Здравствуйте!
Good morning!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
Ғажайып сәт.
Музыка әуенімен топқа Ақ қонжық кіреді балалармен үш тілде амандасады,
-Балалар мен ертегілер елінен келдім .
Сендерге Ертегі Ханшайымы сыйлық беріп жіберді.
-Ал, балалар, мен өз еліме қайтамын ,-деп қоштасып шығып кетеді
- Экранға назар аударайық Д.О «Қандай ертегі екенін ата »
-Слайд арқылы ертегі кейіпкерлерін көрсетіп , ол қандай ертегі екенін балалардан сұрау
-Жарайсыңдар ,көп ертегі біледі екенсіңдер.
-Балалар, аңдар, құстар, жануарлар туралы ертегілер біледі екенсіндер.Енді мен
Жұмбақ жасырайын :
Кылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен.
-Жарайсыңдар, балалар дұрыс таптыңдар.
- Құмырсқа –жәндік
Олай болса жәндіктер жайында да ертегілер бар екен.Бүгін мен сендерге «Құмырска » қазақ ертегісін айтып беремін.
Үстел үсті театры арқылы ертегіні айту.
«Құмырсқа»
Ерте, ерте, ертеде бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктер мен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір
дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі – бері әурелеп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.
Бір уақытта гүлден- гүлге қонып,
шырын жинап жүрген араға жолығады.
-Досым, бір дән тауып алып едім, Жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп жіберші,- деп өтінеді.
- Қөрмей тұрсын ба, мен де жұмыс істеп жатырмын гой, - деп ара көнбей қойыпты.
-Солай екен гой, мейлі,- деп құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңыз досын тауып алады.
-Қоңыз, досым, мен бір дән тауып алып едім, соны көтере алмадым.Маған көмектесіп жіберші,- дейді құмырсқа
-Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын деп қоңыз ұшып кете барадыДостарынан қүдер үзген құмырсқа
мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестері ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:
-Не істеп жүрсің? - деп жөнін сұрайды
Жалғыз құмырсқа өзінің басынан қешқенін айтып береді. «Жалғыздық деген сол » деп илеулестері жұбатады да құмырсқаның
дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді.Құмырсқа үйіріне қайта қосылады .
«Бірлік болмай тірлік болмас » деген екен сонда бір кәрі құмырсқа
Сұрақтар:
-Ертегі қалай аталады?
-Құмырсқа нелермен дос болыпты?
-Құмырсқаның осы достары жайлы не ойлайсыңдар?
-Құмырсқаға нелер көмектесті?
-Кәрі құмырсқа не айтты?
-Дұрыс балалар, ертегіні жақсы түсінген екенсіндер.
-Балалар, экранға назар аударайық
Д.О « Дыбысын сал »
Экраннан жәндіктердің суретін көрсетеді, балалар атын атап, дыбысын салады.
-Өте жақсы орындадыңдар
Билингвизм компоненттері: Экраннан суреттерін көрсетіп үш тілде айтқызу.
Құмырсқа – Муравей- ант
Ара - Пчела – бий
Қоңыз – Жук – битл
Балалар, жарайсындар, жаксы айттыңдар
Балалар енді орталықтарға бөлініп жұмыс жасаймыз. «Әдебиет » орталығында суреттерге карап «Құмырсқа » ертегісінің мазмұнын айтасыңдар.
«Өнер» орталығында «Құмырсқа » ертегісінің желісі бойынша конус театрын түрлі- түсті қағаздан жасайсыңдар.
«Құм мен Су » орталығында құмнан құмырсқаның илеуін жасайсыңдар.
Балалар текшелер алу арқылы орталықтар-
ға бөлініп жұмыс жасайды.
Сергіту сәті:
Слайд аркылы орындайды.
-Жарайсыңдар, өте жаксы жасадыңдар.
Балалар орталықтарға ауыстырылады.Балалар жұмыс жасап болған соң қай орталықта жұмыс жасағаны ұнағанын сұрау, балаларды мадақтау .
|