Коуч
|
Г.И. Байболатова
|
Коучинг-сессия тақырыбы
|
"Сабақтарға SMART мақсат қою"
|
Жалпы мақсаты
|
Мұғалімдерге сабаққа мақсат қоюдың тиімді жолдарын үйрету.
|
Оқу нәтижесі
|
Мұғалімдер сабақтарына SMART ақылды тапсырмалары арқылы мақсат қоя біледі.
|
Әдіс-тәсіл
|
Түрткі сауалдар, миға шабуыл, ой тұжырымдау
|
Негізгі идеялар
|
Мұғалімдер сабақтың мақсатын нақты, өлшенген, қолжетімді етіп қояды. Дұрыс қойылған мақсат арқылы оқушылардың сабақты дұрыс игеруіне жағдай жасалады.
|
Кезең-дер
|
Уақыт
|
Коучтің іс-әрекеті
|
Қатысушы мұғалімдердің іс - әрекеті
|
Ресурс
|
Кіріс пе кезең
|
Топқа бөлу
/2 мин/
|
«Көктем гүлдері» /сазды әуен ойнап тұрады/ Мұғалімдерге көктем гүлдері суреттерін таратып топқа біріктіріп, ынтымақтастық құрады.
|
Мұғалімдер көктем гүлдері суреттері бойынша бірігіп, ынтымақтастық құрады.
|
Музы
ка
|
Түрткі сауал
/5 мин/
Терең ойлану
6 мин.
|
Видео көрсету «Мақсатқа жету»
Сабағымызды бастамас бұрын сіздерге сұрақ ұсынғым келіп тұр.
Арман мен мақсаттың қандай айырмашылығы бар?
Ойланып көрелік, неліктен көп адамдардың армандары тек арман күйінде қалады?
Сіздің қанша арманыңыз орындалды?
Қаншасы жай ғана арман болып, Сіздің өміріңіздің «тарихи» беттерінде қалды ?
Қай топ көп жазып шығады сол топқа мен жұлдыз белгісін береді
Ойымызды ортаға салайық:
Мақсат қоя білу де өнер
«Мақсат — мұраттарыңа жете бер» — деген бата-тілек естімегеніміз кемде -кем шығар…
Осы мақсат деген сөзді жиі естиміз, жақсы таныспыз, дегенмен сол мақсат қою өнері бізге таныс па?
Бұл жазбамда мақсат қою ережелерімен бөліскім келеді.
Ойланып көрелік, неліктен көп адамдардың армандары тек арман күйінде қалады?
Сіздің қанша арманыңыз орындалды?
Қаншасы жай ғана арман болып, Сіздің
«тарихи» беттерінде қалды?
Көп адам арман дегенді өзінен өзі орындала қалатын "құбылыс" деп санайды. Әлбетте, ол қате пікір. Арман орындалмайды, сол арманды Сіз орындайсыз, іске асырасыз. Қалай дейсіз ғой? Бұл жақсы сұрақ. Жақсы сұрақ деп отырған себебім, біздің сұрақ қоюымыздан біздің нәтижелілігіміз артады, не төмендейді.
Мысалы, Роберт Киосакийдің «Бай әке, жарлы әке» кітабында осы сұрақ қою туралы керемет мысал бар. Бай әкесі былай дейді екен: «Мен қалайша кедей болам, балаларым бар емес пе?!». Ал, жарлы әкесі сұрақты былай қояды екен:" Мен қалайша бай боламын, балаларым бар емес пе?!"
Міне, мақсат қою осындай ойларды зерттеуден басталады.
Жақсы, яғни нәтижелі сұрақ Сізге керемет мүмкіндіктер ашса, кедей әкенің қойған сұрағы сынды сұрақтар Сізді артқа тартады. Сонымен, арманыңызды орындаудағы Сіздің алғашқы сұрағыңыз мынандай болуы тиіс: Мен арманымды іске асыруға не істеуім, нені үйрену, нені бастауым керек? Осы сұрақтарға жауап бере бастағанда, Сізде мынадай сұрақтар туындайды: Менің арманым не? Осы сұраққа Сіз ашық та түсінікті жауап алуыңыз керек. Мысалы, «мен бай болғым келеді». Бай болу деген не? Сіз өзіңіз үшін нақты түсінуіңіз қажет, өйткені әр адамға «бай болу» деген тіркестің өз мәні мен анықтамасы бар.
Осы жауап Сіздің мақсатыңыз болып табылады.
Ал, енді, мақсат пен арманның негізгі айырмашылығына келер болсақ — арманның іске асатын күні белгіленбеген. Әдетте, біз былай дейміз:«Шіркін, бай болсам ғой....». Мақсат дегеніміз — нақты күні белгіленген соңғы нәтиже.
|
Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлай отырып, өз пікірлерін ортаға салады
Сабақтың тақырыбын анықтайды.
|
Видео
Жұл
дыз
|
Негізгікезең
|
Миға шабуыл
3 мин.
Қиялдау
3 мин.
Терең ойлану 3 мин.
Жұппен талдау
6 мин.
Сергіту сәті
Топпен жұмыс
|
Ақпараттық қоғамның сөздік қорында тағы да бір жаңа ұғымдар - Smart, Smarteducation ұғымдары белсенді түрде еніп келеді. Smarteducation ұғымы тіпті көптеген елдерде іс жүзінде жиі қолдануда. Smarteducation ұғымының негізгі мәні неде?
|
|
Постер
Жұл
дыз
|
Коучинг-сессияның тақырыбы:
Сабақта SMART мақсат қоя білу жолдары.
Мұғалім жоспар құрғанда SMART-қа сәйкес мақсаттар мен міндеттерді (ақылды міндеттер) ұстанады. (ағылш. SMART objectives – ақылды тапсырмалар) – оқытудың мақсаттары мен міндеттерін қоюға арналған аббревиатура, 1981жылы Джордж Дораненгізген.
Сабақты жоспарлау үшін сіз ең алдымен не істейсіз???
Сабақты жоспарлауда қандай да бір қағидаттарға сүйенесіз бе? Неліктен?
Сабақты жоспарлауда не нәрсеге көңіл бөлген жөн? Неліктен?
Берілген мақсат дұрыс қойылған ба? Неліктен?
- Жұппен талдаңыз:
- «математикадан білімін жақсарту»
Мұғалімдерге бұл мақсаттың қаншалықты дұрыс, бұрысын анықтау тапсырылады.
Топтарға СМАРТ мақсатта сабақтың мақсатын, міндетін, күтілетін нәтижесін құруға тапсырма беріледі.
І мысал.
Пәк адам болу
Мiнсiз болу
мен қоса бақытты өмір сүру
Бәрi де орындалмай тұр деп айтсақ қателеспейміз. Мүмкiн оларға жетуге болады деп айтарсыз, бiрақта олар нақты (specific), өлшенетiн (measurable), әрекетке негiзделген емес (action-oriented) және уақытпен шектеулi (time-bound) емес.
ІІ мысал:
Сурет салу қабiлетiмдi жетiлдiру
Былтыр бастаған кiтаптi бiтiру
Жасым жүзден асып шөберелерiмнiң тойларын көру
Жақыннан қарап көрейiк.
Ол қол жетiмдi және едәуiр нақты, бiрақ уақытпен шектелмеген. Айта кететiн жәйт, бұл мақсатты өлшенетiн және әрекетке негiзделген қылуға болады (мысалы, сурет салудан он сабақ аламын).
Кiтапта неше тарау бар, қаншасы оқылып шықты және қашан бiтiремiн деген сұрақтарға жауап берiлсе SMART-мақсат қылуға болады.
Ол жетiмдi емес әрi әрекетке негiзделмеген, яғни, оның даму барысы толықтай бiздiң қолымызда емес.
ІІІ мысал.
http://www.typingstudy.com сайтында күнделiктi бiр сабақ ала отырып екi аптада қарамай компьютерде жазуды үйрену
Ағылшын тiлi бiлiмiмдi жоғары деңгейге көтеру: ағылшын тiлiнде екi сериал қарап шығу (BreakingBad пен Suits), бес кiтап оқып шығу (кiтаптардын тiзiмiн келтiру) және күнделiктi жұмысқа бара жатқанда NPR радиосын және подкасттар тыңдау
Тепе-теңдi өмiр сүру (интеллектi, рухани, денелiк, әлеуметтi)
Бұл қарапайым болғанмен өте жақсы мысал. Ол нақты (Specific - қарамай жазуды үйрену), өлшенетiн (Measurable - алған сабақтар саны), әрекетке негiзделген (Action-oriented - күнделiктi онлайн сабақ алу), жетiмдi (Realistic - сөзсiз) және уақытпен шектелген (Time-bound - екi аптада бiтiру).
Бұл да сондай: нақты (Specific - ағылшын тiлiн жетiлдiру), өлшенетiн (Measurable - оқыған кiтаптар саны және қараған сериалдар саны), әрекетке негiзделген (Action-oriented - кiтап оқу немесе сериал қарау), жетiмдi (Realistic - иә) және уақытпен шектелген (Time-bound - мысалы күнде кешке кiтап оқи отырып және апта соңы сериал қарап жарты жылда бiтiру).
Бұны бiрнеше SMART мақсаттарға бөлуге болады.
|
Топ мүшелері сыни тұрғыдан ойлай отырып жазып шығады
Мақсат: «математика
дан білімін жақсарту».
Мақсаттың талдауы:
Нақтылы емес
Өлшеу қиын
Мерзімі
көрсетілмеген.
Интерактивті тақта арқылы SMART мақсат қою тақырыбына слайд арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Мұғалімдер түсінгендері бойынша сабақтың мақсатын постерге салады.
Жасаған постерлерді "Бағалау критерийі" бойынша бағаланады.
|
Жұл
дыз
|
Талқылау
Болжам жасау
|
Сабаққа мақсат қоюды ұсынады.
Сабақ мақсатын топта талқылауды ұсынады.
|
Топтар өзара құрған сабақ мақсатын талқылайды.
|
Постер
Мар
кер
|
Рефлек
сия
|
Бүгінгі сабақтан нені біле алдыңыз?
Бүгінгі сабақта не қызықтырды?
Бұл әдістерді сабақта пайдалануға бола ма, қалай?
Қандай ұсынысыңыз бар?
|
|
Сауал-нама алу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |