Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Құндылықтарды дарыту
Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
«Менің елім- Қазақстан» тақырыбын өту барысында өз Отанымыз туралы ой – пікірлерін ортаға салып, Отандарыңа арнап салған суреттерін көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.
«Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбын өту барысында өз Отанымыз туралы ой – пікірлерін ортаға салып, Отандарыңа арнап салған суреттерін көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады.Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан жәнеАргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе,Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика жерінеҰлыбритания, Франция, Испания, Германия, Аустрия, Нидерланд жәнеЖапония мемлекеттері сыйып кетер еді. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды.
Оқушыларға бейнежазюа көрсетіледі
Отанымыз Қазақстан қандай ел? Еркін , егеменді, бейбітшілік , тәуелсіз ,татулық , достық, бай, Білім мен ғылым, дамыған , мәдениетті, көпұлтты, т.б
Компьютер
Ортасы (20 мин)
Сәйкестендір -балалар көрген роликтерің бойынша жылдарды белгілермен сәйкестендірейік - Балалар, осымен біздің тәрбие сағатымыз да аяқталып қалды. Енді сабақ соңында айтындаршы, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар, сендердің рөлдерін қаншалықты болды деп ойлайсыңдар бүгінгі сабақта? - «Ата – бабаларымыз аңсаған азатттық пен тәуелсіздікті алдық.
1992 жылы 4 маусымда бекітілді
Ақмола (Астана-Нұр-Сұлтан)
2017 жылы 10 маусым Астана қаласында өткен халықаралық көрме
Ұлттық валютамыз -теңге
1995 жылы 30 тамызда еліміздің ..... қабылданды
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
1936 жылы 5 желтоқсанда мақұлданған Қазақ ССР-нің , 1991 жылы 10 желтоқсанда бекітілген Қазақстан Республикасының .........
ЭКСПО (Тақырыбы : «Болашықтың энергиясы» баламалы энергия көздері және «жасыл» технология)