2022 жылғы 1 қыркүйекте республиканың барлық жалпы білім беретін
мектептерінде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.
Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға
басты назар аударылады.
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін
талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды
көңіл-күй қалыптастыру.
Ұсынылады: - балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу
жылынан күтулерін талқылау;
- заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды
қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас
ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілуі тиіс.
Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында
әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» республикалық онлайн-акциясын өткізу ұсынылады.
Бейнероликті орналастыру күні: 2022 жылғы 1 қыркүйек. Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 17.00-21.00.
Хэштег: Bilim_quni (Орналастыру мәселесі бойынша пиар –менеджер Назым Жарқынбекке хабарласасыздар +77474938106)
Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар:
- барлығы үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу
жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»;
- Бірінші сынып оқушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы
күнім»;
- 2-4 сынып оқушыларына арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым»;
- 5-8 сынып оқушылары үшін – «Менің саяхатым»;
- 9-11 сынып оқушылары үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің
ойларым, армандарым, үміттерім»;
- Ата-аналар, 1 сынып оқушылары үшін – «Біздің мектептегі бірінші
күніміз», «Бірінші сынып-өмірдің жаңа кезеңі»;
- Сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті
сыныбым!».