Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы сараптамалық есеп 1-бөлім: Тәлім алушының дамуындағы қажеттіліктерді анықтау



бет1/5
Дата10.10.2020
өлшемі30,86 Kb.
#64086
  1   2   3   4   5

Касимов Казбек Рыскалиевич Мұғалім портфолиосы В2-есебі

№3 топ 2 лек 2-деңгей

Орал қаласы 15.05.2015 ж.


Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы сараптамалық есеп

1-бөлім:Тәлім алушының дамуындағы қажеттіліктерді анықтау

Тәлімгерлік ету,менің ойымша ,тәлімгерге де,тәлім алушыға да өз білімі мен мүмкіндіктерін жетілдіруге зор пайдасы тиетін шексіз мерзімді үдеріс деп түсінемін.Өйткені ,бұл үдеріс тәлім алушыларға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға,ал тәлімгерге өзгені үйрету арқылы өз білімі мен ұстанымын шыңдауға көмектеседі. Осы мақсатты алға тартып,мен оқу ісінің меңгерушісі А. ханыммен ақылдаса келе өзімнің тәлім алушым ретінде тәжірибесі аз,еңбек жолын жаңа бастаған бастауыш сынып мұғалімі М. есімді ұстазды таңдап алдым. М. есімді мұғалімнің біздің ұжымда қызмет еткеніне биыл төртінші жыл. Менің М.есімді мұғалімді таңдаған себебім,біздің бірлестіктегі ең жас маман ,сыныбындағы оқушы саны басқа сыныптарға қарағанда аз болғанымен ,мектеп әкімшілігі тарапынан алынған бақылау қорытындылары нәтижесінде сыныбы өзімен қатар сыныптар арасында деңгейі төмендеу болатын. Ал қатарлас сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің барлығы тәжіриесі мол ұстаздар еді.Сондықтан мен М.есімді ұстазды бірінші бетпе-бет кезінде ойыма алып қойған едім,мектепке келіп онымен сөйлескенімде дұрыс таңдау жасағаныма қатты қуандым.Өйткені,бұл мұғалім біздің ұжымға келгелі нақты бір ұстаздан немесе әкімшілік тарапынан тиісті дәрежеде (оның ойындағыдай) қолдау болмағанын ,сабағына қатысқан мұғалімдер тек кемшіліктерін айтып,ал сол кемшіліктерді болдырмау әдіс-тәсілін жолын көрсете алмағандығын айтты. Сондықтан оның қолдау көрсету өтінішін мен қабылдадым ,ал менің тәлім бол деген өтінішімді ол бір ауыздан қабылдады.Осындай екі жақты келісімге келіп,жұмысымызды бастап жібердік.

Ең алдымен оның сабақ беруін бақылау мақсатында ,өзінің жоспарлап келген сабақтарына қатыстым. Сабақтан кейін онымен талқылау жүргіздік. Нәтижесінде оның сабақтары бірсарынды үй тапсырмасын тек дайын оқушылардан сұрайды, жаңа сабақты тек өзі түсіндіреді,сыныптағы тек белсенді оқушылармен ғана жұмыс істейтіндігін байқадым.Оқушыларды сабаққа қызықтыру үшін қосымша мәліметтерді де аз пайдаланатын сияқты болды.Ал,әңгімелесу барысында оған ІІ деңгей бағдарламасындағы жеті модуль мен ондағы әдіс-тәсілдер туралы мәлімет бергенімде ол мұғалімде қызығушылық пайда бола бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет