Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі



Дата08.01.2017
өлшемі51,36 Kb.
#6545
Тақырыбы: «Менің жанұям»

Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

Ы.Алтынсарин «Әке мен бала».

Мақсаты:

Шығарманы қайталап айтып беру дағдыларын дамыту. Сөзді түсіну, әңгімелей білу, сұраққа жауап беру іскерліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

үлкенді сыйлау, құметтеу сезімдерін ояту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

апа қуыршақ, кітап, әңгіме желісіне құрылған тірек-сызба, қағазда бейнеленген кестелі орамал суреті, Ы.Алтынсарин портреті.




Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Мотивациалық-қозғаушы


Апа қонаққа келеді. Сәлеметсізбе,балалар! Мен сендерге кітап әкелдім. Менің көзім нашар көретін болғандықтан, бұл қандай кітап, не туралы екенін біле алмадым.

Сендер бұл кітаптың не туралы екенін білгілерің келеді ме?

Ал, олай болса сендердің тәрбиешілерің бізге кітап не туралы екенін айтып, ішінен бір шығарманы оқып берсін.


Сәлемдеседі

Балалар келіседі.




Ұйымдастыру- іздестіру

Сергіту сәті



Тәрбиеші кітапты алып оның не туралы екенін баяндап, парақтап жатқанда кітап ортасынан бір қағаздан жасалған әшекейленген орамал түсіп қалады.

Балалар, бұл не, деп қараса әшекейленген орамал болып шығады.

Менің кестелеген орамалым ғой. Балалардың көңілін тәрбиеші әшекейге аударады да:

-Ал сендер осындай етіп орамал әшекейлей аласыңдар ма? Ендеше үстелдің үстінде жатқан карточкаларды алып екі топқа бөлінеміз. І топ-кімде орамал- Өнер орталығына барып орамалды әшекелейлесін. ІІ топ - кімде кітап суреті -кітаптар бұрышындағы орталығына барып- шығарманы тыңдайық.


Дыбыстық жаттығу:

ла-ла-ла доп ойнады бала,

ке-ке-ке ағаш шапты әке,

ға-ға-ға мен таптып таға,

е-е-е ағашта өсті шие.

Бұл ұйқас сөзде негізгі сөздер қандай?

Балалардың көңілін тақтада ілінген әңгіме суретке аударады. Кімдерді көріп тұрсыңдар?

Ал ендеше біз Ы. Алтынсарин атамыздың «Әке мен бала» шығармасын тындайық.

Ы. Алтынсарин туралы мәлімет беру, портретін көрсету таныстыру.

Әңгімені мазмұндау:

-Әкесі баласына нені алып жүр деді?

-Тағаны кім алды?

-Әкесі тағаны не істеді?

-Не сатып алды?

-Бала жерге түскен шиені не істеді?

-Әкесі баласына шиені беріп не айтты?

Ал, енді әңгіме желісін тірек сызба арқылы ретімен айтып беріңдерші.

Сөздік жұмыс: таға, қанағат, аяңдап жүру, жалмажан, иіліп, қыйынсыну, үндемеу, тіләза.

Мақал –мәтел:

Аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың;

Азға қанағат ете білмесең - көптен де құр боласың- деді.

«Еріншек екі істер» талдауға бере отыра «Еріншек» сөзіне синонимін табуды ұсынады.


«Бес бармақ» жаттығу

Бес бармақ ата, Балаң үйрек әже, Ортаң терек әке, Шүлдір шүмек ана, Кішкентай бөбек мен

Әкесі үлкен аю. Анасы орташа аю. Баласы кіп-кішкентай аю

Ойын: «Дұрыс айт!»

Әке жұмысқа ............

Анам тамақ ..............

Ағам сабақ ..............

Әпкем еденді ..........

Әжем гүлді ............

Атам шөп ...........

Д/о: «Көмекшілер».

Балалар әшекейлей алатынын айтады.

Балалар карточкаларды алып орамалалғандар өнер, кітаптың суретін алғандар кітап орталықтарына екі топқа бөлінеді.

Ітоп - орамалдың бұрыштарына пішіндерді жапсыруға барады.

Дыбыстарын дұрыс,анық айтады

«бала ,әке»- деп жауап береді.

Балалар назарын аударады
Суреттегі бейнеленген адамдардың кім екенін айтады.

Ы.Алтынсарин фотосуретін көреді.

Шығарманы мұқият тындайды, суреттерге назар аударады

Сұраққа жауап береді.

Тірек –сурет бойынша мазмұндайды
Сөздерді талдайды.
Мақалды тыңдау .

Мақалдың мағынасын талдайды, дәйектемелер келтіреді.


Еріншек бала туралы.

Жалқау,тілазар, тәртіпсіз, ұқыпсыз....

Отбасы мүшелерінің жанұядағы өмірлік шаруашылық қиымылдарын көрсету.

Қимылдарын жасап, қолдарын созып көрсетеді

Сұлба бойынша дұрыс сызады тиісті суретке сызықпен қосады.

Әр қайсысына тиісті сызықпен қосып айтады.

Ойынға қатысушылар бір бірден қызметтер жұмыс түрлерін қоя отыра әрекетті ашып айтады.



Рефлексивті-түзетуші

«Кубизм» әдісі -Бүгін қандай әңгімемен таныстық?

-Шығарманы кім жазды?



-Осы әңгімеден қандай қорытынды шығардыңдар?

«Кубизм» әдісі арқылы, балалар жауап береді


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Үлкендерді құрметтеуді, сыйлауды, тыңдай білуді біледі.

Нені игереді:

Еріншек сөзінің синонимін иеруі қажет.

Нені біледі:

Балалар шығарманы қайталап айтып беруді , сұраққа жауап бере біледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет