып алу шаралары баға ұсынысы бойынша порталға беріліп, басшылардың жеке қадағалауында болады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша қызметкерлердің білім жетілдіру курсынан өтуі жоспарлы түрде жүргізіліп отырады.

Маңғыстау облысының барлық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбек жалақысы электронды түрде Қазынашылық Департаменті арқылы Халық Банкіге жіберіледі.



Білім беру ұйымдарына әр айдың 25 жұлдызына іс-шаралар жоспарының орындалысы туралы ақпарат тапсырылып, іс-шаралар жұмыстары орындалуда.

Атап айтар болсақ:

Қаңтар, ақпан айларында Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарында:

-Жоғары сынып мектеп оқушылары мен мектеп қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама» атты жиналыс өткізілді;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының баптарымен оқушыларды таныстыру мақсатында әңгіме-сұхбат жүргізілді;

- «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында мұғалімдермен сауалнама жүргізілді;

- Құқық қорғау қызметкерлерімен «Пара алу құрдымға бастар жол» атты кездесу өткізілді;

«Мектепте сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты акция өткізілді.

Жаңаөзен мектеп-гимназиясы 11 сынып оқушыларымен бірге «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге қаланың құқық қорғау саласынан прокурор көмекшісі Мақатов О. қатысып қала бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ойымен бөлісті.

№6 орта мектебінде қаңтар айының 22 жұлдызында «Пара алу құрдымға бастар жол» атты құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлескен кездесу өтті.

№8 Қ.Күржіманұлы атындағы орта мектепте наурыз айында жалпыға бірдей құқықтық оқыту сабағында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру –бүкілхалықтық міндет», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» деген тақырыптарда лекция оқылып талданды.

Сәуір айында құқық пәнінің мұғалімі мектеп ұжымына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы біз не білеміз?» айдарымен хабарлама берілді. 9 сыныптар арасында «Әділет таразысы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мамыр айында педұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында баяндама оқылып, мектеп директоры педұжымға сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге баса назар аудару керектігін ескертті.

№2 Жанар балабақшасында 05.03.2014ж. Сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған «Жемқорлыққа жол бермеуге міндеттіміз» атты акция өтті, баяндама оқылды, хаттама жасақталды. Наурыз айында оқушылар шығармашылық үйінің «Жас ұлан» қалалық біріңғай балалар және жасөспірімдер ұйымының басшылығымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізілді. Сұхбатқа қала мектептерінің үздік оқушылары мен ұланбастары қатысты. Сұхбат барысында оқушылар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының баптарымен танысып, өз пікірлерін ортаға салды. №13 бастауыш мектептің ұжым арасында 08.04.2014ж. мектеп психологы «Жемқорлық-жабық құбылыс» тақырыбында социологиялық сауалнама алып, ұжым арасында талқыланды.

Маңғыстау ауданында:

- «Сыбайлас жемқорлық туғызатын құқық бұзушылық және олар үшін жауаптылық» тақырыбында 11 сынып оқушыларына тарих пәні мұғалімі баяндама оқып, оқушылар арасында талқыланды;

- Н.Жұбанов атындағы орта мектебінде «Мектеп пен балабақшада, жемқорлыққа жол жоқ» акциясы өткізіліп, «Мектеп пен балабақшада жемқорлықтың алдын алу шаралары» туралы семинар, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» сурет көрсемі, «Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық» тақырыбында сабақ, «Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу» бағытында 9-10 сынып оқушыларымен пікірталас өткізілді;

- Б.Жұмалиев атындағы орта мектебінде ағымдағы жылдың 21 қаңтар күні «Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керек?» атты тақырыпта дөңгелек үстел 10-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Ақпанның 10 күні мен 8 сынып оқушыларымен «Парақорлық- қауіпті дерт» тақырыбында тәрбие сағаты пікірталас түрінде өткізілді.

Наурыз айында «Қылмыстың жақсысы, параның ұстағы болмайды» тақырыбында Ұштаған орта мектебінде бөлім қызметкерінің қатысуыме кеш ұйымдастырылды. Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебінде тарих пен құқық пәні мұғалімдері, мектеп психологы 8-9 сынып аралығында «Сыбайлас жемқорлық-өркениетті елге жат құбылыс» тақырыбында тренинг өткізді.

Сәуір айында Е.Айшуақұлы атындағы, Б.Жұмалиев атындағы және М.Атымов атындағы орта мектептері бірігіп Шетпе селосындағы Мәдениет үйінде «Жастар-сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында 11 сынып оқушылар арасында дебат ұйымдастырылып өткізілді.

Мамыр айында Қаратөбе орта мектебінің тарих пәні мұғалімі «Заңнаманы жетілдіру жемқорлыққа қойылар тосқауыл» тақырыбында баяндама жасап, оқушыларға жемқорлық туралы көптеген мәліметтер беріп, одан аулақ болу жолдарымен таныстырды. Өтес орта мектебінде оқушылардың арасында мұғалімдер мерекесіне ақша жинамау және сыйлық алуға болмайтындығы туралы айтылып жиын өткізілді.

Бейнеу ауданында:

- Жанкелдин атындағы орта мектебінде «Мемлекеттік қызметтегі этикалық бақылау – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізі» тақырыбында «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақала талқыланды;

- «Опорный орта мектебінде «Сыбайластықтың кеселі» тақырыбында тренинг, « Ар тазалығы – адамгершілік кепілі» атты лекция оқылды;

- Күйкен орта мектебінде «Құқытық сауаттылықты көтеру мемлекеттік заңсыз әрекетке жол бермеу» тақырыбында дебат;

- Манашы орта мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында психологтар баяндама оқыды;

- Балбұлақ балабақшасында «Жемқорлыққа қарсы күрес түсінігі ме, онымен күрес қағидалары» тақарыбында баяндама оқылды;

- Бөбек балабақшасында «Сыбайлас жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары» тақырыбында» тақырыбында баяндама оқылды.

Қарақия ауданында:

- №1 орта мектепте «Сыбайлас жемқорлық-түбі қорлық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды;

- №10 орта мектепте МДТЖО Н.Жексенгалиева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында баяндама оқыды;

- №2 бастауыш мектеп «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты дөңгелек үстел;

- №6 орта мектепте «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамыздың міндетіміз» атты дөңгелек үстел;

- №4 орта мектепте Жетібай селолық ІІБ қызметкері мен мектеп инспекторымен кездесу;

- Құрық орта мектеп-гимназиясы «Сыбайлас жемқорлық деген не?», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қандай үлес қоса аласыз?» атты жиналыс өткізілді;

Түпқараған ауданы бойынша:

Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты 7 мектепте оқу жылының басында мектеп директорының бұйрығымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілетін іс – шаралардың жылдық жоспары бекітілді.

Атап айтсақ: Е. Өмірбаев орта мектебінде 2014 жылдың қыркүйек айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж 2 шілдедегі №267 – 1 Заңын басшылыққа ала отырып, мектеп ұжымымен жиналыс болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе ҚР президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңын басшылыққа ала отырып, мұғалімдер тарапынан оқушылардың еңбегін пайдалануды болдырмауды, мектеп мүддесі үшін ата-аналардың қалтасынан қаражат жинау фактісін алдын алу, мереке күндерінде бағалы сыйлықтарды болдырмау мақсатында мектеп директоры «Сыбайлас жемқорлық және заң» тақырыбындағы баяндамасын ұжым арасына таныстырды. Қараша айында «Заң баршаға ортақ,орындау да –ортақ мүдде»тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен «Менің құқығым-менің бағдарым» дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп директоры Г.С. Ибраева, Форт-Шевченко қаласының әкімінің бас маманы А.Есениязов, аудандық жастар саясаты орталығы директорының м.а-Г.Тәжбенова, АІІБ басшысының орынбасары С.Айдаров, АІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы А.Көкеева, ЮПБ-нің инспекторы полиция лейтенанты мектеп инспекторы С.Адиетов, аудандық жастар саясаты орталығы директорының орынбасары М.Атақшаева және 9-11сынып оқушылары, сынып жетекшілері қатысты. Қаңтар айында мектеп оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сауалнама жүргізіліп, сараптама жасалынды.Сауалнама негізіде оқушылардың ойлары анықталды. Сауалнамаға 95 оқушы қатысты. Сынып жетекшілер «Заң.Оқушы.Міндет» тақырыбында сынып сағаттарын, ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

Тарих пәні мұғалімі Тұрғанбаева Гүлшарипаның ұйымдастыруымен сынып оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, өз сұрақтарына жауаптар алды.

З.О.Баймырзаев атындағы орта мектебінде 2013-2014 оқу жылында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды» насихаттау бағытында іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша директордың орынбасарларымен, бухгалтермен үнемі отырыстар өткізіліп тұрады. Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады. Білім беру ұйымдарында ата-аналардан ақша жинау туралы фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында мұғалімдермен, сынып жетекшілермен үнемі жиналыстар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады. Сыбайлас жемқорлық жұмыстарының мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін жедел қарауды қамтамасыз ету де жоспарға енді. Мектеп кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұрышы жасақталып, оған әдістемелік ұсыныстар, көрнекі оқу-құралдары, т.б. қойылды. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында мектеп қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында «Нұр Отан» ХДП мүшелерімен отырыс өткізіліп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелері қаралды. Жоғарғы сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлық ұғымын кеңінен таныстыру, оны болдырмауға тәрбиелеу мақсатында сынып сағаттары мен пікір алмасулар өткізілді. Мысалы: «Жемқорлық деген не?» 8 сыныпта, «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты дөңгелек үстел 11- сынып оқушыларымен өткізілді.

Шахта орта мектебінде де бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Түпқараған аудандық білім бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде 13.02.2014 ж 01-19 №209 хатына сәйкес мектеп директорының жүргізілген жұмыстары жөнінде бухгалтерияға берілген тапсырма мектеп мұғалімдері мен кіші қызметкерлерінің табыстарының салықтары жөнінде қаңтар айына ақпарлама берілді.

Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы бойынша жыл басында, 2013-2014 оқу жылына арналған ұжым мүшелері мен мектеп оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ! » атты сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың жылдық жоспары жасақталып, ұжымға таныстырылды.. Оқушылардың еңбегін пайдалануды болдырмауды, мектеп мүддесі үшін ата-аналардың қалтасына қаражат жинау фактісінің алдын алу, мереке күндерінде бағалы сыйлықтар алуды болдырмау мақсатында мектеп директоры Х.М.Сүйесін мектеп қызметкерлеріне және мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның жалпы ережелері, (2012.28.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) таныстырып өтті. Заңның 16 тармағы бойынша мектеп психологтары ұжымдар арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде сауалнама жүргізіліп, оған қызметкерлер түгелдей дерлік қатысты. Пән мұғалімдері өз сабақтарында, тәрбие сағаттарында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын және Маңғыстау облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Түпқараған АІІБ-нің аға инспекторы полиция капитаны Көкеева Айнагүл, сынып жетекшілер мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде әңгімелесу- кездесу-сұхбат болып өтті. Барлық қойылған сұрақтарға қатысушылар толықтай жауап алды.

№ 1 мектеп-лицейінде, М. Горький мектеп-лицейінде, М. Әбдіхалықов орта мектептерінде жоспар бойынша мектеп директорларының басшылығымен «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру», «Сыбайлас жемқорлықпен келтірілетін залал», «Сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүрейік» тақырыптарында мектеп мұғалімдері мен ұжымдарының қатысумен дөңгелек үстелдер, кеңестер өткізілді.



Аудандық, қалалық білім бөлімдері әр айдың 25 жұлдызына іс-шаралар жоспарының орындалысы туралы білім басқармасына ақпарат беріп отырады.

Маңғыстау облысының прокуратурасының 2014 жылдың 13 наурыздағы №2-11070-14-02260 хатымен жалған дипломмен жұмыс жасап жүрген адамдар туралы хат келген болатын. Хат аудандық, қалалық білім бөлімдеріне жіберіліп, жұмысқа адам қабылдау кезінде олардың дипломдарына мұқият болу қажеттілігі ескертілді. Әзірге құзырлы органдар тарапынан жалған дипломмен жұмыс жасап жүрген тұлғаларға қандай бір шара қолдану туралы тапсырма болған жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет