Бір отбасындағы туыстық атаулар • Ата - баланың әкесінің және анасының әкесі.
• Апа - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі. Одан арғылары әже, үлы әже деп аталады.
• Әке - баласы бар ер адам
• Ана - балалы әйел, туған шеше.
• Аға - бірге туған ағайындылардың ер жағынан жасы үлкені.
• Іні - бауырлас ер адамдардың жас жағынан кішісі.
• Бауыр - бірге туған қыздардың үлкендеріне бауырлас ер адамдардың жасы жағынан кішісі.
• Әпке - бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені.
• Сіңілі - бірге туған қыздардың үлкендеріне жас жағынан кішісі.
• Қарындас - бірге туған ағайынды ер адамдардан жасы кіші қыздар.