Пән бойынша дәріс материалдары



бет1/29
Дата05.09.2022
өлшемі346 Kb.
#148731
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Лекции БУиА каз


«Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша дәріс материалдары


1-дәріс.
Бухгалтерлік есеп тұжырымдамалары, қағидалары және стандарттары

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептелініп, салынған үйдің қабырғасына жазылатын болған.


Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптары, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға жүргізуге міндетті.
Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:

  • Болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;

  • Ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;

  • Қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы ақпарат беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.

Көп жағдайда бухгалтер мен есепшінің арасындағы айырмашылықты білмегеннің салдарынан бұл екеуін шатастырып алатындар да жиі кездеседі. Есепшінің негізгі міндеті шаруашылық операцияларын тіркеу, ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті.
Жалпы кәсіпорында бухгалтерлік есеп жұмысын атқарушы маман іс-тәжірибеде мынадай үш түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін:

  • әрбір жаңа келісімді жүргізу барысында шешім қабылдаушы тұлғаға керекті есеп ақпаратын табыс ету үшін тиісті стандарттар мен ережелерге сүйенуге тура келеді, яғни оларға деген қажеттілік туындайды;

  • кәсіпорынның бухгалтерлік ақпарат мәліметтерін бірдей мақсатқа, тең дәрежеде пайдаланылатын екі тұлға болмайды, себебі мұндай ақпаратты әр түрлі тәсілдермен, әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олардың білім және тәжірибе деңгейі әр түрлі болып келеді;

  • бухгалтерлік есеп табиғат заңы емес, ол әр түрлі ойлар мен шешімдердің үйлесуі болуы мүмкін.

Бухгалтерлік есеп мамандығына қайшы келетін екі түрлі пікір бар:

  1. Бухгалтерлік есеп басқа ғылымдар сияқты табиғаттың заңы мен принциптеріне бағына бермейді, себебі оларды ұйымдастыру керек.

  2. Бухгалтерлік есеп түсінігі логикалық негіздеу, экономикалық теория, іс-тәжірибе, бағдарлама және ортақ келісіммен негізделеді. Осыған орай бухгалтерлік есеп түсінігі күнделікті өмірде болып жатқан әлеуметтік және экономикалық жағдайға байланысты өзгеріп тұрады.

Бухгалтер маманының қай-қайсысының болмасын негізгі кәсіби міндеті бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс есептелген мәлімет беру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет