Билялова Гулбаршын Таскалиевна Коучинг-сессия тақырыбы «smart мақсат: дұрыс бағдар-нақты нәтиже» Жалпы мақсаты Мұғалімдерге сабақ



Дата08.02.2022
өлшемі26,78 Kb.
#131001
түріСабақ

Коуч

Билялова Гулбаршын Таскалиевна

Коучинг-сессия тақырыбы

«SMART мақсат: дұрыс бағдар-нақты нәтиже»

Жалпы мақсаты

Мұғалімдерге сабаққа мақсат қоюдың тиімді жолдарын үйрету.

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер сабақтарына SMART ақылды тапсырмалары арқылы мақсат қоя біледі.

Әдіс-тәсіл

Түрткі сауалдар, миға шабуыл, ой тұжырымдау

Негізгі идеялар

Мұғалімдер сабақтың мақсатын нақты, өлшенген, қолжетімді етіп қояды. Дұрыс қойылған мақсат арқылы оқушылардың сабақты дұрыс игеруіне жағдай жасалады.



Кезеңі

Коучнигтің іс-әрекеті

Мұғалім іс - әрекеті

Ресурс



Психоло гиялық тренинг.
Топқа бөліну

« Сиқырлы бақ» . Себетте 3 түрлі жеміс бар( алма, алмұрт, апельсин) Мұғалімдер өздеріне ұнайтын жемісті таңдап сол бойынша топқа бөлінеді. Әр жемісте жақсы тілек жазылған. Мұғалімдер тілекпен бөлісіп, өзар бір-біріне жақсы лебіз айтады.



Мұғалімдер топқа бөлінеді

Музыка


Ой шақыру сұрақтар



«Түрткі сұрақтар»
-Сабақты жоспарлау үшін сіз ең алдымен не істейсіз? --Сабақты жоспарлауда қандай да бір қағидаларға сенесіз бе? Неліктен?
-Сабақты жоспарлауда не нәрсеге аса көңіл бөлген жөн? Неліктен?
-Сабақтың мақсаты деген не?
-Мақсаттың негізгі қасиеттері, белгілері қандай болады?
- Қазіргі оқыту тәжірибесінде оқыту мақсаттарын қоюдың қандай
тәсілдерін білесіз?

Мұғалімдер өз ойларын айтады

Үлестірме

Теориялық бөлім

Коучинг-сессияның тақырыбы: «SMART мақсат: дұрыс бағдар-нақты нәтиже»
I.Мақсатқа байланысты негізгі ұғымдар.
II.Мұғалім жоспар құрғанда SMART-қа сәйкес мақсаттар мен міндеттерді (ақылды міндеттер) ұстанады. (ағылш. SMART objectives – ақылды тапсырмалар) – оқытудың мақсаттары мен міндеттерін қоюға арналған аббревиатура, 1981жылы Джордж Доран енгізген.
. Ол 1954 жылы Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.
Specifik- арнайы, нақты;
Measurable- өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;
Attainable- қолжетімділік;
Realistic- шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;
Timed- белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.



Интерактивті тақта арқылы SMART мақсат қою тақырыбына слайд арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Слайд



Топтық тапсырма

1. Дәстүрлі сабақ жоспарындағы мақсат пен СМАРТ мақсатын салыстыру.
* Нақты ма?

* Шындыққа сәйкес келеді ме? Қолжетімді ме?

* Өлшеуге болады ма? Қалай ?

* Мақсат оқушыға бағытталған ба?




2. СМАРТ бойынша сабақ мақсатын қою.
Әр топ өзара бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Мұғалімдер берілген тақырыпқа СМАРТ бойынша сабақ мақсатын қояды.

Күнделікті сабақ жоспарының үлгісі



Кері байланыс
«3 Қ» әдісі


  1. Сізге не құнды болды?

  2. Сізге не қызықты болды?

  3. Сізге не қиын болды?

Өз ой-пікірлерін айтады.

Стикер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет