Білім және Ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Кафедра: Жаратылыстану жане география
Мамандық: география-тарих(6В01516)
Реферат
Тқырыбы: Философияның гносеологиялық
(танымдық) қызметін сипаттаңыз.
Орындаған: Жасболатов Демежан
Тексерген: Батырханова Әсель
Алматы 2020ж.
Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз.
Гносеология – таным туралы ілім. Адам дүниені тани алады ма? Ақиқат дегеніміз не? Ақиқаттың өлшемі қандай? Бұл мәселелер гносеология бөлімінде қарастырылады.
Философиялық ағымдардың қайсысы болмасын келесі үлкен сұрақтарға жауап береді. Адам жағалай қоршаған ортаның шындығын танып-біле ала ма әлде біле алмай ма?Бұл сұрақ философияның үлкен тарауларының бірі – гносеологияныңөзегін құрайды (gnosіs – грек сөзі, -тану-білу, logos – ілім).
"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. ''Таным'' — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:
— қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады);
— қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады).
''Таным'' — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады. Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады
Қытай дүниетанымындағы Даосизмнің орнын
Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы б.з.б VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады. Оның басты еңбегі «Дао және дэ туралы кутапта» («Дао дэ цзин») Аспан астындағы күштер туралы дәстүрлі діни түсініктерден даосизмнің айырмашылығы – астындағы билеушіден тәуелсіз заттардың табиғи дамуы мен табиғи заңдылықтары туралы сипаттама берілуінде. Яғни, даосизм ілімі «дао» ұғымына негізделеді, ал «дао» түсінігі тура мағынасында «дұрыс жол» деген мағынаны, кейінірек «алғашқы түп негіз», «болмыстың мәні», «идея» ұғымдардың аясындағы дүниетанымдық категорияны білдіреді.
Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңдылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лаоцзы даодан ауытқу деп есептейді. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдікті қайта орнататына сенеді. Лао –цзы даоны аспан және адам даосы деп екіге бөлді. Оның айтуынша, аспан даосы байлардың артық дүниелерін алып, кедейлерге береді, ал жердегі дао кедейлердің керек затын алып, байларға береді. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға шақырды. Әрине, заманындағы ғылыми танымның даму дәрежесінің төмендігіне байланысты даосизм анайы материалистік сипатта болды. Бұл ілімде алғашқы диалектикалық ой-пікірлер бой көрсеткенімен дәуір ауқымынан шығандап шыға алмады. Біздің эрамызға жақын дәуірде ежелгі Қытай жерінде қоғамдық даму тоқырауға ұшыраған еді. Қытайда даосизм стихиялы материализм сипатында қалыптасты. Бұл ілім «Дао дэ цзин», «Чжуан-цзы» атты кітаптарда баяндалған. Даосизм бүкіл табиғатқа тән объективті жалпы заңдылық «дао» («жол») бар деп дәлелдейді. Даосизмнің негізін қалаушылар Дао-цзы және Чжан-цзы адамның іс-әрекетіне шек қоятын заңдар мен ережелерге (Конфуцийдің моральдық ережелері) қарсы шығады. Даосизм идеяларымен толықтырылған конфуцийшілдік б.з.б. 136 жылдан 1912 жылға дейін Қытайда ресми идеология болып, қытай халқының мәдени-рухани өмірінің өзегіне айналды.
Даосизм (қытайша "дао цзяо” – "жол ілімі”) б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди ("Сары император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын "Жол мен ізгіліктер туралы канонда” (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) "Чжуан-цзыда” баяндалады.
Тұтас жүйе ретіндегі даосизм "Лэ-цзы” (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) және "Хуаинань-цзы” (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.
Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. Дао – бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол – мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол – бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао – беймәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты көрінісі тек "дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ – қоректендіруші. Тақуа мақсаты – даоны тану, ол оны "ғарыш үйлесімділігі” – адамның табиғатпен қауышуы деп түсінеді.
Даосизм философиясының мәні – бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы элементтерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі "киден” (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.
Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы "әрекеттенбеу” ("у-вэй”) – табиғи әлемдік тәртіпке кереғар келетін мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи үйлесімділікті бұзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені өзгертуге тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын әрекеттенбеу қағидатына сүйенген ел билеушісі Аспан асты елін тәртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған, толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бәрін бір тұтастық ретінде қарастырады, қарама-қайшылықтарды үйлестіруге талпынады.
Болмысты танудағы Лаоцзы мен Парменидтің ойларын салыстырып көріңіз
Парменид (V1-Vғ.ғ. б.з.д.) Элеяда дүниеге келеді. Өсе келе ол өзінің философия мектебін құрады.
Парменидтің философия ғылымындағы жасаған жаңалығын асыра бағалау өте қиын, өйткені, ол грек ой-өрісінің шеңберінде алғашқы рет Болмыс мәселесін қойып, оны өзінше шешеді. Сонымен, философия ғылымының негізгі тарауларының бірі – онтология дүниеге келеді (ontos-грек сөзі, болмыс, logoc-білім).
Парменидтің ойынша, Дүние жөніндегі ақиқатқа бір ғана жол бар – ол: “бар нәрсе бар, ал жоқ нәрсе - жоқ, өмір сүрмейді. Олай болса, бізге жалғыз ғана жол қалады – ол Болмыс².
Жоғарыдағы көрсетілген ой-пікірден келесі тұжырымдар шығады:
1. Бар нәрсе бар, болып жатыр;
2. Жоқ нәрсе жоқ, өмір сүрмейді;
3. Олай болса, пайда болу (дуниеде болмағанның пайда болуы) және құру (бар нәрсенің жоқ болып кетуі) деген жоқ, өмір сүрмейді;
4. Кеңістік (қуыс) және уақыт (қазіргінің өткен шаққа ауысуы) жоқ, өмір сүрмейді;
5. Бар нәрсенің бәрі – толы;
6. Барлықтың, құрамдас бөліктері жоқ (олай болса, кеңістікті мойындауға тура келер еді), ол – біртұтас;
7. Барлық біреу болғаннан кейін, ол кемеліне келген;
8. Қозғалыс жоқ, өйткені, кеңістік жоқ.
Болмыс туылған жоқ және жоғалмайды да. Өйткені, болмыс бейболмыстан пайда бола алмайды, оның себебі бейболмыс – жоқ. Болмыстан ешнәрсе пайда болмайды, өйткені, ол өмір сүріп жатыр.
Болмыстың уақыты – мәнгілік қазір, өйткені, өткен шақ - ол жоқ, ал болашақты алатын болсақ - ол да әлі жоқ. Болмыс турақты және қозғалыссыз, өйткені қозғалысты мойындау бейболмысты мойындауға тең, ал ол - жоқ. “Мұндай тұжырымдарға мен ақыл-ой арқылы келдім², - дейді Парменид.
Екінші жалған жол – ол сезімдік таным жолы. Ол жол бізге өлім мен өмірдің бар екенін, Дүниедегі заттармен құбылыстардың бәрінің өзгеріп отыратынын, бір нәрсенің Дүниеге келіп, екіншінің Дүниеден кетіп жатқанын көрсетеді.
Бірақ, осы күнделікті өмірден алған тәжірибеге қарамастан, Парменид Дүниедегі сандық және сапалық өзгерістерді ешқандай мойындамай-ақ қойды. Оның мұндай көзқарасының қателігін көрсеткісі келетіндер ой-шеңберінде оны жасай алмады, өйткені оның негізгі себебі – ой арқылы қозғалысты қамтудың, бейнелеудің орасан-зор қиындығы. Керісінше, қайсыбір өзгеріс пен қозғалысты ой арқылы теріске шығару - анағұрлым жеңілірек.
Лао-цзы (Ли Дань) — даосизм ілімін қалыптастырушы, біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, кейінірек мифологиялық тұлғаға айналған. Қытай философиясы тарихында алатын орны ерекше. Оның ілімін зерттеушілер Лао-цзы Конфуцийдің замандасы болды, ал оның көзқарастары «Дао дэ цзин»‘ шығармасында жинақталған, бұл шығарманы Лао-цзының шәкірттері жазған болуы да мүмкін деген болжампікірлер айтады. Лао-цзы даоны болмыстың алғашқы себебі, мәңгілік, өзгермейтін бастауы деп түсіндірді. Адам ойлауда да, іс-әрекетінде де осы дао жолын ұстануы, яғни «у -вэймен» айналысуы қажет. «У-вэй» — «тыныш келісу» дегенді білдіреді, кейінірек «әрекетсіздік, ештеңеге араласпау» деген қазіргі мағынасында түсініле бастады.
Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз. Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б.ж.с.д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген Қытай зерттеушілерінің өздері бұл мағлұматтың шындығына күмән келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға шақырды. Әрине, заманындағы ғылыми танымның даму дәрежесінің төмендігіне байланысты даосизм анайы материалистік сипатта болды. Бұл ілімде алғашқы диалектикалық ой-пікірлер бой көрсеткенімен дәуір ауқымынан шығандап шыға алмады. Біздің эрамызға жақын дәуірде ежелгі Қытай жерінде қоғамдық даму тоқырауға ұшыраған еді. Үстем таптардың өзара қырқысқандары, бірнеше мемлекетке бөлінген Қытайдағы орын алған патшааралық соғыстар еңбекші халықты әбден күйзелткен болатын. Осындай жағдайларда Лао-цзы ілімі діни-мистикалық сарынға бой ұрып, бірнеше тармақтарға бөлініп кетті. Алайда, Лао-цзыдын өз басын қатты қадыр тұтқандықтан, қытайлықтар әлі күнге дейін оның аруағын сыйлап, бас иеді, жерленген зиратына мінажат етеді.
Кунь-Цю (551-479 ж. б.э.д.) Еуропа тілдерінде Конфуций басқаша айтқанда «Ұстаз Кун» Лу провинциясында Цюй фу деген кішкентай қалашықта дүниеге келген, әкесінен ерте айырылып, анасының тәрбиесінде болды. Жеті жасында мектепке барып, он жыл бойы аса үлкен ыждаһаттылықпен оқыған. Ол рәсімдер мен әртүрлі рәміздерге көп көңіл аударған.
19 жасында үйленіп, астық амбарларының күзетшісі болған. 66 жасқа дейін Қытайдың барлық жерлерін аралап көрген. Сонан соң өзінің туған қаласына оралған. Оның ілімі тез арада тарап, көп ізбасарлары пайда болған. Өмірінің ақырында оның 3 мыңға жуық оқушылары болған.
Конфуцийдің негізгі еңбектері «Көктем мен күз», «Кеңес пен толғам».
Конфуций адамның қоғамдағы және мемлекеттегі орны, тәртібі, өмір сүру канондары жөнінде көп ойланған. Яғни, ол этика мәселесімен терең айналысқан.
Конфуций пікірінше, аштан өлу – кішкентай оқиға, ал моральдан айырылу - өте үлкен оқиға.
Конфуций ілімінің өзегі, негізі - Цзюн – цзы, яғни мәрт азамат кісі.
Конфуцийдің ойынша аспан аясындағы бес асыл қасиетті бойына жинаған адам кісілікті деп танылмақ.
Нақты қандай қасиеттер ?
- Сыпайылық, кеңдік, шыншылдық, зиялылық, мейірбандық
Сыпайылық – сыйынды арттырады.
Кеңдік – құрмет туғызады.
Шыншылдық – сенімге жеткізеді.
Зиялылық – табысқа бастайды.
Мейірбандық – билікке жол ашады.
Конфуций мемлекеттің тұрақтылығы туралы мәселе алдыңғы шепке шығып, қоғамдық маңызға ие болған ерекше тарихи дәуірде өмір сүрді. Сондықтан қоғамда баянды тұрақтылық немесе өмір сүру заңдылықтары ұдайы орын алуы үшін оны қалай басқару керек деген сұрақ ойшылдың көкейінде әруақытта тұрды. Ал адам Конфуцийді белгілі бір жүйеліктің заңды бөлшегі ретінде қызықтырады. Сондықтан да оның адам туралы ілімі мемлекетті басқару ілімімен тығыз байланыста болады. Өйткені, Конфуций әртүрлі жағдайларда адам өзін - өзі қалай ұстауы керек екендігін көрсетуге тырысады. Оның ізденістерінде адам туралы теориялық пайымдаулардан гөрі практикалық ақыл – кеңестер басым болып отырады.
Конфуций пікірі Қытай халқының дүниеге көзқарасының ерекшеліктеріне сүйенеді.
Ол адамды табиғаттың оған бағынатын заңды құбылысы ретінде қарастырады, сонымен қатар адамның табиғатқа өзін қарсы қоя алатындығын да ескереді. Мұның өзі адамның Аспан мен Жердің ортасында тұрғандығымен түсіндіріледі. Бір жағынан, адам жер мен көкті өзара біріктіретін дәнекер ретінде дүниенің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өзінің дүниедегі өзіндік орнына байланысты ол жермен де, көкпен де ерекше қарым – қатынаста бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |