Пән бойынша дәріс материалдары


Аудиттің мазмұнына анықтама



бет26/29
Дата05.09.2022
өлшемі346 Kb.
#148731
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Лекции БУиА каз
Семинары 1-7, Сандық анализ зерхана
Аудиттің мазмұнына анықтама

Авторлар

1

Аудит дегеніміз ол – кәсіпорынның
табыстық есебін тексеріп, онда
көрсетілген шаруашылық-табыстық
көрсеткіштерінің дұрыстығын анықтап,
сонымен қатар, бухгалтерлік есебін, қаржысын
салық заңдарын, банк және әлеуметтік
есеп прцесін келісім-шарт бойынша кәсіпкер ретінде
тексеріп, арнайы төлем ақылы қызмет көрсету.

Закон РФ „Об аудиторской
деятельности РФ” Бухучет,
1994г., №2, Сейткасымов Г.С.
„Становление аудиторской деятельности” (62) КазГУ, 1993.

2

Аудит дегеніміз ол – табыстылық есебін немесе оған қатысты объектілер туралы
мәліметтерді арнайы қорытынды жасау үшін дербес тексеру жүргізү

(4),(71) Андреев В.Д. „Практический аудит” М. Экономика 1994г.



3

Аудит дегеніміз ол – шаруашылық табыстылық операцияларының
заңдылығын тексеріп, әртүрлі меншіктегі
кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің
дұрыстығын анықтап,арнайы төлем арқылы бақылау, тексеру, түсініктеме беру, сараптау қызметін көрсету.

Терехов А.А. „Аудиты внешние и внутренние”. Бухучет. 1993г.
№4

4

Аудит дегеніміз ол – кәсіпорындағы, мекемелердегі бухгалтерлік есептің дұрыстығын анықтау мақсатымен жүргізілетін тексеру.

(72) Угольников К.А. „История аудита” Контроллинг, 1991г. №6

Осы келтірілген анықтамалардың мазмұнын талдап қарастыратын болсақ әр түрлі мазмұнда қарастырылғанын көреміз. Бір автор қысқаша анықтама берсе, кейбіреуі өте күрделі анықтама береді. Соған қарамастан осы анықтамаларға бір ғана мақсат қойылады, ол аудиттің мағынасын, негізін анықтау. Солай бола тұрса да ешбір анықтамада аудиттің негізгі мақсаты ашылмай отыр. Ол аудиторлық қорытынды туралы. Себебі, қандай бір аудиторлық тексеру болмасын, оның негізгі мақсаты аудиторлық қорытынды жасау. Екіншіден, аудиторлық тексерудің объектісі туралы ешқандай автор еске де алмайды. Біздіңше ол үлкен кемшілік. Олай дейтініміз, аудиторлық тексеру тапсырушының келісім-шартта көрсетілген объектісіне ғана жүргізіледі, ол бірден-бір аудит жұмысының негізгі принципі. Олай дейтініміз, тапсырушы өз субъектісінің шаруашылық көрсеткішін толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруге құқылы.


Кәсәпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын аудит болса да „алғашқы құжаттарды” тексеру немесе „алғашқы есепті тексеру” міндетті түрде жүргізіледі. Аудит прцесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуімен оның құрымын-ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір авторлардың анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады.
Көптеген авторлар „шаруашылық-табыстылық көрсеткіштері” деген сөз құрамын көп келтірген. Біздің ойымызша бұл түсініктеме орынды айтылған деуге болады. Себебі, объектісі келісім шарт негізінде мазмұн талабына сәйкес анықталады. Кәсіпорын шаруашылығына толық немесе бір бөліміне жүргізілсе де оған жасаған аудиторлық қорытындыда, кәсіпорынның „шаруашылық-табыстылық” көрсеткішімен байланыстылығы көрсетілмесе, ондай жағдайда аудиттің негізгі мақсаты орындалмағаны. Нақты, әр елдердегі аудит туралы анықтама берген Авторларды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің „Краткое руководство по стандартам и нормам аудита” кітабында „аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту”, - деп анықтама берген. Басқа бір Англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс „Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметттердің дұрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан мәліметттердің шындығын анықтау” – деп анықтама берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет