Білім беру салалары: «Таным», «Әлеумет» Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру, қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру Тақырыбы: «Қайдан келдің, бауырсақ?»



Дата05.06.2017
өлшемі77,81 Kb.
#17647
Білім беру салалары: «Таным», «Әлеумет»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру, қарапайым математикалық

ұғымдарын қалыптастыру



Тақырыбы: «Қайдан келдің, бауырсақ?»

Мақсаты: Баланың сөйлеу қабілеттеріне байланысты, көркем шығармаларды мәнерлеп жеткізуін дамыту.

Оқиға немесе әдеби шығармаға балалардың көңілдерін бөліп, олардың бір- бірімен байланысып байқауға үйрету. Балалардың ақыл ой қабілетін, өзбетікше ойлауын, кейбір математикалық байланыстар, қатынастар іскерлігін дамыту. Қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.



Сөздік жұмыс: Сындырма, шошытпа, шулама.

Қостілдік компонент: Тиін- белка, волк- қасқыр, бақа- лягушка, түлкі- лиса, аю- медведь, қоян- заяц, көкөністер- овощи, жемістер- фрукты, шелек- ведро.

Керекті құралдар: Түрлі- түсті қарындаштар, үлкен, кіші шелектер, суреттер, жыл мезгілдеріне арналған карточкалар, екі себет.

Барысы: Көңілсіз бауырсақ орманда жүрді. (ән айтты) (слайд №1).

Бауырсақ: Әжей қойма қырнаған,

Екі уыс ұн жинаған,

Балқаймаққа шылаған,

Пісіріп маймен сылаған,

Суытып та сынаған,

Бауырсақпын қуаңған!



Тәрбиеші: Суығанша шыдамай,

Терезенің алдында,

Қашып кетті домалап,

Қараңғы, қалың орманда.



  • Ата мен ападан қашып, адасып кетті. Үйге қайтып оралау үшін, оған біздің көмегіміз керек. Балалар, бауырсаққа көмектесеміз бе?

  • Біз ата мен апаның үйіне қайту жолын, мына карта арқылы табамыз. Ол, үшін орман арқылы жүруге тұра келеді.

Орманда жүру ережелерін есімізге түсірейікші. (слайд №2)

  • Аңдар мен құстарды шошытпау үшін, шуламау керек.

  • Ағаштарды, бұтақтарды сындырмау керек.

  • Құстар мен құмырсқалардың ұясын бұзбау.

  • От жақпау.

  • Гүлдерді жұлмау.

  • Көбелектер мен қоңыздарды ұстамау.

Ережелерді еске түсірдік, енді жолға шығумызға болады.

  • Ал, картаны көрейік. Балалар, қараңдаршы, ең бірінші нені кездестірдік?



Балалар: - Бақаны кездестірдік. (слайд №3)

Бақа: - Бауырсақ, бауырсақ. Сен қайда асығып бара жатырсың.

Бауырсақ: - Мен атам мен апама асығып бара жатырмын.

Бақа:- Бірақ сен менің батпағымнан өту керексің, тапсырманы дұрыс орындасаң батпақты өтесің, егер дұрыс орындамасаң, батпаққа құлайсың.

Бауырсақ: - Балалар, батпақты өтуге маған көмектесіндерші. Осы шұқанақтарды басып , рет- ретімен цифралармен жүреміз. (слайд №4)

Батпақты өттік, енді жолды ары қарай жалғастырамыз.



Тәрбиеші: Келіппіз қалың орманға,

Қараңдар мына жолдарға.

Төмпеш, төмпеш жерлерден,

Өттік ұзақ белдерден.

Аяқтарды көтерейік,

Аман есен өтерміз.

Белгіленген картада,

Жерге келіп жетерміз.



Қоян: Әдемі сұр қоянмын,

Жаңа ұйқыдан ояндым.

Балғын, тәтті бауырсақ,

Мен сені жеп қоямын!



Бауырсақ: Бос мақтанып кетесің,

Сенен де қашып кетемін.

Көзің қыли қоянсың,

Қалай қуып жетесің?



Қоян: - Тоқта, бауырсақ. Маған көмектесші.

Бауырсақ: - Жарайды, қоян, көмектесеміз.

Тапсырма: Үлкен шелектерді көк түспен бояймыз, ал, кіші шелектерді қызыл түспен бояймыз. (слайд №5)

Қоян: - Рахмет сендерге балалар. Жолдарың болсын.

Тәрбиеші: Енді біздің қартаға қараймыз, қайда ары қарай барамыз.

Келіппіз қалың орманға,

Қараңдар мына жолдарға.

Төмпеш, төмпеш жерлерден,

Өттік ұзақ белдерден.

Аяқтарды көтерейік,

Аман есен өтерміз.

Белгіленген картада,

Жерге келіп жетерміз

Алдына қасқыр шықты.



Қасқыр: Мен қасқырмын адасқан.

Сұр тоным бар жарасқан.

Бүйіріңді оямын,

Бауырсақ, сені жеп бір тоямын.



Бауырсақ: - Қорықпаймын сенен де аңнан, қуып жете алмайсың, босқа тіпті шаршайсын.

Қасқыр: - Жарайды қорықпа, мен сені жемей-ақ қояйын. Бірақ сен менің бір шартымды орындауың керек.

Тәрбиеші: - Балалар, кане бауырсаққа көмектесейік.

Тапсырма: Дидактикалық ойын: «Бір сөзбен ата» (слайд №6)

(карточкаларға қарап, атайды)



Тәрбиеші: Ал, бізге жолды жалғастыру керек. Қане ары қарай жүретімізді қартадан көрейік.

Келіппіз қалың орманға,

Қараңдар мына жолдарға.

Төмпеш, төмпеш жерлерден,

Өттік ұзақ белдерден.

Аяқтарды көтерейік,

Аман есен өтерміз.

Белгіленген картада,

Жерге келіп жетерміз.

Саусақ гимнастикасы

Қалың орман жағасында,

Өмір сүрді бір ата.

Үй ішінде тамақ істеп,

Жүгіріп жүр бір апа.

Дөңгеленіп бауырсақты,

Немересі иледі.

Атасы мен әжесіне, әдемі би биледі.

Қаптың түбін қырнап алып,

Ақ бауырсақ пісірді.

Қалқып алып ыстық майдан,

Жерге оны түсірді.

Үлкен болды бауырсағым,

Ыдысыма сыймады.

Жеп қоюға бауырсақты,

Менің көзім қимады.

Терезенің алдында,

Отыр қарап ұзын жолдарға.

Іші пысқан бауырсағым,

Қашып кепті орманға.

Алдына аю шықты.

Аю: Бал жеп күнде тоямын.

Ұйқыдан кеш ояндым.

Қарным ашты бауырсақ,

Мен сені жеп қоямын.



Бауырсақ:- Қорықпаймын сенен де, қасқыр да мені жемеді, қоян да кетті жөнімен, қалжындама менімен.

Аю: - Ой, бауырсақ , сен қандай батылсың! Менің тапсырмамды орындай аласыңба?

Тапсырма: Дидактикалық ойын: «Төртінші артық» (слайд №7)

(карточкаларға қарап, не артық айтады)



Тәрбиеші: - Жолдарымызды ары қарай жалғастырайық. Балалар, қараңдар, бізді не тосып отыр?

Балалар: - Жолда тиін отыр.

Тиін: - Ой, бауырсақ сені кездестіргеніме қандай жақсы болды. Маған сенін көмегін керек. Осы екі себетке көкөністер мен жемістерді салу керек, олар барлығы араласып кеткен. Көмектесіндерші, өтінем. (слайд №8)

Бауырсақ: - Балалар, көмектесеміз бе?

Балалар: - Әрине , көмектесеміз.

Тапсырма: Екі командаға бөлініп. Тапсырманы орындайды. Екі себетке көкөністер мен жемістерді ажыратып салады. (слайд №9)

Тәрбиеші: - Қане, балалар, біздің саяхатымыз әрі қарай жалғаса береді. Келіппіз қалың орманға,

Қараңдар мына жолдарға.

Төмпеш, төмпеш жерлерден,

Өттік ұзақ белдерден.

Аяқтарды көтерейік,

Аман есен өтерміз.

Белгіленген картада,

Жерге келіп жетерміз.

Енді алдымыздан не шығар екен?

Түлкі: Бауырсақ, мен сені ұзақ күтіп қалдым кел, бері кел бауырсақ!

Майға піскен бауырсақ,

Тойып жейміз ауырсақ.

Кел, дос болшы менімен,

Қыдырайын сенімен.

Қорықпа сені жемеймін.

Болсың сенің дегенің- деп алдап өзіне шақырады.

Бауырсақ: - Сен қу, қызыл түлкісің, жеп қоярсың кім білсін.

Қоян, қасқыр, аю да жүгіріп жүр орманда.

Ешкім мені жемеді, бір ауыз сөз демеді.

Домалап әлі келемін, қуанышқа кенелдім.

Түлкі сенен құтылсам, жалғасады өлеңім.

Түлкі: - Ой, бауырсақ ,сен қандай ақылды, қандай батырсың. Ал, менің тапсырмамды орындай алар ма екенсің?

Бауырсақ: - Айт, тапсырмаңды. Менің көмекші достарым бар, олар маған көмекке келеді.

Тапсырма: « Жыл мезгілдері» (слайды №10-17)

( әр бір суреттін қасына, жыл мезгіліне байланысты карточкаларды қояды).



Тәрбиеші: - Қараңдар балалар, мынау ата мен апаның үйі ғой.

Бауырсақ: - Балалар, сендерге көп рахмет. Сендер болмасаңдар үйіме қайттып оралмас едім, көп рахмет! (слайд №18)

Тәрбиеші: - Балалар, енді біз ертегімен қоштасып, балабақшамызға қайтайық.

Қорытынды:

  • Балалар, сендерге біздің бүгінгі орманға саяхатымыз ұнады ма?

  • Не сендерге ұнады?

  • Кане, енді ертегідегі тәтті бауырсақты өзіміз жасап көрейік.

  • Балалар, қараңдаршы, менің қолымда геометриялық пішіндер, олардың қайсысы бауырсаққа ұқсайтынын сұрайды.

Баурсақты мүсіндейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет