Биочиптер- биологиялық материалдың көп микросынақтарды параллельді анализдерді жүргізу үшін секциялық (ұяшықтардан тұрады) матрицадағы сенсорлар



Дата07.02.2022
өлшемі15,23 Kb.
#91083
түріСынақтар
Байланысты:
биочип


Биочиптер– биологиялық материалдың көп микросынақтарды параллельді анализдерді жүргізу үшін секциялық (ұяшықтардан тұрады) матрицадағы сенсорлар (биосенсорлар) тобы.
1989 жылы Энгельгард атындағы РҒА микробиология Институты ғалымдары «Нью-Йорк таймс» ХХІ ғасырдың жоғары технологиялар дамуына максималды ықпал тигізген ғалымдар ішінде үшінші орындағы, адам геномын зерттеуінің Халықаралық ұйымның вице-президенті, А.Д. Мирзабековтің жетекшілігімен дүние жүзінде бірінші болып ДНҚ-чип туралы мақала шығарды.
Биочиптер адамның аурулар диагностикасының жаңа технологиясы ретінде негізінен «бұрыңғы» жақсы белгілі азотты негіздердің комплементарлық принципі (ДНҚ-чиптер) немесе антиген мен антидененің қарым-қатынас механизмі бойынша (нәруыздық чиптер), немесе фермент(тер)тің субстратпен дара немесе клетка құрамындағы арнайы реакцияларына (ферментті және клеткалық сенсорлар) негізделген. ДНҚ бір молекуласымен, бір ғана спецификасы бар антиденемен немесе бір ферментпен орындалатын ПТР, ИФА және фермент-субстратты реакциялардан биочиптері бар диагностикалық тесттердің айырмашылығы – олар бір мезгілде жүздеген және мыңдаған олигонуклеотидтер молекулаларымен жүргізілетін реакциялар сериясы, осындай микрореакциялар көлемі 20 микрон ұяшықтарда өтеді (биочип бетінде осындай ұяшықтар жүзден бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін). Комплементарлы олигонуклеотидтердің гибридизациясы, антиген-антидене комплексі түзілуі, субстрат пен ферменттер байланысының биохимиялық реакциялар қорытындыларын флюоресцентті таңбалау, электростаттық шығару (тебу) күшін, электроток өткізштігін, масс-спектрометрия (зонд затының молекулалық массасы жоғарлауы бойынша) және т.б. көмегімен анықталынады. Осы мақсатта арнайы автоматтандырылған анализаторлар – биочип-детекторлар ойластырылған. Биочиптер – бұл тани алатын немесе биологиялық активтілік көрсететін зонд-молекуласы бар қандай да болмасын тығыз калып. Биочиптер диагностикалық медицинаның міндетті құралы болды, гендер эксрпессиясы мен гендік полиморфизм зерттеуінде қолданыс тапты; бұл технология адам денсаулығына қоршаған орта факторлар әсерін анықтауына, организмге жана дәрілер әсерін зерттеуге мүмкіндік берді.
Биочип-анализ технологиясы инженерлік дайындығы тұрғыдан өндірісте кең қолданыска ие болған электронды микросхемалар, электронды платоларға тен. Замануи инженерлік техника көлемі бірнеше сантиметр құрайтын талдаушы матрица (ұяшықтары бар биочип калыптары) дайындауға мүмкіндік береді.
Биочип технологиялардың пайда болуы мамандырылған аппараттық, алгоритимдік және бағдарламалық құралдарды өндіру қорытындысына байланысты. Сонымен катар, бұл молекулалық биологтар, физиктер, химиктер, математиктер, программистер, микроэлектроника мамандары және т.б. әр сала мамандарының қарым-қатынас ынтымақтастығының жетістіктері

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет