Пән бойынша дәріс материалдары


-дәріс Аудиттің концептуалды негіздері



бет25/29
Дата05.09.2022
өлшемі346 Kb.
#148731
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Лекции БУиА каз
Семинары 1-7, Сандық анализ зерхана
14-дәріс
Аудиттің концептуалды негіздері

Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан , яғни ол «тыңдап тұр» деген мағананы білдіреді. Сондықтан ерте заманда «аудитор» - «тындаушы» дегенді білдіреді, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталған.


Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп – атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап,аудиторлық қорытынды береді.
Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол- шаруашылық субъектілеріне , өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына , маркетинг мәселелеріне қатысы түсініктемелер, кеңес беруімен шұғұлдануында.
Аудиттің негізгі қағидалары. Аудиторлық қызмет аудитінің негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі .

  1. Ғылыми. Аудиттің бұл методологиясы ақиқат шындықты объективті , неғұрлым бейнелейтін экономикалық теория мен диалектикалық тәсілге сүйенуі тиіс.

  2. Жүйелілік,бүтіндік және комплекстік. Жүйелілік пен бүтінділік аудиторлық тексеру барысында зерттеу объектісін жекеше емес, керісінше жан жақты өзара байланыста қарастыруды талап етеді.

  3. Жүйенің сақталуы. Аудит тәжіриебісінде аудиторлық бақылау объектісі болып табылатын жүйені сақтау принципін басшылыққа алу қажет.

  4. Бақылаудың белгілі бір участкіге жұмылдырылуы. Аудиторлық тексеруде көп жағдайда кәсіпорын қызметінің барлық жағын , оған әсер ететін факторлар мен байланыстарын түгелдей зерттеу ақылға қонымсыз, әрі өте қиын.

  5. Объективтілік. Объективтілік – бұл берілген іске ғана қатысты фактілерді назарға алатын ойлау түрі.

  6. Адалдық. Аудитор өзі шындығына сенбейтін нәрсені растауға тиіс емес және ешқандай азғыруларға ермеуі тиіс.

  7. Тәуелсіздік. Аудиторлар қаржылық есептер мен өзге мәліметі ешқандай алдын-ала пайымдаусыз зерттеп, қаржылық мәліметтерді ұсынушылар мен оны қолданушыларға әділ болуы тиіс.Іс жүзінде тәуелсіздік мына түрде сақталуы қажет:

    • Тексеруді жоспарлаудағы тәуелсіздік

    • Тәуелсіз зерттеулер

    • Тәуелсіз есеп беру

  8. Профессоналдық шеберлілік, біліктілік және ұқыптылық.

  9. Құпиалылық немесе конфиденциалдық. Аудитор өзінің жұмыс барысында алған мәліметті үшінші бір жаққа ерекше рұқсатсыз немесе мұндай заңды немесе мамандық міндеті болмаса беруіне болмайды.

  10. Оперативтілік. Бұл қағида тапырманы тез, анық әрі тиімді орындалуын білдіреді.

  11. Есеп берушілік. Аудитор көп жағдайларда акционерлердің мүддесін сонымен бір уақытта шаруашылық процессінің өзге де қатынасушыларының мүдделерін ескере отырып қимыл жасауы тиіс.

  12. Пайымдау, пікір. Аудитор шын, профессионалдық пікірлерін қолдануы тиіс.

  13. Коммуникация. Аудитор өз пікірін білдіру үшін мәселені толық түсінуге қажеттілердің барлығын ашылуы тиіс.

  14. Құндылығы. Аудитордың көрсететін қызметті клиентке пайдалы болуы тиіс.

Қазақстан Республикасында аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан Кеңес Үкіметінің Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша құрылды ( 15.11.1990ж. №60). Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы Министрлігі жанынан шаруашылық есеп принціпінде аудит орталығы « Қазақстанаудит» фирмасы ашылды, ал облыстарда оның территориалық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан бастап дербес акционерлік компания болып, Республикамыздағы барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорындарға, мекемелерге аудиторлақ қызмет көрсетіп отыр.
Аудит туралы шыққан басылымдарда „аудит” – деген түсінікке әр түрлі анықтамалар берілген.
ТМД авторларының аудитке берген анықтамалары:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет