4 дәріс
"Биология. Ботаника" сабақтарында экологиялық білімді қалыптастыру
1. Ботаника курсындағы негізгі экологиялық түсініктер: өсімдіктер дүниесі - биогеоценоз құрауышы
2. Өсімдіктер дүниесінің әртүрлілігі және жер бетінде таралу ерекшеліктері
3. Өсімдіктердің космостық қызметі. Өсімдік, топырақаралық байланыс
4. Абиотикалық және биотикалық факторлардьң өсімдіктерге әсері
5. Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу ерекшеліктері
6. Өсімдіктер экологиясы
7. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам тіршілігіндегі маңызы
8. Антропогендік іс-әрекет және өсімдіктер дүниесін қорғау
Биологияның жаратылыстану пәндерінің бір бөлігі ретінде оқушылар -дың экологиялық білімдерін қалыптастырудағы алатын орны ерекше. Бірінші сабақтан бастап олардың тірі табиғатқа, табиғи ортаға қатынасы туралы жүйе лі көзқарастарын қалыптастырудың маңызы зор.
Жалпы тәрбие мәселесі кешенділікті талап етеді. Экологиялық, экономика- лық сауатсыз, еңбекке баулынбаған адам, өнегелі бола алмайды.
«Өсімдіктер», «Бактериялар. Саңырауқұлақтар. Қыналар» тарауларын оқыт- қанда, оқушыларда өсімдік жасушаларының құрылымы мен тіршілігі, жасу- шалар, ұлпалар және мүшелер арасындағы байланысты ұғуға мүмкіндік
туып, тіршілік үрдісінің материалдық негізін айқындауға ықпал етеді.
Оқушыларды өсімдіктердің химиялық құрамымен таныстыру, оларға тірі және өлі табиғаттың материалдық ажырамастығын ұғындырады. Өсім- діктердің ағзаларындағы мүшелер арасындағы байланысты белгілеу өсім - діктік ағзаларының тұтастығын түсінуге негіз болса, өсімдіктердің тіршілік ортасымен байланысын ашу оқушылардың үрдістер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланысына көзін жеткізуіне мүмкіндік береді.
Биологияны оқытқанда VI-VII сынып оқушыларын тәрбиелеу олардың жалпы және психикалық дамуына тәуелді. Мысалы, VI-VII сыныбының био-
логия курсында дүниетанымдық маңызы жоғары теориялар мен қорытулар жеткіліксіз. Оның үстіне оқушылардың география мен физикадан білімдері
шектеулі, химиядан әзір ешбір хабарлары жоқ. Ал оқушыларды өсімдіктер әлемінің материалдық тұтастығын түсінуге жетектеу үшін олардың құры –лымдарының бірдейлігі туралы ғана емес, тіршілік үрдістерінің ұқсастығы
туралы да білулері керек.
Өсімдіктік жасушаның құрылымы мен тіршілік әрекетін, өсімдіктер ағ- заларының жасушалық құрылымын оқушылардың танып-білуі, жасуша, ұл- па және ағзалардың байланыстылығын белгілеу, олардың тіршілік әрекеті үр- дістерінің негізін айқындауға ықпал етеді.
Сабақ мақсатын анықтағанда тек білімдік мәселесімен шектелмей, оның тәрбиелік мүмкіндігі мен оқушыларды дамыту жағы да қарастырылуы қа- жет. Осы мақсатпен оқу материалының маңыздылығы оқушылардың дү -ниетанымын қалыптастыру, оларды тәрбиелеу және дамыту үшін анықталуы қажет.
«Өсімдіктер», «Бактериялар. Саңырауқұлақтар. Қыналар» тарауларында оқушыларда құрылым мен әрекет, тірі табиғаттағы жүріп жатқан үрдістер мен құбылыстардың өзара себептерін түсінуді қалыптастыру үшін бай ақпарат бар. Өсімдік ағзалары тіршілік ортасымен байланыста ғана тіршілік ете алады.
Биологияны оқытуда эволюциялық түсініктерді қалыптастыруға көп кө -ңіл бөлінеді. Тек эволюциялық теория деңдейінде ғана органикалық әлем да-муының жүйеленген ғылыми таным заңдылықтары туралы айтуға болады.
Қазіргі таңда даму идеясының практикалық маңызы тіпті айтқысыз, өйткені
эволюция туралы білімдер адамның биосфераға жөнсіз қол сұғуын алдын –ала болжауының және жол бермеуінің, органикалық әлем дамуын басқаруы -ның бірден бір шарты бола алады.
Өсімдіктердің алуантүрлілігі олардың ұзақ уақыт тарихи дамуының нәти жесі екенін түсіндіреді мұғалім. Әрі қарай оқушылар өсімдіктер зволюциясы- ның дәлелдемесімен, өсімдік әлемінің даму сатыларымен танысады. Өсімдік-тер әлемінің зволюциясы туралы түсініктің дамуына биология пәнінде өсім- діктер жайындағы материалдардың күрделенуі бойынша орналасуы: балдыр- лардан бастап жабық тұқымдылармен аяқталуы. Бактериялар мен саңырауқұ- лақтар туралы материалдар «Өсімдіктер» тарауында қарастырылмайды, өйт –кені заманауи ғылымның деректері бойынша оларды ерекше патшалыққа жатқызады.
Дүниетанымның қалыптасу үдерісін оқушылардың жетекші дүниетанымдық идеясын көңілге тоқуымен ғана шектеп қоюға болмайды. Маңайда болып жатқан барлық құбылыстарға тұрақты жеке дара қатынасы қалыптаспайынша, жағдайды бағалап, пайымдауға қажеттігі болмайынша, білімін пайдаланып және өз көзқарасын дәлелдейтін жағдайға жеткенде ғана, қалыптасқан дүниетаным және соған сәйкес сенім туралы айтуға болады. Оны тексеруге оқушылар үшін арнайы дайындалған сұрақтар мен тапсырмаларды пайдалану қажет. Сонда оқушылар биология пәнінен алған білімдерін ауылшаруашылығы практикасында және табиғатты қорғауда пайдалана алады. Мұндай білімдер өсімдіктердің өсуін қарқындауда, арамшөптермен және аурулармен күресуде, агротехникалық шараларды қолдану арқылы өнімдердің өнімділігін арттыруда пайдалану жолдарын ашу, оқушыларды өсімдіктанудың ғылыми негіздерімен, табиғатты қорғау бойынша адам әрекетімен таныстыру (топырақты өңдеу, суару, тұқым себу, тыңайтқышпен өңдеу, өсімдіктерді күту, өнім жинау) арқылы іске асады.
«Өсімдіктер», «Бактериялар. Саңырауқұлақтар. Қыналар» тарауларында
экологиялық білім мен біліктілікке зор мән берілген. Бұл тарауда табиғи ор- та және оның факторлары, өсімдіктердің, бактериялардың, саңырауқұлақ -тардың, қыналардың, тіршілік жағдайлары туралы, өсімдіктер қауымдастығы
туралы, қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы сұрақтар қарастырыла -ды. Оқушылардың экобиологиялық білімдері мен біліктеріне қойылатын талап мы- налар. VI-VII сыныбының биология пәнінің бағдарламасы оқушылардың өсімдіктер ортасымен байланысын, өсімдіктерді қорғау және оларды тиімді пайдалануды, өсімдіктердің бірігіп тіршілік етуге бейімділігін, жергілікті флора өсімдіктерінің сирек және құрып бара жатқан түрлері туралы білімдерді меңгеруін қарастырады. Сонымен қатар оқушылар табиғатта өсімдіктер әлеміндегі мезгілдік өзгерістерді байқап, байқау нәтижелерін жазып, мектеп пен өзі тұратын жерін көгалдандырып, табиғатта ережелерді сақтай білулері керек. Бактериялар мен саңырауқұлақтарды да экологиялық тұрғыдан қарастыру қажет: бұл ағзалардың құрылысы мен тіршілік ерекшеліктерін ғана біліп қоймай, өсімдіктер өндірген органикалық заттардың ыдырауын, өсімдіктер үшін заттар қорының толықтырылып отыруында олардың табиғаттағы орнын көрсете білу қажет.
Экологиялық тәрбиеде маңызды орын алатыны өсімдіктермен өзінің та- биғи ортасында танысу үшін табиғатқа саяхат жасау. Табиғат аясына шығу оқушылардың әсемдік сезімін оятып, әлемді эстетикалық тұрғыдан қабыл –дауын дамытады. Бұл, әсіресе, көктемдік саяхатта іске жақсы асады. Көктем- де табиғат жаңарып, ағаштардың бүршік атқанын, олардың жыл мезгіліне байланыстылығын, тіршілік жағдайына бейімділігін, желдің және жәндік -тердің әсерінен тозаңдануын, ерте гүлдейтін өсімдіктердің құрылым еркше -ліктерін байқайды. Көктемдік саяхатта оқушылардың табиғатта ережелерді сақтай білу тәртіптерін қалай меңгергендігін байқауға болады. Осы жерде халқымыздың ырым-тиымдарын тағы еске түсіруге болады: «жас бұтақты жұлма», «көкті жұлма», «шөп өсіп тұрған топырақты баспа» деген сияқты. Гүлдеп тұрған ағаштың гүлін жұлса, ол кейін жеміс бермейтінін, ағаштардың қабығын алса, оларға микроб түсіп, кеуіп қалатыны туралы, өсімдіктер ара -сындағы жылдар бойы қалыптасқан байланысты бұзбау керектігі туралы, от- ты кепкен бұтақтардан ғана алып және тек әдейі бөлінген жерге жағуға бо -латыны туралы оқушыларға үнемі айтып отыру қажет.
Саяхат барысында өсімдіктер мен табиғат арасындағы байланысты үнемі қорғау керектігіне оқушылардың көздері жетеді. Олар атмосфераның газдық құрамын қолдаудағы, ауаның ластануын төмендетудегі, өндіріс шикізаты ретінде, дәрі-дәрмек өндірудегі өсімдіктердің маңызын айқындап, өсімдік- терді қорғау, сирек және құрып бара жатқан түрлерді қалпына келтіру керек- тігі туралы тұжырымға келеді. Осындай шаралардан кейін оқушылар таби -ғаттың белсенді қорғаушысы бола алады.
Оқушылардың күшімен мектептерде табиғат мұражайын құру да эколо -гиялық тәрбиенің бір бөлігі болар еді. Қандай жұмыс атқарылса да, табиғат қорғаудың ғалами сипат алғанына, оны шешу үшін халықаралық ынтымақ, халықаралық біріккен күш керек екендігіне оқушыларды жетелеп отыру қажет.
Оқушылардың өсімдіктік ағзалар туралы білімдері олардың құрылымы
мен қызметінің арасындағы арақатынасы, өсімдіктердің ортамен байланысы
негізінде жүйеленеді. Биологиялық білімдерін адам әрекеті барысында өсім-діктерді өсіріп, табиғатты қорғау үшін пайдалануға болатынына көздері жетеді.
Тақырып мазмұны бүтін ағзада барлық мүшелердің әртүрлі деңгейде жасушадан бастап ағзаға дейін байланыстарды ашуға, бүтін ағзаның тіршілік ортасымен арақатынасын белгілеуге мүмкіндік береді. Өсімдіктік ағзаның жасушалық құрылымын, жасушалардың құрылымы мен тіршілік әрекетінің ұқсастығын, ұлпалар мен мүшелердің байланысын, өсімдіктердің қызметі туралы білімдер гүлді өсімдіктердің тұтастығы, туыстастығы туралы қорытынды жасаудың негізі бола алады. Осыдан барып биологиялық құбылыстарының бір-бірімен байланысу арқылы өсімдіктер мен тіршілік ортасының байланыстылығы шығады. Әрбір өсімдік – ол тіршілігі үшін бел- гілі бір жағдайларды: жарықты, жылуды, ауаны, минералдық заттарды қажет ететін бүтін ағза.
Мұндай арақатынасты тек табиғи орта өсімдікке әсер етуден емес, өсімдіктердің өздері де ортаға әсер етуінде байқалады (топырақты бұзылудан қорғайды, оны көңмен байытады, ауаның құрамын өзгертеді және т. с. с). Өсімдіктердің жануарлармен, өсімдік қалдықтарын көңге, онан соң мине- ралдық заттарға айналдырып отыратын топырақтағы микроағзалармен байла- ныстылығына оқушылардың назарын аударып отыру қажет (өсімдіктер – көптеген жануарлар үшін тіршілік ортасы, олармен қоректенгенімен қоса, оларды гүлдену кезінде тозаңдандырады).
Өсімдіктердің ортамен байланыстылығы туралы білімдерінің негізінде көктемдегі гүлдер мен шырын жинау кезіндегі жасалатын зиян негізделіп, өсімдіктер өсіп және дамуына қолайлы жағдай жасау арқылы олардың өнімділігін жоғарылату жолдары көрсетіледі. Жабайы гүлдерді жинағандағы табиғатқа келетін зардап туралы оқушылардың жетесіне жеткізу оларға эко- логиялық тәрбие берудің бірде бір жолы. Гүлдерін жұлып тастаған өсімдік -
тер күзде жеміс пен тұқым бермейді, ол өсімдік жойылып кетуі мүмкін деген
сөз.
Тұрғындар ормандар мен шалғындарға жаппай шыққанда, әсіресе көктем кезінде, жабайы өсімдіктер тапталып, топырақ тығыздалып, өсімдік- тердің өсіп-өнуіне нұқсан келіп, нәтижесінде өсімдіктердің жаңару табиғи ұрдісі бұзылады.
Тақырыпты қарастыру соңында өсімдіктердің жабайы, мәдени, астық тұ- қымдастар, техникалық, талшықтық және дәрілік болып бөлінетініне тоқта- лып, әрқайсысының адам өміріндегі маңызына көңіл бөліп, оларды және жалпы табиғатты қорғау керектігін тағы пысықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |