«бір күнде бір жақсылық жасайық»



Дата14.10.2019
өлшемі14,29 Kb.
#49877
Байланысты:
БІР КҮНДЕ БІР ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙЫҚ

«БІР КҮНДЕ БІР ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙЫҚ » эссе

«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.» деп Мұхтар Әуезов жазушымыз айтқандай, адам бойындағы жақсы қасиеттер ол – үлкендерге көрсеткен көмегі, кішіге қамқор болуы, ұлы табиғатты аялап, мәпелеуі, яғни ағаштарды сындырмау, жерге, суға қоқыс заттарды тастамау, құстар мен жан – жануарларды қамқор етіп ,туған жерге деген сүйіспеншілігі жақсы адамгершілік қасиеттері арқылы көрінеді. Бір күнде –бір жақсылық қаншама қайырымды істерге жетелері сөзсіз! Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді. Бір күнде бір жақсылық жасалса, адамның адамға деген құрметі артады . Егер біз жақсылық жасауға, көмек қажет ететін адамдарға қол ұшын беру керектігін, жаман қасиеттерден аулақ болу қажеттілігін үйретсек қоғамымыздың ғұмыры ұзақ болатынына сенем .



Қайырымдылық жасасаң артынан екі есе қайырымы болады деген сөздің астарынында да тамаша мән бар. Жақсы адамдардың мол табысқа, әр күні бақытты болуы осы жақсылықтарының да қайырымы бар шығар бәлкім... Біз жақсылық жасап қана қоймай келер ұрпақтың да бойына сіңіріп өсіруіміз керек, себебі біз болашағымызды жарқын деп елестетеміз. Ал ұрпағымыз саналы, қамқор рухани тәрбиеге бай болып өссе міне бұл да келер ұрпаққа жасаған жақсылығымыз. «Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды » деген мақалда дәл айтылғандай, шыныменде адам баласы қайырымдылық жасаса өз ортасында сыйлы, мәртебесі қатыгез адамға қарағанда бір саты жоғары болады.

Тілейік үлкен – кішіге – деп тамаша сөздермен «Жақсылық жасаған бақыт» - деп айналаңа жақсы істер жасап, қуантсаң, көңілін әрдайым қуанышқа толып, бақытты боласың. Бір -бірімізге жақсылық жасап, білім алып, адамгершілік қасиеттерді бойымызға сіңірсек бұл қоғам өлмейді. Жақсылыққа ұмтылу , бір-бірімізге ізгі істер көрсету- әділітті қоғам құрудың басты шарты. Осы мақаланы Вильям Шекспирдің сөзімен аяқтайын “ Адамның бойындағы жақсылыққа баға беру үшін, осы қасиеттің кішкене бөлігі өзінде болуы тиіс”. Жақсылық жасаудан шаршамайық.


.

Худайбедиева Рухшона Акрамқызы 8-сынып

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет