Пән бойынша дәріс материалдары



бет29/29
Дата05.09.2022
өлшемі346 Kb.
#148731
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Лекции БУиА каз
Семинары 1-7, Сандық анализ зерхана
4. Кәсіби біліктілік.
Аудит жұмысын өте жоғары деңгейдегі мамандар жүргізуі қажет, ол теориялық және практикалық жағынан өте білімді маман болуы және арнайы аудит әдістерін жақсы білуі қажет. Ол тексеру жұмысына машықтанған болуы керек. Аудитор өз жұмысына қажетті ереже нұсқауларын өте жақсы біліп іс жүзінде қолдана алуы қажет. Аудитор өз жұмысына анализ жасауда, сараптау жүргізуде, компьютермен жұмыс істеуде әбден машықтанған болуы қажет. Ол барлық тексерушіге сене бермеу керек, тек өзі тексеріп көзі жетпейінше ешқандай қорытынды жасамау керек.
5. Сенімділік.
Сөзге берік болу (конфиденциальность). Аудитор өз жұмысының комиссиялық құпиялығын сақтауға міндетті. Үшінші жаққа өз мәліметін ерекше жағдайда ғана хабарлауға, тапсырушымен жазбаша келісім жасау арқылы беруге құқылы.
6. Тез –жеделдік принципі.
Аудитордың жеделдігі – ол өз жұмысының тез, тиянақты орындаудан тапсырушыға аудит материялын уақытымен тапсыру. Аудиттің тез, жедел жүргізілуіне екі түрлі себеп бар: біріншісі, аудит жүргізу уақыты нақты белгіленбегендіктен, екіншіден, аудит үшін төлем сол жұмыс уақытымен есептелінеді.


15-дәріс
Кәсіпорында аудитті ұйымдастыру

«Аудиторлык қызмет көрсету» ұғымына Республикалық жэне территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлык фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР «Аудиторлық қызмет турапы» заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз «бейүкіметтік», қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі басқаратын жэне өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.


Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан құралуға тиіс. Оның жарғылык капиталында аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51% болуға тиіс.
Аудиторлардың республикалық және территориялық палаталары аудит процедурасын біріздендіруге (унификация), жетілдіруге және дамытуға үлестерін қосуы керек. Аудит, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау салаларындагы стандарттар мен ұсыныстарды сараптаумен қатар олар аудиторлық фирмалар мен аудиторлардың қызметтерін үйлестіру функциясын орындайды, олардың қоғамдық этикалық нормаларын анықтайды, аудиторлардың біліктілігін арттыру, аудиторлық қызметтің нарығын зерделеу, аудиторлык фирмалар мен аудиторларды нормативті құжаттармен қамтамасыз ету, оларға аудиторлық істі ұйымдастыруда кеңес берушілік-әдістік көмек көрсету бойынша шараларды карастырады.
Аудиторлардың кәсіби этикасы
Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар - жалпы әдеп (рухани аспекті) және кәсіби әдеп (іс-тәжірибелік аспекті).
Осыған байланысты «әдеп» термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдық тандау саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын белгілі бір философия саласын үғамыз. Бүл аныктамада үш шешуші элемент бар:
1. Шешімді тандау проблемасы.
2. Жаман мен жақсы туралы түсінік.
3. Әдеп, адамгершілік (мораль) мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.
Әдеп кең мағынасында өнегелік принциптері мен нормала-рының жүйесі, жеке түлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін өзі үстау әдебі ретінде баяндалды. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, әскерилердің және т.б. кәсіби кодекстері бар.
Әдептің негізгі мақсаттарының біріне шешім кабылдауда басшылық жасау жатса да, шешім қабылдаушы түлғаның функциясы (қызметі) осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектеліп қалмайды.
Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардын, аудиторлық үғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:
А. Тәуелсіздігі. Бүл қасиет аудиторлық кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексе-рудің мақсаты қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болмауы керек.
Тәуелсіздік мына жағдайларда бұзылады:
- егер аудитор клиенттің қайсыбір мүлкін иеленетін болса;
- таза табысы немесе фирмасының пайдасы тексерілетін компанияның инвестициясымен тығыз байланысты болса, не болмаса компаниямен бірлескен инвестициясы бар болса;
- компаниядан несие алса немесе берсе (бүл тыйым әдеттегі тәртіппен қаржы институттарынан алынатын кредитке қатысты болмайды);
- тексерілетін компаниямен қүрылтайшы ретінде байланыста болса;
- компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылғанда;
- компанияның есептік жазбаларын жүргізіп, есеп сала-сында шешім кабылдайтын болса, ал компания басшылығы қаржылық есеп беру туралы акпаратпен оған негізгі жауап-кершілікті көтеретіндей шамада ақпарат алмаса;
- егер компания басшылығы аудиторлық жұмыста олқылықтары үшін аудиторды сот процесімен корқытатын болса немесе аудитор компания басшылығын алаяқтық пен жалған деп айыптап, сот процесімен қорқытатын болса;
-клиент инвестор болатын болса, онда инвестор (инвестордағы) - кәсіпорында аудитордың қаржылық мүдделілігі болады;
- егер аудитор отбасының немесе туыстарының бір адамы клиент ісін тікелей катысты (мүдде жағынан) немесе онымен (клиентпен) кәсіпорынды басқару ісіне байланысты болатын болса және т.б.
Ә. Адалдық және объективтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дау-жанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан кұрастырып бүрмаламауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор кабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нүқсан келтіреді.
Жаңа немесе өзгеше операциялар есебінің мэселелері бойынша кәсіпорындарға кеңес беру барысында аудитор бірқатар проблемаларға кезігеді. Аудиторлар операциялардың есебін дүрыс жеткізу ісінде эр түрлі пікірде болады, сондыктан да кэсіпорын басшысы болып өткен немесе болуы ықтимал операциялардың есебі бойынша басқа бухгалтерлермен кеңесетін болса, оған танданудың қажеті жоқ. Осы заманғы қаржы рыногы күрделі эрі қитұрқы каржы аспаптарын жасау барысында тапқырлық танытады, олардың есебі анық бола бермейді.
Кәсіпорын басшылар аудиторларды «сатып алатын» жағымсыз оқиғалар да болып тұрады, мұндайда аудитор олардың өздері көргісі келетін қаржылық есепте ақпаратты анық мазмұндап, білікті есеп жасап береді.
Б. Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын (түсіндірулерін) сақтауы керек. Осыған сэйкес олар өз құзыретіндегі қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кэсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау жэне бақылау; ұсыныстар жасап, корытынды шығару үшін қажетті егжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.
В. Құпияны сақтау. Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек жэне мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы керек. Атап айтқанда:
- клиент талап етсе де, оған бухгалтерлік жэне басқа да құжаттарды қайтарып беруден бас тарту;
- кәсіби қызмет барысында нэсілдік, жыныстық, үлттық белгілері мен ұстанатын діни сенімдеріне қарай кемсітушілікті (дискриминация) жүзеге асыру;
- тексеру барысында егер клиент аудитордан мемлекеттік аудиторлық стандарттарды жэне нормаларды сақтауын өтінетін болса, онда клиенттің тілегіне карсы мемлекеттік стандарттар мен нормаларды сақтамауы керек. Себебі, нағыз шынайы фактілерді ашуда мемлекеттік стандарттар мен нормалар дэрменсіздік танытуы ықтимал. Аудитор кейбір жағдайда шынайы фактілерді әдеттен тыс әдістермен ашуы мүмкін;
- бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемесінің тіркеліміне жалған жазбаларды енгізуге келісім бермеуі керек;
басқа тұлға туралы ақпаратты тапсырғаны үшін клиенттен комиссиялық алым алу немесе клиенттерді тартқаны үшін басқа біреуге төлеу;
Г. Жарнаманы шектеу. Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды адастыру аркылы өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауға тиіс.
Қазакстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттілік берілген лицензия беруші (лицензия) мемлекеттік орган қоғамдық аудиторлар ұйымымен бірлесіп осы кәсіп түрі бойынша лицензия алған тұлғаның аудиторлық қызметін реттейді. Лицензия беруші аудиторлық қызметгерді бақылап, аудиторлар мен аудиттенетін субъектілердің қатынасын қарастырып, лицензия ұстаушыға ескерту жасауына болады, тіпті болмаған жағдайда лицензияның іс-эрекетін тоқтатады, Бұл - өте қатаң жаза, өйткені лицензиясынан айырылған түлға аудиторлық біліктіліктен жэне аудиторлық есептілігіне қол қою кұкығынан қоса айырылады.
Аудиторлардың жауапкершілігі, құқығы және міндеттері
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға кәсіби қызметті қанағаттанғысыз дэрежеде орындамауы үшін азаматтық-құқықтық, экімшілік, материалдық, қылмыстық жауапкершіліктері жүктеледі. Клиенттер, оның кредиторлары мен инвесторлары, мемлекет жэне оларға өкілеттілігі жүретін тәртіп сақтау жэне басқа органдар аудиторға қарсы сот немесе төрелік сот іс қозғауы мүмкін.
Аудиторлық үйым барлық елеулі қатынастарда экономикалық субъектінің қаржылық есеп берулерінің анықтығы туралы кэсіби пікір калыптастыратыны жэне оны білдіретіні үшін жауапқа тартылады. Заңцық жауапкершілік тек келісімшарттағы міндетемелерді бұзғаны үшін ғана емес, сондай-ақ немқүрайдылык, ұкыпсыздық, алаяқтық зиян шектіру жэне т.б. сияқты азаматтық құқық бұзушылық әрекеттерін тудырғаны үшін, сонымен катар, залалға әкеп соқтыратын аудиторлык тексерулердің шалағай жүзеге асырылғаны анықталған жағдайларда қарастырылады.
Анық еместігі кейін анықталған қаржылық есептемесі негізінде кабылданған шешімнің нәтижесінде қаржылық зиян шеккен түлға жалпы құқық бұзушылық әрекеті үшін аудиторға карсы іс қозғайды. Сонымен бірге қаржылық есептемелерді дайындау, жасау жэне уақтылы үсыну жауапкершілігі тексерілетін субъекті басшылығының мойнында болады.
Егер қайсыбір түлға аудитор өзіне зиян шектірді деп айыптап, оған қарсы сот процесін бастайтын болса, ол міндетті түрде аудиторға жаза тартқызатын эрекеттерді - келісімшарттың бүзылуын, азаматтық кұқық бұзушылықтың болғанын, алдау жэне алаяқтық эрекеттерге барғанын дэлелдеуі керек.
Аудиторлар клиент алдында да және оның (аудитордың) қызмет нәтижелеріне мүдделілік танытатын, ягни қызмет нэтижелерінің негізінде үшінші жақ ретінде білгілі бір шешім қабылдайтын басқа субъектілердің алдында да жауапты. Мысалы, аудиторлық фирмадан банк сол аудиторлық фирманың клиентіне кредит беру жөнінде шешім қабылдау үшін қаржылық есеп берулерді талап етуі мүмкін.
Сондай-ақ аудиторлар өз жүмыстарының нэтижелеріне сүйенетін накты эрі элеуетті клиент инвесторларының алдында да жауап береді. Бұл түлғалар аудиторларды жауапқа тартуға тырысуы мүмкін, бірақ олар оның ұкыпсыздығы мен немқүрай-дылығын немесе алаяқтық жасағанын дэлелдеуі қажет.
Жауапкершілікті арттыру мен кәсіби әдепті сақтаудың маңызды аспектісіне аудиторлардың жұмыс сапасын бакылау жатады. Аудитордың жауапкершілігі мен жұмыс сапасына әсер ететін 9 позицияны бөліп көрсетуге болады:
1) қызметкерлерді жалдау; 2) жұмыс кестесін жасау; 3) біліктілікті арттыру; 4) мансап;
5) басқарушы қызметкерлерді бақылау; 6) қызмет көрсетуге клиентгі қабылдау; 7) кеңес беру; 8) тэуелсіздік; 9) фирманы бақылау.
Қазіргі уақытта аудит шаруашылык жүргізуші субъектілер қызметін каржылык бақылаудың тәуелсіз жүйесі ретінде біздің қоғамымыздың күнделікті өміріне біртіндеп еніп келеді. Сол себепті де мемлекет пен кәсіби ұйымдар аудиторлык қызметпен айналысқысы келетін түлғаларды дайындау және аттестациялау ісіне жоғары талаптар қояды. Бұл талаптар элемдік іс-тәжірибеде кең таралған Халықаралық аудит стандарттарында көрініс тапқан өлшемдерге сэйкес келеді. Аудитор кандидаттарына кажетті талаптар ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» занда жэне аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы туралы ережеде анықталған.
Аудитор ізденушісінің (кандидаты) мінсіз репутациясы, жоғары білімі, экономика, қаржы, есептік-талдама, ревизиялық-бақылау немесе кұқық салаларында соңғы жеті жыл ішіндегі 5 жылдық жұмыс тәжірибесі бар адамдар немесе жоғары оқу орнында ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын соңғы және осы аталған салаларда соңғы 5 жыл ішіндегі 2 жылдық тэжірибелік еңбек стажы бар адамдар аттестациялауға жіберіледі. Олар белгіленген пәндер бойынша біліктілік емтиханын тапсырып, аттестациядан өтуі қажет.
Кәсіби аудитордың бірден-бір басты айырмашылығы қоғам, клиент жэне эріптестерінің алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі болып табылады. Ол өзінің кэсібіне деген сенімділікті жоғалтатын кез келген эрекеттер жасамайды. Аудитор өзінің қызметін мінсіз орындауға тырысканы дұрыс, ол үшін тэуелсіз, адал эрі объективті болуы керек.
Аудиторлар мен аудиторлың ұйымдардың мынадай құқықтары бар:
аудиторлық тексерулердің формалары мен эдістерін қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер, нормалар мен стандарттар жэне тапсырыс берушілермен жасалатын келісім-шарттың талаптары немесе «алдын ала тергеу, прокурор, тергеуші, сот органы» мемлекеттік органдарының тапсырма мазмұны негізінде өз бетінше белгілеу;
бухгалтерлік кітаптарды, басқа да қаржылық шаруашы-лық қызметтерінің қүжаттамаларын, мүліктің бар екендігін, ақша сомасын, құнды қағаздарды тексеру, шаруашылық жүргізуші субъект басшысынан бақылау жүргізуді, өнім сапасын анықтау, орындалған жұмыс өлшемдерін, құжаттарды тексеруді жүзеге асыруға катысты құжаттарды талап ету;
тапсырыс берушіде де, үшінші түлғада да болатын аудиторлық тексерулердің мазмұнына қатысты қажетті кұжаттар мен ақпараттарды, сондай-ак тапсырыс берушінің басшылығынан жэне қызметкерінен жазбаша немесе ауызша түрде түсініктеме алу;
аудиторлык тексерулерді бірігіп жүргізуге дербес жұмыс істейтін немесе аудиторлык фирмаларда қызмет ететін аудиторларды, сондай-ақ тексерілетін объектілерде жұмыс істейтін, басшымен қызметте, тікелей, туыстық қатысы бар немесе ортақ каржылық мүдделері бірге болатын тұлғалардан бөлек баска мамандарды келісімшарт негізінде шақыру;
тексерілетін заңды тұлға есепшоттарының жағдайы мен операциялары туралы қажетті мәліметтерді банктен алу және т.с.с.
Аудиторлардың осы кұкықтарымен қатар қаржылық есеп берудің анықтылығын тексеруге келмейді. Олар шаруашылык қызметтерде талдау, еңбек, азаматтық, қаржылык және шаруашылық кұқық салаларындағы аудиторлық қызмет түрлерін айқындауы мүмкін.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ҚР заңдарында жэне тапсырыс берушімен жасалған келісімшартта қарастырылатын өз міндеттерін біліктілікпен орындауға жауапты. Тексерулерді сапасыз жүргізіп, шаруашылык етуші субъектілерге зиян шектіретін болса, аудиторға келісімшартта қарастырылған мөлшерде материалдык жауапкершілік жүктейді. Аудитор өз жауапкершілігін аудиторлық фирманың қаражат есебінен, ал жеке аудитор - өз есебінен де, сақтандыру ұйымының есебінен де сақтандыра алады.
Аудиторлар қаржылық есептемелердің жэне басқа құжаттардың заң талаптарына сэйкеспейтін тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға міндетті, сонымен бірге аудиттің нэти-желері мен басқа да мэліметтердің құпиялылығын сақтауға міндетті және қолданыстағы нормативті-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес баска да міндеттерді орындауы керек.
«Аудиторлық қызмет туралы» заңға сэйкес біліктілік комиссиясы аудиторлық кызметпен айналысқысы келетін түлғаны аттестациядан өткізеді. Комиссия «аудитор» атағын тиісті куэлік пен нөмірлік мөр береді.
Бірде бір заңды немесе жеке тұлға, егер ол белгіленген тэртіп бойынша тіркелмесе, аудиторлық қызметпен айналысуға құқык беретін біліктілік комиссиясының аттестациялауынан өтпесе, онда оған аудитор атағы берілмейді немесе өзіне аудиторлық қызметпен айналысушы ретінде сипаттама бере алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет