Биогумустың Қызанақ ДӘндерінің Өнулеріне және өсу қАРҚындылықтарына әсері



Дата12.04.2020
өлшемі17,77 Kb.
#62301
Байланысты:
ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса
БИОГУМУСТЫҢ ҚЫЗАНАҚ ДӘНДЕРІНІҢ ӨНУЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ӨСУ ҚАРҚЫНДЫЛЫҚТАРЫНА ӘСЕРІ
Абдрахимова А.О.

Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Бірімжанова З.С.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

e-mail: aigerim0909@bk.ru
Заманауи экологияның маңызды бағыттары өсімдіктердің өсуінің тиімді биостимуляторлары мен биотыңайтқыштарды алынуын көздейді. Оларды қолдану эколгиялық таза өнім алумен және агроландшафтардағы пайдалы биоттарды сақтаумен байланысты көптеген экологиялық мәселелерді шешуге бағытталады.

Біздің жұмысымыздың мақсаты – сұйық биогумустың қызанақ дәндерін себу алдындағы өңдеу үрдісінің, олардың өніп - өсу қарқындылықтарына әсерін анықтап, топырақтағы құрғақ биогумустың фонындағы тиімділігін анықтау.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер шешіледі:


  • сұйық биогумустың әртүрлі концентрацяларында ( 20, 40, 60, 80,100 % ) және 24 сағат ішінде әрбір сағат сайын себу алдындағы өңделген қызанақ дәндерінің өнуі мен өсу қарқындылықтарына әсерлерін анықтау;

  • бұл эксперименттің нәтижесінде анықталған оңтайлы нұсқаны (дәнді) құрғақ биогумустың әртүрлі дозалық мөлшерлерін ендірген топыраққа егіп, олардың үйлесімді тиімділіктерін анықтау.

  • бірінші тәжірбиедегі оңтайлы нұсқада өскен өскіндерді (10 дана) әртүрлі дозалық мөлшерлері ендірген топыраққа отырғызып, тиімді нұсқаларын анықтау.

Зерттелетін нысандарға сұйық және құрғақ биогумус фонында қызанақтың дәндерін егіп, олардың өну және өсу қарқындылықтарын зертханалық жағдайда әр қайсысы, үш қайталымда келесі нұсқаларды қамтыды: 1. Сұйық, биогумустың әртүрлі концентратцияларымен қызанақтың дәндерін әрбір сағатта бір тәулік бойы өңделді. 2. Топыраққа ендірілген биогумустың келесі дозалары пайдаланылды: 1) 3т/га = 2,6г 2) 2т/га = 1,73г. 3) 1т/га = 0,86г

Сұйық биогумуспен өңделген дәндердің өну қабілеттіліктері алтыншы күнде есептелініп, ал өсу қарқындылығы он алтыншы күні өлшенді. Нәтижесінде, қызанақ дәндерін сұйық биогумуспен себу алдындағы өңдеудің 60% - дық және 24 сағаттық нұсқасы ең жақсы көрсеткішке ие болды. Басқа нұсқаларға қарағанда мұндағы өңген дәндердің және өскіндердің даму қарқындылықтары екі есе жылдамдықты көрсетті: өнімділіктері - 92%, ал өскіндердің биіктіктері 17см-ге жетті.

Осы нұсқалардағы өңделген қызанақ дәндерін топыраққа ендірілген биогумустың әртүрлі дозалық мөлшердегі нұсқаларына еккенде, 3т/га = 2,6г. Мұндағы дәндердің өнімділіктері 87%-ға жетіп, өсу қарқындылықтарының нәтижесінде 14 күндік өскіндердің биіктіктері 13 см болды.

Біздің жүргізген зертханалық эксперименталдық жұмысымыздың ішінде алдын ала сұйық биогумуспен өңделмеген қызанақ дәндерін биогумустың құрғақ күйінде топыраққа ендірілген әртүрлі дозалық мөлшерлерінің фонында тексеру нұсқасы қамтылған. Нәтижесінде 3т/га = 2,6г нұсқасы ең тиімді болып шықты.



Қорыта келгенде келесідей тұжырымдар жасауға болады:

  1. Қызанақ дәндерін себу алдындағы сұйық биогумустың 60%- дық ертіндісі мен 24 сағат бойы өңделген тиімді болады.

  2. Осы өңделген қызанақ дәндерін топырағында 3т/га мөлшерлерде құрғақ биогумусы бар нұсқаға егу жақсы нәтижесін берді.

  3. Бұл нәтижеден сәл төмендеу көрсеткіштерге ие болған нұсқа – құрғақ қызанақ дәнін алдын ала өңдемей 3т/га биогумусы бар топыраққа егу болды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет