Биология пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
Тапсырма №1. Бір дұрыс жауабы бар. Дұрыс жауап– 1 балл.
1. Тірі жасушалардан тұратын өсімдік бөлімі:
А) сүрек;Б) камбий; В) склеренхима; Г) тоз.
2. Сабағында ашық өткізгіш шоқтары бар өсімдік:
А) асқабақ;Б) бидай;В) жүгері;Г) меруертгүл.
3. Қалталы саңырауқұлақ:
А) бүріскі ;Б) түбіртек;В) мухомор;Г) қайыңқұлақ.
4. Өсімдік жасушасында көп кездеседі:
А) вакуоль;Б) жасуша қабығы;В) рибосомы;Г) ядро қабықшасы .
5. Мезофиттер:А) тұзды топырақта;Б) ылғал жетіспейтін жерде;В) қалыпты ылғалда; Г) төмен температурада тіршілік ететіндер
6. Құстардың қанатында қанша саусақ бар:А) саусақ болмайды;Б) бір;В) екі;Г) үш.
7. Қазақстан Қызыл кітабына енген:
А) жасыл бақа;Б) шөп бақасы ;В) қызылаяқ бақа; Г) сақиналы құртпошым.
8. Сиырдың қарны неше бөлімді:
А) бір;Б) екі;В) үш;Г) төрт.
Достарыңызбен бөлісу: |